"Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жас маман – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған азамат;";

      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылда, кентте, ауылдық округте (бұдан әрі – ауылдық жер) орналасқан тиісті мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде немесе мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтейді.";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЖОО-лар жыл сайын түлектердің санын, тұрғылықты жерлерін, алған мамандықтары мен оқу тілін көрсете отырып:

      ауыл жастары қатарындағы азаматтарға ұсынылатын квота шегінде;

      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен ағымдағы жылдың түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ЖОО-лардың ұсынған өтінімдеріне сәйкес ЖОО-ларға:

      ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

      мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медициналық ұйымдарда;

      меншік нысанына қарамастан ұйымдарда кадрларға қажеттілік туралы тоқсан сайын ақпарат береді;

      3) ЖОО-лар облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында олардың бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды;

      4) ЖОО-ларда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссия құрылады.

      9. Жас мамандарды бөлу жас маманның алдағы уақытта жұмысқа орналасатындығы және ол жұмыс орнына келгенге дейін бос орынның сақталатындығы туралы жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.

      10. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 қыркүйектен кешіктірмей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.";

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан адамдарға;";

      16-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Жас мамандарды және философия докторларын (Phd) бөлген сәтке бос жұмыс орындары жоқ болған жағдайда, жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жері бойынша жұмыссыз ретінде есепке қоюға жатады.";

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бірнеше жас маманды және философия докторларын (РhD) бір бос жұмыс орнына жіберуді болдырмау мақсатында Бөлу жөніндегі комиссиялар құрылған тиісті ЖОО-лардың жұмысқа жіберілген жас мамандардың және философия докторларының (РhD) алдын ала тізімдерін жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберуі арқылы оларды алдын ала бөлу жүзеге асырылады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда жас мамандарды және философия докторларын (РhD) бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісуден кейін жүргізіледі, бұл ретте оқу үлгерімінің орташа балы және ЖОО-лардың орналасқан жерінің болжамды бөлу орнына жақындығы назарға алынады.

      21. Жас мамандарды және/немесе философия докторларын (РhD) дербес бөлу тиісті Бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ресімделеді, соның негізінде ЖОО-лар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамаларды дайындайды. Бұл ретте, мамандарды және философия докторларын (РhD) олардың жұмысқа бөлінуі туралы хабардар етуді жұмысқа жолдамалар беру арқылы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ЖОО-лар жүзеге асырады.

      22. Заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңмен көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас маман және философия докторы (РhD) оны оқытумен байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агенті арқылы бюджетке өтейді.

      27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайда адамдар;".

      2. Осы қаулы, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады