Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 173 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.
      2) «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларында:
      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған болса, өздері тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының қырық төртінші, қырық бесінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші және тоқсан алтыншы абзацтары 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
1-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
2-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
3-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
4-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады