Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2024 № 94 қаулысымен.
2013 жылғы 2 тамызда Халықаралық Аралды құтқару қоры Президентінің шешімімен бекітілген Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті туралы ереженің 29-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
1) Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалының (бұдан әрі – Атқарушы комитеттің филиалы) директоры лауазымына тағайындау үшін Болат Қабыкенұлы Бекнияздың кандидатурасы;
2) Атқарушы комитет филиалының директоры лауазымынан Медет Оспанұлы Оспановты босату туралы ұсыныс берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |