2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қытай Даму Банкіне мемлекеттік кепілдік туралы келісім жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 1600000000 (бір миллиард алты жүз миллион) АҚШ долларына дейінгі баламалы сомада «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан бастап жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев