Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 қазандағы № 611 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2016 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 2000000 (екі миллион) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
      Bank name: BNP Paribas Fortis
      Address: Montagne du Parc 3, B-1000 Brussels, Belgium
      Account Name: SHAPE
      Reference: ANA Trust Fund
      IBAN Account: BE08 0015 7978 2113
      SWIFT/BIC: GEBABEBB
      Contact Person: John Aguirre - Director, NATO Office of Resources
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады