2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 517 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қоса берiлiп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама мақұлдансын.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 517 қаулысымен мақұлданған
 
  Жоба

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiн құру туралы келiсiмге толықтыру енгізу туралы хаттама

      (2016 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 6, 99-құжат)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi,

      2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiн құру туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабының негізінде.

      Келісімге мынадай толықтыру енгізуге келісті:


1-бап

      Келісімнің 11-бабы мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:

      "2011 жылғы 22 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау туралы келісімге сәйкес құрылған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комиссиясы Комитет құрамына кіреді және екі мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті мәселелеріне жауапты. Аталған комиссия Комитетке қол жеткізілген уағдаластықтар туралы баяндауға міндетті.".


2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      201_ жылғы "___" __________ ________ (___) қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады