Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 94 қаулысы

      2024 жылғы 10 қаңтардағы Халықаралық Аралды құтқару қоры президентінің шешімімен бекітілген Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті туралы ереженің 29-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:

      1) Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры лауазымына тағайындау үшін Серікәлі Мұхаметкәрімұлы Мұқатаевтың кандидатурасы;

      2) Атқарушы комитет филиалының директоры лауазымынан Болат Қабыкенұлы Бекниязды босату туралы ұсыныс берілсін.

      2. "Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 269 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады