"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 349 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
      2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2016 жылғы      
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақта:
      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2) жұмыс істеп жүрген судьялардың, өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;»;
      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау және келісу;»;
      4-тармақта:
      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2) жұмыс істеп жүрген судьялардың, өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;
      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуын келісу;».
      2. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыс істеп жүрген судьялар, өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.».
      3. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76,
553-құжат):
      1-тармақта:
      6-тармақшадағы «орналасу қағидалары бекітілсін.» деген сөздер «орналасу қағидалары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары;»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау қағидалары бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
      «31. Тестілеу рәсімдерін және «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан сатып алынады.»;
      жоғарыда аталған Жарлық осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларымен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлық осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау қағидаларымен толықтырылсын.
      4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 553-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Ұлттық баяндаманы:
      1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралады;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.».

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2016 жылғы    
№ Жарлығына   
1-ҚОСЫМША    

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге
құқық беретін жұмыс өтілін есептеу
қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 ҚБПҮ Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін коэффициенттерге сәйкес лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін өтілге мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт енгізіледі.
      3. Лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу үшін сондай-ақ:
      1) Қазақстан Республикасының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;
      2) құқық қорғау органдарында, оның ішінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, қаржы полициясында (салық полициясында (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызметте, қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінде лауазымға тағайындалған күннен бастап (оның ішінде стажерлер лауазымында) қызмет өткерген, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;
      3) арнаулы мемлекеттік органдарда, оның ішінде арнаулы әскери оқу орындарында оқу кезеңі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметі өтілі еңбек сіңірген жылдарына есептелген;
      4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның судья лауазымында және сот аппараттарында (кеңселерінде) жауапты лауазымдарда жұмыс істеген;
      5) мемлекеттік қызметте тұрған адамдардың бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын әлеуметтік демалыстың басқа да түрлерінің уақыты;
      6) бұрынғы КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде жұмыс істеген;
      7) егер шетелге жіберердің алдында қызметші мемлекеттік қызметте болса және шетелден қайтып келген күннен бастап екі ай ішінде, көшіп келу уақытын есептемегенде, мемлекеттік қызметке кірсе, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдауы бойынша шетелде жұмыс істеген;
      8) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және басқа да жауапты лауазымдарда жұмыс істеген;
      9) соңғы мемлекеттік ұйымда басшы лауазымдарында немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген;
      10) егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген;
      11) егер қызметші тікелей тағайындауға дейін мемлекеттік қызметте болса, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдауы бойынша халықаралық ұйымдарда немесе басқа мемлекеттерде жұмыс істеген;
      12) Еуразиялық экономикалық комиссияда және Еуразиялық экономикалық одақтың сотында жұмыс істеген;
      13) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқыған, сондай-ақ қызметші оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және бітірген соң мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдауы бойынша шетелде оқыған;
      14) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асырған;
      15) мемлекеттік органның құрылуы кезеңінде, сондай-ақ арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымда көзделген мiндеттердi уақытша атқарған адамдардың жұмыс істеген уақыты;
      16) мемлекеттік қызметшілерді заңсыз қызметтен шығару кезінен бастап олар мемлекеттік қызметке қайта орналастырылғанға дейінгі кезең;
      17) мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кіру кезіндегі сынақ мерзімінен өту кезеңі кіреді.
      4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыты кіреді.
      5. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымдарға тағайындауға және лауазымдардан босатуға құқығы бар тұлға бекітеді.
      Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу мәселесін қарау үшін:
      1) мемлекеттік қызметшінің өтініші;
      2) алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдағы мемлекеттік лауазымға тағайындау негіздер болып табылады.
      Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, көшірмесі бухгалтерияға беріледі.
      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша үш жұмыс күні ішінде оған комиссия шешімінен үзінді береді және оны растайды.
      6. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызметтік тізім негізгі құжаттар болып табылады.
      Еңбек кітапшасы, қызметтік тізім болмаған кезде, сондай-ақ қажетті жазба болмаған не жұмыс кезеңдері туралы қате немесе дәл емес жазбалар болған жағдайда еңбек өтілін растауға еңбек шарты, жұмыс берушінің актілерінен үзінділер, қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінділер, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған жұмыс орнынан анықтама немесе архивтік анықтама қабылданады. Мемлекеттік қызмет өтілін куәлардың айғақтарымен растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Күнтізбелік бір ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқығы пайда болған қызметшілерге лауазымдық айлықақыны өтілін есепке алумен есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап жүзеге асырылады.
      8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға сәйкес лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеумен есепке алынады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2016 жылғы    
№ Жарлығына   
2-ҚОСЫМША    

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
      2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау
қағидалары 1. Жалпы ережелер
 

      1. Осы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшісі) мансаптық жоспарлау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мансаптық жоспарлау – «А» корпусы қызметшісінің лауазымдық орын ауыстыру және кәсіптік даму кезеңдерін айқындауға бағытталған процесс;
      2) мансаптық жоспар – «А» корпусы қызметшісінің кәсіптік даму және лауазымдық орын ауыстыру жолдары көрсетілген, қызметшінің әлеуетті мүмкіндіктерінің, қабілеттері мен мақсаттарының арақатынасы белгіленген жеке жоспар;
      3) кәсіптік мүдделер – «А» корпусы қызметшісінің мансаптық жоғарылауға бағытталған кәсіптік қызметінің мақсаттары, сондай-ақ қажетті құзыреттерді игеру және дамыту.
      3. Мансаптық жоспарды мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «А» корпусының қызметшісімен бірге тікелей басшысымен келісу бойынша осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша әзірлейді.
      4. Мансаптық жоспарды «А» корпусының қызметшісін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы берілген тұлға не ол уәкілеттік берген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) бекітеді.
      5. «А» корпусы қызметшісінің мансаптық жоспарына тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мансаптық жоспарлау тәртібі
 

      6. «А» корпусы қызметшісінің мансаптық жоспарлауы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) кәсіптік мүдделерді айқындау;
      2) қызметті бағалау;
      3) кәсіптік білімдерді және дағдыларды дамыту;
      4) лауазымдық орын ауыстыру (ротация).
      7. «А» корпусының қызметшісі персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) бірге өзінің кәсіптік мүдделерін (мансаптық саты бойынша өсу және/немесе белгілі бір білімдерді, біліктерді, дағдыларды игеру) және оларды іске асыру бойынша қажетті шараларды (лауазымдық орын ауыстыру, оқу, өз бетімен оқу, тағылымдама) айқындайды.
      8. «А» корпусы қызметшісінің әлеуетті мүмкіндіктерінің, қабілеттері мен мақсаттарының арақатынасын белгілеу мақсатында персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «А» корпусы қызметшісінің мүдделі лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін айқындайды, «А» корпусының кадр резервіне іріктеу кезінде оның тестілеу (заңнаманы білуге, логикалық тест, құзыреттер деңгейіне және тілдерді білуге) нәтижелерінің кәсіптік мүдделерімен арақатынасын белгілейді.
      9. «А» корпусы қызметшісі жұмысының тиімділігін және сапасын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзіміне сәйкес оның қызметіне бағалау жүргізіледі.
      10. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша мансаптық жоспарға лауазымдық орын ауыстыру және/немесе кәсіптік білімдер мен дағдыларды дамыту бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      11. Оқу мен тағылымдаманы ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында лауазымдық орын ауыстыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

«А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілері үшін
мансаптық жоспарлау  
қағидаларына      
қосымша        

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
мансаптық жоспары 1. Қызметкердің жеке деректері

Т.А.Ә.________________________________________________________
Лауазымы______________________________________________________
Туған күні мен жылы___________________________________________
Білімі________________________________________________________
Мемлекеттік қызмет өтілі _____________________________________
Саладағы жұмыс өтілі _________________________________________
Жоспар мерзімі 20___ж. «___» _____бастап 20___ж. «___» _______дейін

2. Кәсіптік мүдделерді белгілеу

Р/с №

Лауазымдық орын ауыстыру Қажетті біліктілік талаптар Осы мүдделерді іске асыруға қажетті білімдер мен құзыреттер Қызметкердің ескертпесі Басшының ескертпесі
























3. Кәсіптік білімдер мен дағдыларды дамыту

Р/с № Басымдықтарды тиімді орындау үшін одан әрі дамытуды талап ететін білімдер мен дағдылар (басымдықтың нөмірін көрсету) Қажетті шаралар Іске асыру мерзімі Күтілетін нәтиже


қайта даярлау,
біліктілігін арттыру,
дербес оқыту,
тағылымдамадан өту,
ротациялау




Әзірлеген (Т.А.Ә.) __________________
Лауазымы___________________________
             (ПБҚ қызметкері)

Күні _______ Қолы _________

Әзірлеген (Т.А.Ә.) ____________
Лауазымы_____________________
   («А» корпусының қызметшісі)

Күні _______ Қолы _________

Бекіткен (Т.А.Ә.) ___________________
Лауазымы ___________________________
     (мемлекеттік органның басшысы)

Күні _______ Қолы _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады