Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1136 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 729 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығы.

      "Пошта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 19) тармақшасына және 8-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы, "Байланыс туралы" 1999 жылғы 18 мамырдағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi – Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының әмбебап қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушыға почта байланысы саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келетiн почта байланысының әмбебап қызметтерiн ұсынады;";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Почта байланысының әмбебап қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейi жөнiндегi берiлген сапа параметрлерiн орындау мақсатында Ұлттық почта операторы:".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі


К.Мәсімов




  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2014 жылғы 24 қазандағы
  № 1136 қаулысымен
  бекітілген

Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың
өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында тағайындалған операторды тағайындау және оның өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Дүниежүзілік пошта одағы (бұдан әрі – ДПО) – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;

      2) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;

      3) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, пошта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) пошта байланысының стационарлық бөлімшесі – бүкіл пайдаланушыларға пошта байланысы қызметтерін ұсынуға жабдықталған және арналған жылжымайтын мүлік объектісінде орналасқан операциялық терезе (терезелер) түріндегі пошта операторының өндірістік объектісі;

      5) пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі – бүкіл пайдаланушыларға пошта байланысы қызметтерін ұсынуға жабдықталған және арналған көлік құралдарының базасында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша құрылатын пошта операторының өндірістік объектісі;

      6) пошта операторы – пошта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

      7) тағайындалған оператор – пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы;

      8) халықаралық пошта алмасу орны – кіріс және шығыс халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі.

2. Операторды тағайындау

      3. Уәкілетті орган тағайындалған оператор пошта операторын тағайындау мақсатында пошта операторларынан өтінімдерін қабылдайды. Пошта операторының өтініш беруінің тәртібі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

      4. Уәкілетті орган пошта операторынан өтініштерді демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері қабылдайды. Уәкілетті органның мекенжайы және байланыс мәліметтері уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

      5. Пошта операторы уәкілетті органға өтінімді осы Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынады.

      6. Пошта операторы өтініммен бірге мына құжаттарды ұсынады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе жеке кәсіпкер анықтамасының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (жарғы немесе құрылтай шарт) көшірмесі;

      3) мыналарды растайтын құжаттар:

      пошта байланысының стационарлық (аудандық маңызы бар және одан жоғары мәртебеге ие елді мекендерде), жылжымалы бөлімшелерінің және пошташылардың (аудандық маңызы бар мәртебеден төмен елді мекендерде) саны мен орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасының барлық елді мекендерінде пошта жәшіктерінің саны мен орналасқан жері;

      барлық пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағында барлық ауылдық елді мекендерде пошта байланысының қызметтерін ұсыну кезінде қолданылатын пошта бағыттары;

      пошта жәшіктерінен хаттарды жинап алу, поштаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және сауқаттарды жеткізу жылдамдығы мен жүйелігі (хаттарды жинап алу, поштаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және сауқаттарды жеткізу графиктері);

      халықаралық пошта алмасу орнының болуы.

      7. Пошта операторындағы ұсынылатын құжаттар құпия болған жағдайда, онда ол олардың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасын ететін арналар бойынша оларды жіберуге құқылы.

      8. Уәкілетті орган пошта операторларынан өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан соң отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынылған өтінімдер мен қоса берілген құжаттарды қарастырады.

      9. Пошта операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізімін ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өтінім берген пошта операторына себептерін көрсете отырып, пошта операторын тағайындаудан жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді.

      Пошта операторы уәкілетті органға тиісті ескертулерді жойып қайта өтініш береді.

      10. Өтінімді қараудың нәтижесі оң болған жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде тағайындалған оператор ретінде пошта операторын тағайындау туралы шешім қабылдайды және тағайындалған оператор ретінде өтінім берген пошта операторына тағайындалған оператор ретінде пошта операторына жазбаша хабарлама жібереді.

      11. Уәкілетті орган тағайындалған оператор пошта операторын тағайындау туралы бұйрық шығарған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде пошта қызметін пайдалану және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ДПО актілерін қолданудан туындайтын міндеттемелерді орындау үшін ресми түрде тағайындалған пошта операторының атауы және мекенжайы туралы ДПО ресми хабарлайды.

      Тағайындалған оператор туралы және (немесе) олардың саны жөнінде мәліметтер өзгерсе, уәкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде ДПО ресми хабарлайды.

3. Тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу

      12. Тағайындалған оператор ДПО актілерінен және "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін осы Қағидаларда анықталған тәртіппен кері қайтарып алады.

      13. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында және ДПО актілерінде белгіленген нормаларды сақтамау фактісін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган жүргізілген тексеру аяқталған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      14. Тағайындалған оператор екі ай мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға он күнтізбелік күн ішінде пошта операторынан тағайындалған оператор өкілеттігін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және бұл туралы ДПО және почта операторын ресми хабарлайды.

      Тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтаруға әкеп соқтырған бұзушылықтар жойылғаннан кейін пошта операторы уәкілетті органға қайтадан өтініш бере алады.


  Операторды тағайындау және
  тағайындалған оператордың
  өкілеттіктерін кері қайтарып
  алу қағидаларына қосымша

      Нысан

      ______________________

      (уәкілетті орган)

Пошта операторын тағайындалған оператор ретінде тағайындауға
арналған өтінім

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы)

      БСН/ЖСН _____________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________________________________

      _____________________________________________________________ атынан

      (заңды тұлғаның басшысы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      тағайындалған оператор етіп __________________________________ (пошта

      операторының атауын көрсету) тағайындауды сұрайды және

      _____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы және белгілеу) сәйкес өтініш беру сәтінде

      әрекет ететін тағайындалған оператор үшін белгіленген барлық

      талаптарға сәйкестігін растайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      ________________________________/____________________________________

      М.О.

      20___ ж. "____" ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады