"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 442 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
      5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      тоқыма бұйымдарын өндіруді;
      киім шығаруды;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
      металлургия өнеркәсібін;
      жиһаз шығаруды;
      автокөлік құралдарын шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) ақпарат және байланыс;
      3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
      4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2),
3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:
      1) бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың дерекқорларын және аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және өндіру, сондай-ақ дата-орталықтардың қызмет көрсетулері, онлайн-қызмет көрсетулер;
      2) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті болып табылмайды.»;
      4) «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      5) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      6) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;
      7) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      8) «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 47-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      9) «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 74-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
      4) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер ұйымдастыруға арналған ғимараттарды, музейлерді, қойма және әкімшілік ғимараттарды салу болып табылады.»;
      10) «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығында:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
      1) мыналарды:
      тамақ өнімдерін өндіруді;
      сусындар шығаруды;
      темекі бұйымдарын өндіруді;
      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
      жиһаз шығаруды;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2016 жылғы
                 №

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады