"Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 156 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.03.2017 № 113 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


"Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 189-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасында:

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:

      "Міндеттері" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жерүсті суларының көлемін қамтамасыз ету;

      2) жерасты су қорларын қамтамасыз ету;

      3) гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және судың зиянды әсерін төмендету;

      4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын су ресурстарымен қамтамасыз ету;

      5) қоршаған ортаны сумен қамтамасыз ету;

      6) суармалы егіншілікте су тұтынудың тиімділігін арттыру;

      7) өнеркәсіпте су тұтынудың тиімділігін арттыру;

      8) су ресурстары басқару жүйесін жетілдіру.";

      "Нысаналы индикаторлар" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сұранысқа ие суармалы жерлердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру;

      2) 1 га су шығыны (2012 жылғы 9180 м3-ден 2020 жылға қарай 8700 м3-ге дейін төмендету);

      3) өнеркәсіптегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:

      қайталама – 2012 жылғы 0,69 км3-ден 2020 жылға қарай 0,77 км3-ге дейін;

      айналымды – 2012 жылғы 7,3 км3-ден 2020 жылға қарай 7,62 км3-ге дейін;

      4) су ресурстарының көлемін ұлғайту:

      жинақталатын жерүсті су ресурстарын 2020 жылға қарай 1,3 км3-ге ұлғайту;

      бекітілген жерасты су ресурстарының қорын 2020 жылға қарай 0,16 км3-ге ұлғайту;

      5) 2020 жылға қарай орталықтандырылған жүйелерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету:

      сумен жабдықтау: қалаларда 97 %-дан төмен емес, ауылдық елді мекендерде 62 %-дан төмен емес;

      су бұру: қалаларда 97 %-дан төмен емес, ауылдық елді мекендерде 13 %-дан төмен емес;

      6) табиғат объектілерінің суға жыл сайынғы қажеттілігін қанағаттандыру:

      Балқаш көлінің деңгейі биіктіктердің Балтық жүйесінің (бұдан әрі – БЖ) 341 м кем емес;

      Кіші Аралдың деңгейін жыл сайын БЖ 42 м белгісіне дейін ұстап тұру;

      Ертіс өзені жайылмасының жыл сайынғы жайылуы (сулылығы орташа болған жылы) 280 мың га кем емес.";

      "Қаржыландыру көздері мен көлемдері" деген кіші бөлімде:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде қаржыландыруды бағалау көлемі 468,6 млрд. теңгені құрайды, оның 445,0 млрд. теңгесі – республикалық және жергілікті бюджеттерден, ал 23,6 млрд. теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен көзделген. Республикалық және жергілікті бюджеттерден көзделген қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.";

      "2. Кіріспе" деген бөлімде:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламада су шаруашылығы инфрақұрылымын, тұрақты және жайылма суарылатын жерлердің ирригациялық және дренаждық жүйелерін жаңғырту және дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту есебінен 2020 жылға қарай су ресурстарының күтілетін тапшылығын қысқарту, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі шаралар көзделген.";

      "3. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "1. Су саласындағы негізгі проблемаларды талдау" деген кіші бөлімде:

      екінші бөлікте:

      3) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) соңғы жылдары тасқын, топан су, су объектілері жағалауларының өзгеруі, аумақты жерасты суларының алып кетуі, жерлердің батпақтануы мен сортаңдануы, су эрозиясы, су аздығы салдарынан судың зиянды әсер етуінен материалдық шығынның өсу үрдісі;";

      "2. Су ресурстарының ағымдағы жағдайын бағалау" деген кіші бөлімде:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл, негізінен, трансшекаралық өзендерден су ағынының жылына

      44,7 км3-ден 32,6 км3-ге дейін азаюынан болып отыр. Мұндай болжам үшін көршілес елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуының өсуіне байланысты соңғы жылдары олардың су алуды ұлғайтуы негіз болып табылады. Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) аумағынан бастау алатын Ертіс пен Іле өзендерінде су ағынының азаю қаупі мейлінше жоғары, олардың ағыны төмендеуінің әлеуетті көлемі жылына 7,7 км3-ді құрайды және Орталық Азия мемлекеттері аумағынан бастау алатын Сырдария өзенінде жылына 1,8 км3-ге төмендеу көлемі күтіледі.";

      "3. Су ресурстарын пайдалануды талдау" деген кіші бөлімде:

      "Ауыл шаруашылығында":

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығының қажеттілігіне су тарту жылына 13,4 км3-ді құрайды, оның 12,6 км3 жылына 1,4 млн. га алқаптағы тұрақты суару қажеттілігіне пайдаланылады, ал қалған 0,8 км3 жылына жайылма суару, шабындықтарға су жайылту және жайылымдарды суландыру арасында бөлінеді.";

      "Өнеркәсіпте":

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнеркәсіптің қажеттілігіне су тарту көлемі жылына 3,8 км3 құрайды, оның жылына 3,2 км3 пайдалануды және жылына 0,6 км3 қайтарымсыз су тұтынуды құрайды.";

      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асырудың нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асырудың нәтижелер көрсеткіштері

      Бағдарламаның мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Бұл мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:

Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Сұранысқа ие суармалы жерлердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру

мың га

АШМ, ЖАО


60

100

160

280

АШМ ведомстволық деректері және ҰЭМ СК статистикалық деректері

2

1 га су шығыны (2012 жылғы 9180 м3-ден 2020 жылға қарай 8700 м3-ге дейін төмендету)

км3

АШМ, ЖАО

9180

9130

9030

8880

8700

АШМ ведомстволық деректері және ҰЭМ СК статистикалық деректері

3

Өнеркәсіптегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:


ИДМ, ЖАО






ИДМ ведомстволық деректері және ҰЭМ СК статистикалық деректері

қайталама 2012 жылғы 0,69 км3-ден 2020 жылға қарай 0,77 км3-ге дейін

км3

0,69

0,71

0,73

0,75

0,77

айналымды 2012 жылғы 7,3 км3-ден 2020 жылға қарай 7,62 км3-ге дейін

км3

7,3

7,38

7,46

7,54

7,62

4

Су ресурстарының көлемін ұлғайту:









жинақталатын жерүсті су ресурстарын 2020 жылға қарай 1,3 км3-ге ұлғайту

км3

АШМ, ЖАО




0,5

0,8

АШМ ведомстволық деректері және ҰЭМ СК статистикалық деректері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

бекітілген жерасты су ресурстарының қорын 2020 жылға қарай 0,16 км3-ге ұлғайту

км3

ИДМ


0,04

0,04

0,04

0,04

ИДМ ведомстволық деректері және Мемлекеттік су кадастры

5

2020 жылға қарай орталықтандырыл-ған жүйелерге тұрақты қолжетім-ділікті қамтамасыз ету:


ҰЭМ, АШМ, ЖАО






ҰЭМ ведомстволық деректері және ҰЭМ СК статистикалық деректері

сумен жабдықтау:






қалаларда 97 %-дан төмен емес

%

87

88

90

93

97

ауылдық елді мекендерде 62 %-дан төмен емес

%

51,5

52,3

55

58

62

су бұру:






қалаларда 97 %-дан төмен емес

%

82

84

88

93

97

ауылдық елді мекендерде 13 %-дан төмен емес

%


11

11,2

11,5

12

13


6

Табиғат объектілерінің суға жыл сайынғы қажеттілігін қанағаттандыру:


АШМ, ЭМ, ЖАО






АШМ ведомстволық деректері және ЭМ гидрометеорологиялық деректері

Балқаш көлінің деңгейі БЖ 341 м кем емес

БЖ м

341

341

341

341

341

Кіші Аралдың деңгейін жыл сайын БЖ 42 м белгісіне дейін ұстап тұру

БЖ м

42

42

42

42

42

Ертіс өзені жайылмасының жыл сайынғы жайылуы (сулылығы орташа болған жылы) 280 мың га кем емес

мың га

280

280

280

280

280


      Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

      1. Жерүсті суларының көлемін қамтамасыз ету.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Салынған жаңа су қоймаларының саны

объект

АШМ, ЖАО



2

2

17

АШМ ведомстволық деректері

2

Трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен өткізілген үкіметаралық комиссиялар отырыстарының саны (су ресурстарын басқару мәселелері бойынша)

отырыс

АШМ

14

14

14

14

14

АШМ ведомстволық деректері

3

Трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен өткізілген үкіметаралық комиссиялар отырыстарының саны (қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша – су сапасы бойынша)

отырыс

ЭМ

5

4

4

4

4

ЭМ ведомстволық деректері

4

Құпия










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

5

Өзендер бассейндерінің су жинау алаңдарының ормандануын жоғарылату:

га

Қызыл орда облысы ның және ШҚО әкімдіктері, АШМ





4

Қызылорда облысының және ШҚО әкімдіктерінің ведомстволық деректері


Ертіс

га




1


Сырдария

га




3


      2. Жерасты су қорларын қамтамасыз ету

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с№

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Бекітілген жерасты сулары қорларының көлемі (2020 жылға қарай 15,36-дан 15,52 км3 дейін ұлғайту)

км3

ИДМ

15,36

15,40

15,44

15,48

15,52

ИДМ ведомстволық деректері және Мемлекеттік су кадастры


      3. Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және сулардың зиянды әсерін төмендету.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Авариялық гидротехникалық құрылыстардың саны (45-тен 0 бірлікке дейін төмендету):

объект

АШМ, ЖАО

45

41

21

8

0

АШМ ведомстволық деректері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


- республикалық меншіктегіні 34-тен 0 бірлікке дейін

объект


34

31

16

6

0


- коммуналдық меншіктегіні 11-ден 0 бірлікке дейін

объект

11

10

5

2

0

2

Қаржыландырудың қажетті деңгейімен қамтамасыз етілген, су берумен байланысты емес республикалық меншіктегі объектілердің саны

объект

АШМ

190

200

200

200

200

АШМ ведомстволық деректері

3

Жергілікті құлақтандыру жүйелерімен қамтамасыз етілген су қоймаларының саны:

объект

АШМ, ЖАО


32

45

33

34

АШМ ведомстволық деректері


- республикалық меншікте – 74 бірлік

объект

26

29

12

7


- коммуналдық меншікте – 70 бірлік

объект

6

16

21

27


      4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын су ресурстарымен қамтамасыз ету.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жаңғыртылған/салынған желілердің ұзындығы:


ҰЭМ, ЖАО






ҰЭМ ведомстволық деректері

сумен жабдықтау

км

2544

322,5

1011

661,3

1856,5

су бұру

км

125,5

143,1

184,1

208,5

1858,1

2

Сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық желілерінде авариялылықты төмендету, 1 км желілердегі авариялардың саны, оның ішінде:


ҰЭМ, ЖАО






ҰЭМ ведомстволық деректері

сумен жабдықтау

коэф.

0,4

0,38

0,35

0,33

0,3

су бұру

коэф.

0,2

0,19

0,16

0,13

0,1

3

Коммуналдық шаруашылықта түпкілікті тұтыну-шыларды су есептегіш құралдармен
76,1 % -дан 2020 жылға қарай 91 % -ға дейін қамту

%

ҰЭМ, ЖАО

76,1

78,7

82,9

86,9

91,0

ҰЭМ ведомстволық деректері


      5. Қоршаған ортаны сумен қамтамасыз ету.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің жыл сайынғы көлемі (1,34 км3)

км3

АШМ

1,34

1,34

1,34

1,34

1,34

АШМ ведомстволық деректері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

Салынған гидрологиялық бекеттердің саны және олардың санын 2020 жылға қарай 332 бірлікке дейін жеткізу

дана

ЭМ

2




25

ЭМ ведомстволық деректері

3

Тазартылған және санациядан өткен көлдердің саны

бірлік

ЭМ



1

1

1

ЭМ ведомстволық деректері

4

Арнаны реттеу және тасқынға қарсы (құрылыс) жұмыстар жүргізілген арнаның ұзындығы (34 км)

км

АШМ



5

9

20

АШМ ведомстволық деректері

5

2020 жылға қарай 311,5 мың м3 көлемінде Жайық-Каспий бассейні каналдары мен тармақтарын тұнбадан тазалау

мың м3

АШМ





311,5

АШМ ведомстволық деректері

6

Павлодар облысы шегінде Ертіс өзені жайылмасының бүкіл ұзындығы бойындағы негізгі арнаның жекелеген орындарындағы су ағыстарын, ескі арналар кіреберісі
нің шайылған жерле
рін, тармақтарын тазарту көлемі

мың м3

Павлодар облысының әкімдігі, АШМ


163,9

1170,8

876,7

470,8

Павлодар облысы әкімдігінің ведомстволық деректері


      6. Суармалы егіншілікте су тұтынудың тиімділігін арттыру.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Суару жүйелері қалпына келтірілген сұранысқа ие суармалы жерлердің алаңы:


АШМ, ЖАО






АШМ ведомстволық деректері


600 мың га-дағы каналдар, гидротех-никалық құрылыстар:

мың га


60

100

160

280


тұрақты суару

мың га


40

60

100

180


жайылма суару

мың га


20

40

60

100

2

Қалпына келтірілген дренаждық жүйелердің саны:


АШМ, ЖАО






АШМ ведомстволық деректері


тік – 480 дана

дана


10

20

150

300


көлденең – 6500 км

км


200

300

2000

4000

3

Ағызып суарылатын жерлердің алаңын 2030 жылға қарай
80 %-дан 5 %-ға дейін қысқарту

мың га

ЖАО, АШМ


1095

1094

1091

1089

ЖАО ведомстволық деректері


%


79,9

77,6

74,2

68,9

4

1 га суаруға арналған су шығынын 2020 жылға қарай 0-ден 480 м3-ге дейін төмендетудің нақты көлемі

м3

АШМ, ЖАО


50

100

150

180

АШМ ведомстволық деректері

5

Орнатылған су есептегіш аспаптардың саны

мың дана

ЖАО


0,2

0,3

2

4

ЖАО ведомстволық деректері

6

Салынған тіреу-бөгеу құрылыстарының саны

объект

АШМ, ЖАО


1

2



АШМ ведомстволық деректері

      7. Өнеркәсіпте су тұтынудың тиімділігін арттыру.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне өткен кәсіпорындар саны:


ИДМ, ЖАО






ИДМ ведомстволық деректері

қайталама сумен жабдықтау 2012 жылғы 45 бірліктен 2020 жылға қарай 48 бірлікке дейін

бірлік


1

1

1

айналымды сумен жабдықтау 2012 жылғы 137 бірліктен 2020 жылға қарай 140 бірлікке дейін 

бірлік




1

1

1



      8. Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру.

      Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің мынадай көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Орындауға жауаптылар

2015

2016

2017

2018

2019

Ақпарат көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Су ресурстарын басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін енгізу

объект

АШМ





1

АШМ ведомстволық деректері

2

Жүргізілген тақырыптық зерттеулер саны

саны

АШМ

1

1

3

4

14

АШМ ведомстволық деректері

3

Нақтыланған және су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың жаңартылған бассейндік схемаларының саны

дана

АШМ

4

1

1

1

1

АШМ ведомстволық деректері


       ";

      "5. Негізгі бағыттары, алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "1. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі бағыттары мен жолдары" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осыған байланысты, табиғат объектілерінің жыл сайынғы суға қажеттілігін қанағаттандыру, халықты сумен жабдықтаудың және су бұрудың орталықтандырылған жүйелерімен қамтамасыз ету, тұрақты және жайылма суарылатын сұранысқа ие жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін ирригациялық және дренаждық желілерді қалпына келтіру, суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту, судың халыққа, қоршаған ортаға және экономикаға зиянды әсер етуінен болатын залалды азайту, сондай-ақ судың азаюымен күрес Бағдарламаның басымдықтары болып табылады.";

      екінші бөлікте:

      1), 2), 3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 3,7 км3 – суармалы егіншіліктегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау және жаңғырту, Сырдария және Іле өзендерінде тіреу-бөгеу құрылыстарын салу есебінен;

      2) 0,4 км3 – суарудың суды үнемдеу әдістерін енгізу есебінен;

      3) 5,2 км3 – қолданыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын қолдау мен жаңғырту және жаңасын дамыту жөніндегі шаралар есебінен, оның ішінде 1,3 км3 перспективалы 21 шағын су қоймасын салу есебінен және қажет болғанда Қазақстан аумағы арқылы бассейнаралық су ауыстыру жөніндегі мега-жобаларды іске асыру есебінен;";

      "5) 0,1 км3 – коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту есебінен.";

      үшінші бөлікте:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) су көзінен жерді пайдаланушылардың шекарасына дейін тұрақты суарылатын жерлер үшін ирригациялық және дренаждық жүйелер бір меншік иесінде болуға тиіс, бұл ретте меншік иесі мемлекеттік те, жеке ие де болуы мүмкін;";

      1) тармақша 1-1) тармақша болып саналсын;

      "2. Бағдарлама мақсатына қол жеткізу жөніндегі шаралар" деген кіші бөлімде:

      "Су тұтыну тиімділігін көтеруде":

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су тұтынудың тиімділігін арттыру үшін төмендегідей шаралар тобын іске асыру қажет:";

      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "суды есепке алуды автоматтандыруды және оның сапасын бақылауды қоса алғанда, су ресурстарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;";

      2-тармақта:

      үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ирригациялық және дренаждық инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйіне, суарудың пайдаланылып отырған әдістері мен ауыл шаруашылығын жүргізу практикасына зерттеу жүргізу;

      суару үшін коллекторлық-дренаждық суды пайдалану;

      су өлшеу аспаптарын орнату және су бөлуді автоматтандыру;

      ысырапты төмендету, оның ішінде каналдарды қаптаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану арқылы төмендету мақсатында тұрақты және жайылма суарылатын жерлер жүйелерінің инфрақұрылымын қалпына келтіру және реконструкциялау;

      коллекторлық-дренаждық жүйелердің пайдаланылу сапасы мен тиімділігін арттыру;";

      тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      "Ұлттық деңгейде және өңірлік деңгейде де су ресурстары тапшылығын қысқартуда":

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаралардың бұл тобын іске асыруды қолжетімді ресурстар көлемін болжау, трансшекаралық су ағынын қамтамасыз ету үшін халықаралық жұмыс, жерасты суларының әлеуетін зерттеу жөніндегі іс-шаралардан бастау қажет. Бұл шараларға гидрологиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-экологиялық ізденістер, ғылыми-зерттеу жұмыстары, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және реконструкциялау, су объектілерін қалпына келтіру жөніндегі, сондай-ақ өзендер бассейндеріндегі су жинау алаңдарының ормандылығын ұлғайтуды қоса алғанда, табиғатты қорғау жөніндегі гидротехникалық іс-шаралар жатады.";

      "Су ресурстары басқару жүйесін жетілдіруде":

      2-тармақтың алтыншы бөлігі алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші, бесінші және жетінші абзацтары алып тасталсын;

      "6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаны іске асыру кезінде бірінші кезекте неғұрлым тиімді бастамаларды жүзеге асыру болжанады, олар:

      1) халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету;

      2) табиғат объектілерінің суға жыл сайынғы қажеттілігін қанағаттандыру;

      3) сұранысқа ие тұрақты және жайылма суарылатын жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру;

      4) судың халыққа, қоршаған орта мен экономикаға зиянды әсерінен болатын залалды төмендету, сондай-ақ судың азаюымен күрес.";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Су ресурстарының тапшылығы мәселесін шешу:

      1) 2020 жылға қарай 5,0 км3 көлемінде, оның ішінде 3,7 км3 – суармалы егіншіліктегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау және жаңғырту, Сырдария және Іле өзендерінде тіреу-бөгеу құрылыстарын салу есебінен, 1,3 км3 – перспективалы 21шағын су қоймаларын салу есебінен;

      2) кейінгі жылдары 6,0 км3 көлемінде, оның ішінде 3,0 км3 – суарудың суды үнемдеу әдістерін енгізу және өсірілетін дақылдардың құрамы мен оларды аудандастыруды қайта қарау, ирригациялық және дренаждық жүйелерді одан әрі жетілдіру есебінен, қажет болған жағдайда су ресурстарын Қазақстан аумағы арқылы бассейнаралық ауыстыру жөніндегі мега-жобаларды іске асыру есебінен. Бұл ретте суармалы жерлердің алаңын 2040 жылға қарай 3,5 млн. га дейін жеткізу мүмкіндігі туындайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады