Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 100-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Президенті
Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
енгізілсін;
мына:
«Донақов - Қазақстан Республикасының Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары»
«Назарбаева - Қазақстан Республикасының Парламенті
Дариға Нұрсұлтанқызы Мәжілісі Төрағасының орынбасары»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Донақов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Талғат Советбекұлы қызмет істері министрі»
«Назарбаева - Қазақстан Республикасы Премьер-
Дариға Нұрсұлтанқызы Министрінің орынбасары»;
көрсетілген комиссияның құрамынан Е.Т. Орынбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев