Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

       1) "2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгерiс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 230 қаулысы;

       2) "2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 230 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 716 қаулысы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 30 қаңтардағы
  № 27 қаулысымен
  мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi

      екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық және екі жақты өткізу пункттерін келісу мақсатында,

      2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері туралы Келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған Хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Темір жол өткізу пункттері" деген бөлімнің 1-тармағындағы Қазақстан Республикасының "Бейнеу" өткізу пунктінің атауы "Оазис" деп ауыстырылсын.

      2. "Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімде:

      1) 6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Қапланбек

Оңтүстік Қазақстан облысы

Зангиота 

Ташкент облысы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

7

Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ташкент

Ташкент облысы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

9

Атамекен

Оңтүстік Қазақстан облысы

Гулистан

Сырдария облысы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

      ";

      2) мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:

      "

13
 

Целинный*

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ок олтин*

Сырдария облысы

Екі жақты
(мемлекетаралық)

Тәуліктің жарық уақытында

14

Сырдария*

Оңтүстік Қазақстан облысы

Малик*

Сырдария облысы

Екі жақты
(мемлекетаралық)

Тәуліктің жарық уақытында

      * Өткізу пункті жеңіл автокөліктің өтуі үшін ғана пайдаланылады, жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізу жүргізілмейді. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау жүзеге асырылмайды.".

2-бап

      Өзбекстан Республикасы азаматының паспорттары иелерін, дипломатиялық паспорттар иелерін, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, ресми делегациялар мүшелерін, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін, 16 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Өзбекстан Республикасының барлық азаматтарына "Сырдария" өткізу пунктінен "Целинный" өткізу пунктіне дейін және "Целинный" өткізу пунктінен "Сырдария" өткізу пунктіне дейін аялдамасыз транзитпен жүру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көші-қон карточкаларын береді, онда сапар мақсаты "транзит" деп көрсетіледі және Қазақстан Республикасына келгені туралы белгі қойылады. Бұл ретте Өзбекстан Республикасы азаматтарының паспорттарына шекараны кесіп өткені туралы белгі қойылмайды.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісім қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.

      201__ жылғы "____" ___________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      

      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
      Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады