Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат):
11-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «құжаттандырудан өтуге міндетті» деген сөздер «құжаттандырудан өтуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геномдық тіркеуден өтуге мiндеттi.»;
176-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) геномдық тіркеуден өтуден жалтарса;».
2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-II, 92-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 443-1-баппен толықтырылсын:
«443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден бас тартуы.
1. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның геномдық тіркеуден бас тартуы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.»;
2) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151(екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 443-1 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
3) 685-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 443-1 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде), 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
4) 685-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстiң 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 443-1 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;»;
5) 685-баптың екінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодекстiң 443-1 (бірінші бөлігінде), 492, 495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
6) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
«1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 443-1 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (екінші бөлігі), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);»;
7) 917-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстiң 109, 443-1 (екінші бөлігі), 449 (үшінші бөлігі), 490 (үшінші, жетінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктері) баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.».
3. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адам бақылау жасала отырып, өздігімен кеткенге немесе Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілгенге дейін дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті.».
4. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11,102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 9-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат):
12-бап мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;
13-2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылуға жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарының қолданылу аясына түсетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға;».
5. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге.»;
10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі, оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны тіркеу жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге ішкі істер органдарына жолдама беріледі.»;
11-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.»;
12-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе.».
6. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат):
43-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге.»;
43-2-баптың 1-тармағының бесінші абзацы алып тасталсын;
43-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.»;
49-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпегендерге.».
7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2013 ж, № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
23-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде жеке басты дактилоскопиялық ақпарат бойынша растау рәсімі, биометрлік дербес деректерді өңдеу арқылы, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;»;
66-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде жеке басты дактилоскопиялық ақпарат бойынша растау рәсімін жүзеге асыруға;»;
66-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде жеке басты дактилоскопиялық ақпарат бойынша растау рәсімін өтуден бас тартқан Қазақстан Республикасы азаматтарының шығуын шектеуге;»;
66-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ жеке басты дактилоскопиялық ақпарат бойынша растау рәсімінен өтуден бас тартқан, айыппұл салу туралы сот шешімдерін және уәкілетті органдардың қаулыларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде орындамаған шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеуге;»;
67-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарының дактилоскопиялық ақпарат деректер базасындағы дактилоскопиялық ақпаратты алуға және пайдалануға;».
8. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат):
7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар 16 жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда 12-ден 16-ға дейінгі жастағы құжат иесінің саусақ таңбаларын қамтиды».9. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж, № 8, 48-құжат):
6-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүзеге асыруға;»;
11-баптың 24) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларын;».
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті