Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 460 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың «Экономикалық зерттеулер институты», «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдарына сайлануын қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады