Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына:
мыналар:
Қайдарова Диляра Радикқызы | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры |
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы | - | "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша) |
Ыбыраев Әділ Жүнісұлы | - | "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы | - | "ҚазМұнайГаз" өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының кеңесшісі (келісім бойынша) |
Шыныбеков Дамир Әбдухалиұлы | - | "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша) |
Попович Никола | - | "Қазмырыш холдингі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - | "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Есенжолов Арман Бекетұлы | - | "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - | "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Школьник Владимир Сергеевич | - | Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша) |
енгізілсін;
мына:
"Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы | - | "Nazarbayev Universitу Research and Innovation System" жеке мекемесінің бас директоры (келісім бойынша)" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы | - | "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)"; |
көрсетілген құрамнан: Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы, Әділов Жексенбек Мәкейұлы, Алағұзов Тұрсынғали Тұрымұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы, Жантаев Жұмабек Шабденамұлы, Зейнуллин Әбдікәрім Әбжәлелұлы, Қожабеков Дастан Байұзақұлы, Саданов Амангелді Құрбанұлы, Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы, Тастанов Ерболат Әдиятұлы, Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы, Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |