«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы, Алматы ауданы, Жұмабек Тәшенов көшесі (Жастар шағын ауданы, 47) 16-үй мекенжайында орналасқан ауданы 0,7738 гектар жер учаскесімен бірге республикалық мүлік - ауданы 2 660,0 шаршы метр ғимарат заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов