"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 899 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 571 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 899 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.";

      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:

      7-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады