Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2016 жылғы 2 желтоқсандағы | |
№ 760 қаулысымен | |
Бекітілген |
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелеріне, оның ішінде ауа қабы бар кемелерге қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұғымдарға сәйкес келеді.
2-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктік және уақыттық шектері
3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық кеме тіркелген жердегі немесе орналасқан пункттегі немесе шетелдік кеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының аумағына кіретін пункттегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) береді. Бұл ретте дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, филиал, өкілдік тіркелген жердегі Шекара қызметі берген рұқсаттар теңіздегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің бәрінде кеменің орналасқан жері бойынша рұқсат алу қажеттігінсіз қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Рұқсат алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік (бұдан әрі – өтініш беруші) кеме тіркелген жердегі немесе орналасқан жердегі жауапкершілік учаскесінде кемелердің шығуы жоспарланған Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер ұйымның арасындағы кемені жалға алу (тасымалдау) шартының көшірмесі және (немесе) мердігер ұйым мен кеме иесінің арасындағы шарт көшірмесі;
3) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігінің немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
4) экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жер қойнауы пайдаланылатын ауданға тиісті құралмен тасымалданатын жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарда жүрген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
6) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;
7) дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктің жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартының негiзiнде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының, Қазақстан Республикасының порты, теңіз терминалы, каналы, айлақтық құрылысжайы меншiк иесiнiң немесе оны басқаратын тұлғаның шарт деректемелері көрсетілген жазбаша өтініші;
8) жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданның координаталары, сондай-ақ оларға бару және одан кері қайту үшін ұсынылатын жолдар;
9) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шығарған шетелдік теңіз кемесіне қатысты тауарларға декларацияның көшірмесі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді.
Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;
3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Каспий теңізі қазақстандық секторының су кеңістігінде жоспарланған қызмет түріне байланысты мынадай қосымша құжаттар:
1) жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызмет үшін:
теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін қалқымалы жабдыққа меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі не осындай қалқымалы жабдықты жалға алу шартының көшірмесі, не теңізде мұнай операцияларын жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мойындаған шетелдік сыныптау қоғамдарының бірінің кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға сәйкестігін растайтын теңіз кемесінің теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі туралы сыныптау куәлігі;
2) жер қойнауын пайдалану келiсiмшартына сәйкес теңіз объектілерін салу мен орналастыруға, ұңғымаларды бұрғылауға, оларды консервациялау мен жоюға (бөлшектеуге) байланысты қызмет үшiн:
теңіз объектілерін салуға және орналастыруға көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың көшірмесі;
теңіз объектілерін (ұңғымаларды) консервациялау (жою) басталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының технологиялық объектілерді консервациялау (жою) туралы бұйрығының көшірмесі;
теңіз объектілерін (ұңғымаларды) консервациялағаннан (жойғаннан) кейін консервацияланған (жойылған) технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы актінің көшірмесі ұсынылады.
8. Рұқсат бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiледi, жер қойнауын пайдалану және (немесе) рұқсатта көрсетiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ететін аудандар шегінде қолданылады және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беру жөнiндегi келісімшарттың немесе шарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.
9. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің уәкілетті өкіліне есеп журналында қол қойғызу арқылы беріледі. Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзімі ішінде ол Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне бару кезеңінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде тұрған (дрейфтеу) кезеңде кеме капитанында (иесінде) не капитанның вахталық көмекшісінде болады.
10. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.
Шекара қызметі осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.
Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.
12. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендiк бақылаусыз немесе бақылаудың өзге де түрлерiнсіз жүзеге асырылады.
3-тарау. Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктік және уақыттық шектері
13. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жұмылдырылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық әуе кемесі тіркелген жердегі немесе орналасқан пункттегі Шекара қызметі береді. Бұл ретте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің, филиалдың, өкілдіктің тіркелген жеріндегі Шекара қызметі берген рұқсаттар Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдар үшін ашылған өткізу пункттерінің бәрінде әуе кемесінің орналасқан жерінде рұқсат алу қажеттігінсіз қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылысжайларға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылысжайлардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшуы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Рұқсат алу үшін өтініш беруші әуе кемесінің тіркелген жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі жауапкершілік учаскесінде әуе кемесінің ұшып шығуы жоспарланатын Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не әуе кемесінің иесі мен жер қойнауын пайдаланушының (оның мердігерінің) арасындағы адамдарды, жүктер мен тауарларды тасымалдау үшін кемені жалға алу шартының көшірмесі;
3) жер қойнауы пайдаланылатын ауданға әуе кемесімен апарылатын экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарда жүрген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
5) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;
6) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартының негізінде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының деректемелері көрсетілген жазбаша өтініші;
7) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінің ұшып шығуы мен қонуы үшін пайдаланылатын, оның ішінде халықаралық ұшуға ашық емес әуеайлақтары, тікұшақ айлақтары мен қону алаңдарының тізбесі;
8) жер қойнауы пайдаланылатын ауданның координаталары, сондай-ақ оған бару және одан кері қайту үшін ұсынылатын жолдар.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді. Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмысқа орналасуға рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;
3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Рұқсат бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiледi, жер қойнауын пайдалану және рұқсатта көрсетiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ететін аудандар шегінде қолданылады және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету мақсаттарында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшарттың немесе шарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.
18. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы беріледі.
Берілген рұқсат бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жер қойнауын пайдалану ауданына(-нан) бару (қайту) кезеңінде және жер қойнауын пайдалану ауданында тұрған (болған) кезеңде әуе кемесінің командирінде немесе ұшу экипажының мүшесінде болады.
19. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.
Шекара қызметі осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.
Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.
21. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақтала отырып әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендiк бақылаусыз немесе бақылаудың өзге де түрлерiнсіз жүзеге асырылады.
Сериясы _______ № _____________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Кеменің атауы
__________________________________________________________________
4. Кеменің түрі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Кеменің тіркелген жері (порты, орналасу пункті)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Кеме капитанының (оның вахталық көмекшісінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), оның мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Техникалық бақылау құралдарының түрі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
11. Жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданы (аудандары)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12. Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)
20 __ жылғы "___" _________
М.О.
1-қосымшаға парақтың сырт жағы |
Ерекше белгілер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
"Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бақылаудан өткізу туралы белгілері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кімге __________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімнен _________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 _ жылғы "__" ____ №___ қаулысына сәйкес
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операциялар қамтамасыз етілетін аудан көрсетіледі) ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға арналған өтінішті қарауды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
алу үшін мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.
________________________________________________________________
(заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер____парақта келтірілген.
20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген қазақстандық және шетелдік кеме туралы мәліметтер
1. Кеменің атауы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
2. Кеменің түрі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Кеменің борттық нөмірі
________________________________________________________________
4. Кеме тіркелген жер
________________________________________________________________
________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы
мәліметтер
________________________________________________________________
________________________________________________________________
6. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
7. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
8. Кеме капитанының (иесінің) (капитанның вахталық көмекшісінің) тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
9. Техникалық бақылау құралдарының түрі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
10. Жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін аудан (аудандар)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
11. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданға барған кездегі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары
мен мерзімдері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
12. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданға жүзіп шығу нүктесі – Қазақстан
Республикасының кемесі орналасқан пункт
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік кеменің экипаж мүшелерін алмастыруға өтініш
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кімге ___________________________________________________________
________________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімнен _________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" _____ №____ қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге
Шекара қызметінің _____ аумақтық бөлімшесі 20 __ жылғы _____ берген, сериясы
_______, № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын (табылмайтын) мүшелерін
алмастыруға арналған өтінішті қарауды сұраймын.
Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), кемедегі лауазымы:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
5.________________________________________________________________
6.________________________________________________________________
7.________________________________________________________________
Экипаж мүшелерінің қатарынан шығаруды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), кемедегі лауазымы:

Экипаж мүшелерінің қатарына қосуды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
кемедегі лауазымы:
1._______________________________________________________________
2._______________________________________________________________
3._______________________________________________________________
4._______________________________________________________________
5._______________________________________________________________
6._______________________________________________________________
7._______________________________________________________________
(заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
Сериясы ______ №___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Әуе кемесін пайдаланушының/меншік иесінің атауы және мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Әуе кемесінің атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Әуе кемесінің түрі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Кеменің орналасу пункті
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Әуе кемесі командирінің (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Техникалық бақылау құралдарының түрі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі
__________________________________________________________________
11. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)
20 __ жылғы "___" _________
М.О.
4-қосымшаға парақтың сырт жағы |
Ерекше белгілер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бақылаудан өткізу туралы белгілері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кімге ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" ______ №____ қаулысына
сәйкес ______________________________________________________________
(жер қойнауы пайдаланылатын аудан көрсетіледі)
ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуге рұқсат алуға арналған өтінішті қарауды сұраймын. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген әуе
кемелері туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.
_________________________________________________________________
(заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
алу үшін мәлімделген қазақстандық әуе кемесі туралы мәліметтер
1. Кеменің атауы (бар болса)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
2. Әуе кемесінің түрі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
4. Кеме тіркелген жер
________________________________________________________________
________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде әуе кемесінің тіркелуі
туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Әуе кемесін пайдаланушының – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Әуе кемесі меншік иесінің атауы және мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Кеме командирінің (иесінің) (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), оның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
9. Техникалық бақылау құралдарының түрі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
10. Жер қойнауы пайдаланылатын аудан (аудандар)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
11. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын ауданға барған кездегі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары
мен мерзімдері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
12. Қазақстан Республикасы кемесінің орналасқан жері және әуе кемесі жер
қойнауы пайдаланылатын ауданға ұшып шығатын нүкте
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кеменің экипаж мүшелерін алмастыруға өтініш
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2023 № 1179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кімге ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімнен ___________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы
немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 _ жылғы "__" _____ № ___ қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге
Шекара қызметі ______ аумақтық бөлімшесі 20 __ жылғы ______ берген сериясы
_______ № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелерін алмастыруға
арналған өтінішті қарауды сұраймын.
Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы: