"Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957
Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
201 жылғы « »   
№ Жарлығына   
ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі

Р/с №

Атауы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

1.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 жылғы 2 наурызға дейін

2015-2019 жылдар

2015 жылғы 12 наурызға дейін

2.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2014 жылғы 1 маусымға дейін

2015-2019 жылдар

2014 жылғы 1 шілдеге дейін

3.

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

2013-2019 жылдар

2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін

4.

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 тамызға дейін

2013-2017 жылдар

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

5.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2015 жылғы 15 қарашаға дейін

2016-2019 жылдар

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін

6.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2016 жылғы 10 ақпанға дейін

2016-2019 жылдар

2016 жылғы 1 наурызға дейін

7.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2010 жылғы 1 қазанға дейін

2011 - 2019 жылдар

2010 жылғы 1 қарашаға дейін

8.

Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2013 жылғы 30 қазанға дейін

2014-2019 жылдар

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады