Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы "3534" деген сандар "3265" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде": деген жолдағы "3248" деген сандар "2979" деген сандармен ауыстырылсын;

      13) тармақша алып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады