Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 361 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.06.2019 № 361 қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған үкіметтік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысымен
бекітілген

Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2016 № 668; 29.12.2016 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 31.12.2016 № 922; 13.03.2017 № 113; 22.06.2017 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.08.2017 № 498; 26.08.2017 № 511; 23.10.2017 № 674; 14.06.2018 № 347; 25.08.2018 № 523 қаулыларымен.

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру мерзімі

1

2

3

4

1.

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.06.2018 № 347 қаулысымен.

2.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 – 2019 жылдар

3.

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.

4.

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 13.03.2017 № 113 қаулысымен.

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2017 – 2021 жылдар

7.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2017 – 2021 жылдар

8.

"Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2018 – 2022 жылдар

9.

"Ұлттық экспорттық стратегия" бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2018 – 2022 жылдар

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы тізімі

      1. "Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 19-құжат).

      3. "Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 320 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады