Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 қаулысы

      Маңғыстау облысының өнеркәсіп кешенінің экономикалық жай-күйін тұрақтандыру, Маңғыстау атом энергия комбинатының тыныс-тіршілігін қолдау және атом қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1094 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес газ берудің және тасымалдаудың бағаларын реттеу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан ауыл шаруашылығы өндірушілеріне сатылатын минералды тыңайтқыштарды арзандату үшін көзделген ақша, оны тек отандық тауар өндірушілерден сатып алғанда ғана бөлінетін болып белгіленсін.
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы заңда белгіленген тәртіппен 1997 жылғы егіннен мемлекеттік қорға астық сатып алу бағдарламасының шеңберінде ауыл шаруашылығы мұқтажы үшін тыңайтқышты орталықтандырып сатып алуды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31 N 485 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ақтау қаласында жаңа су тұшыту батареясының құрылысына күрделі шығындарды республикалық бюджет немесе халықаралық ұйымдар беретін гранттар есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын.
      6. Маңғыстау облысының әкімі:
      мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп екі ай мерзімде техникалық судың ең кемінде 50 мың текше метрге, ауыз судың - 15 мың текше метрге, ыстық судың - 20 мың текше метрге және тазартылған судың - 75 мың текше метрге дейін тәуліктік берілуі көбейтілген 1998 жылы аймақ халқын сумен қамтамасыз ету бағдарламасын ұсынсын, сондай-ақ Волга өзенінен резервтік су жіберу құрылысын салу есебінен аймақты сумен балама түрде қамтамасыз ету жөніндегі жобаны қарасын және ұсынсын.
      1998 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті газ көздерінің есебінен 1999 жылға арналған облыстың газға деген тұтынысын толық қанағаттандыру мақсатында "Газ" аймақтық бағдарламасын қайта қарасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      ЕСКЕРТУ. Қосымшаның ресми аудармасы жоқ, орыс тіліндегі нұсқадан қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады