2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 230 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 716 қаулысымен.

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 230 қаулысымен
мақұлданған

      Жоба

2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi

      екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық және екіжақты өткізу пункттерін келісу мақсатында

      2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2006 жылғы 4 қыркүйекте жасалған, Келісімге Хаттаманың қосымшасы болып табылатын Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері тізбесінің "Темір жол өткізу пункттері" деген бөлімінің 1-тармағындағы Қазақстан Республикасының "Бейнеу" өткізу пунктінің атауы "Оазис" деп ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.

      201__ жылғы "___" ___________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының

Өзбекстан Республикасының

Yкiметi үшiн

Yкiметi үшiн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады