"Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар есебіне өткізу тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтың 4) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) борышкер – мүлкі мемлекеттік органның шешімі бойынша салық берешегін немесе кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне билік етуі шектелген жеке немесе заңды тұлға;";

      "12) мүлік – борышкердің билік етуі шектелген мүлкі, оған мемлекеттік органның қаулысына сәйкес салық берешегінің немесе кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өндіріп алуға жүгінеді;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізуді Компания электрондық аукцион өткізу жолымен жүзеге асырады.";

      16-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың электрондық (сканерленген) көшірмесі;";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің (салық агентінің)

      билік етуі шектелген

      мүлкін салық берешегі есебіне,

      төлеушінің – кедендік төлемдер

      және салықтар бойынша берешектің,

      өсімпұлдардың есебіне өткізу

      қағидасына 2-қосымша";

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаға 4-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің (салық агентінің)

      билік етуі шектелген

      мүлкін салық берешегі есебіне,

      төлеушінің – кедендік төлемдер

      және салықтар бойынша берешектің,

      өсімпұлдардың есебіне өткізу

      қағидасына 4-қосымша";

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1163 қаулысына
1-қосымша
  Салық төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің, өсімпұлдардың
есебіне өткізу қағидасына
1-қосымша

Электрондық аукционға қатысуға арналған
ӨТІНІМ

      1. ___________________________ (заңды тұлға үшін – толық атауы, мекенжайы, банк деректемелері, жеке тұлға үшін – толық Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы) (бұдан әрі – қатысушы):

Р/с

лот №

Электрондық аукцион лотының атауы

Электрондық аукцион өткізілетін күн

Кепілдікті жарнаның аударылғаны туралы төлем құжатының деректемелері







      сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарландырумен таныса отырып, Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасымен (бұдан әрі – Қағида) таныса отырып, _______ жылғы _____ _______ сағат ____ минутта _____ интернет ресурсында Компания өткізетін электрондық аукционға қатысуға осы өтінімді қабылдауды сұрайды.

      2. Электрондық аукционға қатысуға осы өтінімді бере отырып, қатысушы Қағидада қамтылған электрондық аукцион өткізу шарттарымен келіседі.

      3. Қатысушыны электрондық аукцион жеңімпазы деп таныған жағдайда:

      электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға;

      Қағидада белгіленген мерзімде мүлікті сатып алу-сату шартын жасасуға;

      Қағидада белгіленген тәртіппен және мерзімде лоттың сатып алу құнын төлеуге келіседі.

      4. Қатысушы электрондық аукционға шығарылған мүлік мемлекеттік органның билік ету шектелген мүлікке өндіріп алуды айналдыру туралы қаулысының негізінде сатылатындығы туралы хабардар және Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік органның электрондық аукционды кейінге қалдыруымен немесе электрондық аукционнан мүлікті (лотты) не оның бір бөлігін алып тастауымен қатысушыға келтірілуі мүмкін зиян үшін жауап бермейтінімен келіседі.

      5. Кепілдікті жарнаны қайтару үшін қатысушының банк деректемелері:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Қосымшалар:

      1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың көшірмесі немесе қатысушының (жеке тұлғаның) паспортының, жеке куәлігінің электрондық (сканерленген) көшірмесі.

      2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің электрондық (сканерленген) көшірмесі не сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың электрондық (сканерленген) көшірмесі.

      3. Қатысушының кепілдікті жарна сомасын сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген банк деректемелеріне аударғанын растайтын банктің белгісі бар төлем құжатының электрондық (сканерленген) көшірмесі.

      Күні ______________________________

      Қатысушының ЭЦҚ ___________________

  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1163 қаулысына
2-қосымша
  Салық төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің, өсімпұлдардың
есебіне өткізу қағидасына
3-қосымша

Электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттама

      Астана қаласы 20____жылғы ____"__" с "____" _____м.

      Мына: _______ мекенжайы бойынша орналасқан, № ________ лот (мүліктің қысқаша сипаттамасы) ______ ( _____ ) теңге бағамен сатылды.

      Электрондық аукцион жеңімпазы деп ___________________________________________________________ танылды

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлға үшін – толық Т.А.Ә.)

      мекенжайы, ___________________________________________________

      БСН/ЖСН.______________________________________________________

      Жеңімпаз енгізген кепілдікті жарна мөлшері: ________________ (_____) теңге.

      Электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Компанияның банктік шотына лоттың сатып алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот бойынша электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан айырылады.

      Электрондық аукцион жеңімпазы _______ (ЭЦҚ)

      Компания __________________________ (ЭЦҚ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады