Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 729 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 729 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 322-құжат).
      3. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 605-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады