Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 131-құжат);

      2) "Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 76-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 455 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді.

      Лотерея билеттерiн, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2020 № 643 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      4. "Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 683-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында:

      40-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төлем құжаттары, құжаттық эмиссиялық емес бағалы қағаздар, лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, сондай-ақ төлем карточкалары және ақшаны уақытша орналастыруың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу мүмкіндігі жоқ шетел валютасы – олардың тиісті сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда, оларды алып қоюды жүргізген қылмыстық процесті жүргізетін органның сақтау камерасында сақталады не екінші деңгейдегі банктің ең жақын мекемесіне тапсырылады;".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2024 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады