"2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 195 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағына орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының
аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол
учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша
тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу
тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының
аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол
учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша
тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу
тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      2009 жылғы 21 мамырдағы Хаттамамен өзгерген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
      2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімнің 24- бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 12 және 14-баптары алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2012 жылы 19 қыркүйекте Павлодар қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                    Үкімет үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады