"2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1180 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірлері 11, 19, 43 және 98-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

«Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне археологиялық зерттеулер жүргізу

археологиялық зерттеулер

МСМ, БҒМ

2015 жыл бойы

109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 164 315,0

РБ

18.

Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік концерт, салтанатты жиын және «Мәңгілік Ел» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу

мерекелік концерт, салтанатты жиын және конференция

МСМ, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша),Астана қаласының әкімдігі

2015 жылғы қыркүйек

012 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 834 985,1
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 400 000,0

РБ

»;

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

20.

Тараз қаласында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында республикалық ақындар айтысын өткізу

республикалық ақындар айтысы

Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ

2015 жылғы қазан

-

бюджеттен тыс қаражат

»;

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

23.

Тараз қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» монументін орнату және салтанатты ашу

монументті ашу

Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ, ҚХА (келісім бойынша)

2015 жылғы қазан

116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 501 782,0

РБ

»;

      реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

44

Талдықорған қаласында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық терме конкурсын өткізу

республикалық терме конкурсы

МСМ, Алматы облысының әкімдігі

2015 жылғы қазан

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге де тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 478,0

РБ

»;

      реттік нөмірлері 78, 79 және 80-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

78

«Қазақ елі» тарихи-драмалық 10 сериялы телесериал шығару

телесериал

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 475 205,0

РБ

79.

«Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмін шығару

деректі фильм

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 250 000,0

РБ

80.

«Қазақ елі» көпсериялы анимациялық фильмін шығару

анимациялық фильм

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 375 000,0

РБ

»;

      реттік нөмірі 82-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

82.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітап-альбомын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) басып шығару

кітап-альбом

МСМ

2015 жылғы қыркүйек

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бюджеттік бағдарламасы бойынша 43 193,0

РБ

»;

      реттік нөмірлері 92 және 93-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

92.

«Көне Тараз» жобасын іске асыру (тарихи-мәдени этноорталығын, «Көне Тараз» музейін салу және Тараз қаласындағы драма театрының ғимаратын күрделі жөндеу)

жобаны іске асыру

Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ

2015 жыл бойы

116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 144 178,5

РБ

93.

«Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар ескерткіш объектілерін консервациялау және «Көне Тараз» тарихи музейінің экспозициясын құру

консервациялау және экспозиция құру

МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі

2015 жыл бойы

109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 850 323,5

РБ

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады