"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1179 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелеріне, оның ішінде ауа қабы бар кемелерге қолданылады.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық кеме тіркелген жердегі немесе орналасқан пункттегі немесе шетелдік кеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының аумағына кіретін пункттегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) береді. Бұл ретте дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, филиал, өкілдік тіркелген жердегі Шекара қызметі берген рұқсаттар теңіздегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің бәрінде кеменің орналасқан жері бойынша рұқсат алу қажеттігінсіз қолданылады.

      4. Рұқсат алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік (бұдан әрі – өтініш беруші) кеме тіркелген жердегі немесе орналасқан жердегі жауапкершілік учаскесінде кемелердің шығуы жоспарланған Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер ұйымның арасындағы кемені жалға алу (тасымалдау) шартының көшірмесі және (немесе) мердігер ұйым мен кеме иесінің арасындағы шарт көшірмесі;

      3) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігінің немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;

      4) экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жер қойнауы пайдаланылатын ауданға тиісті құралмен тасымалданатын жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарда жүрген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      5) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;

      6) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      7) дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктің жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартының негiзiнде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының, Қазақстан Республикасының порты, теңіз терминалы, каналы, айлақтық құрылысжайы меншiк иесiнiң немесе оны басқаратын тұлғаның шарт деректемелері көрсетілген жазбаша өтініші;

      8) жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданның координаталары, сондай-ақ оларға бару және одан кері қайту үшін ұсынылатын жолдар;

      9) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шығарған шетелдік теңіз кемесіне қатысты тауарларға декларацияның көшірмесі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жұмылдырылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық әуе кемесі тіркелген жердегі немесе орналасқан пункттегі Шекара қызметі береді. Бұл ретте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің, филиалдың, өкілдіктің тіркелген жеріндегі Шекара қызметі берген рұқсаттар Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдар үшін ашылған өткізу пункттерінің бәрінде әуе кемесінің орналасқан жерінде рұқсат алу қажеттігінсіз қолданылады.

      Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылысжайларға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылысжайлардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшуы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Рұқсат алу үшін өтініш беруші әуе кемесінің тіркелген жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі жауапкершілік учаскесінде әуе кемесінің ұшып шығуы жоспарланатын Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не әуе кемесінің иесі мен жер қойнауын пайдаланушының (оның мердігерінің) арасындағы адамдарды, жүктер мен тауарларды тасымалдау үшін кемені жалға алу шартының көшірмесі;

      3) жер қойнауы пайдаланылатын ауданға әуе кемесімен апарылатын экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарда жүрген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      4) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;

      5) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      6) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартының негізінде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының деректемелері көрсетілген жазбаша өтініші;

      7) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінің ұшып шығуы мен қонуы үшін пайдаланылатын, оның ішінде халықаралық ұшуға ашық емес әуеайлақтары, тікұшақ айлақтары мен қону алаңдарының тізбесі;

      8) жер қойнауы пайдаланылатын ауданның координаталары, сондай-ақ оған бару және одан кері қайту үшін ұсынылатын жолдар.";

      көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
  1-қосымша
  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
  операцияларға және жер қойнауын
  пайдалану жөніндегі операцияларды
  қамтамасыз етуге тартылған
  қазақстандық және шетелдік кемелер
  мен қазақстандық әуе кемелерінің
  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
  кесіп өтуіне рұқсаттар беру
  қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш

      Кімге __________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен _________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 _ жылғы "__" ____ №___ қаулысына сәйкес

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі

      операциялар қамтамасыз етілетін аудан көрсетіледі) ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға арналған өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      алу үшін мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер____парақта келтірілген.

      20 __ жылғы "___" _________

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген қазақстандық және шетелдік кеме туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Кеменің түрі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі

      ________________________________________________________________

      4. Кеме тіркелген жер

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы

      мәліметтер

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      6. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      7. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      8. Кеме капитанының (иесінің) (капитанның вахталық көмекшісінің) тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      9. Техникалық бақылау құралдарының түрі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      10. Жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану

      жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін аудан (аудандар)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      11. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану

      жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданға барған кездегі Қазақстан

      Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары

      мен мерзімдері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      12. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалану

      жөніндегі операциялар қамтамасыз етілетін ауданға жүзіп шығу нүктесі – Қазақстан

      Республикасының кемесі орналасқан пункт

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
  2-қосымша
  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
  операцияларға және жер қойнауын
  пайдалану жөніндегі операцияларды
  қамтамасыз етуге тартылған
  қазақстандық және шетелдік кемелер
  мен қазақстандық әуе кемелерінің
  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
  кесіп өтуіне рұқсаттар беру
  қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік кеменің экипаж мүшелерін алмастыруға өтініш

      Кімге ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен _________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" _____ №____ қаулысына

      сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге

      Шекара қызметінің _____ аумақтық бөлімшесі 20 __ жылғы _____ берген, сериясы

      _______, № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын (табылмайтын) мүшелерін

      алмастыруға арналған өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), кемедегі лауазымы:

      1.________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________

      4.________________________________________________________________

      5.________________________________________________________________

      6.________________________________________________________________

      7.________________________________________________________________

      Экипаж мүшелерінің қатарынан шығаруды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), кемедегі лауазымы:

      Экипаж мүшелерінің қатарына қосуды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      кемедегі лауазымы:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4._______________________________________________________________

      5._______________________________________________________________

      6._______________________________________________________________

      7._______________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
  3-қосымша
  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
  операцияларға және жер қойнауын
  пайдалану жөніндегі операцияларды
  қамтамасыз етуге тартылған
  қазақстандық және шетелдік кемелер
  мен қазақстандық әуе кемелерінің
  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
  кесіп өтуіне рұқсаттар беру
  қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш

      Кімге ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" ______ №____ қаулысына

      сәйкес ______________________________________________________________

      (жер қойнауы пайдаланылатын аудан көрсетіледі)

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп

      өтуге рұқсат алуға арналған өтінішті қарауды сұраймын. Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген әуе

      кемелері туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" ________

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      алу үшін мәлімделген қазақстандық әуе кемесі туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы (бар болса)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Әуе кемесінің түрі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      3. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      4. Кеме тіркелген жер

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде әуе кемесінің тіркелуі

      туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      6. Әуе кемесін пайдаланушының – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      7. Әуе кемесі меншік иесінің атауы және мекенжайы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      8. Кеме командирінің (иесінің) (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), оның мекенжайы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      9. Техникалық бақылау құралдарының түрі

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      10. Жер қойнауы пайдаланылатын аудан (аудандар)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      11. Кеменің жер қойнауы пайдаланылатын ауданға барған кездегі Қазақстан

      Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары

      мен мерзімдері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      12. Қазақстан Республикасы кемесінің орналасқан жері және әуе кемесі жер

      қойнауы пайдаланылатын ауданға ұшып шығатын нүкте

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
  4-қосымша
  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
  операцияларға және жер қойнауын
  пайдалану жөніндегі операцияларды
  қамтамасыз етуге тартылған
  қазақстандық және шетелдік кемелер
  мен қазақстандық әуе кемелерінің
  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
  кесіп өтуіне рұқсаттар беру
  қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кеменің экипаж мүшелерін алмастыруға өтініш

      Кімге ____________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ___________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 _ жылғы "__" _____ № ___ қаулысына

      сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге

      Шекара қызметі ______ аумақтық бөлімшесі 20 __ жылғы ______ берген сериясы

      _______ № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелерін алмастыруға

      арналған өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4._______________________________________________________________

      5._______________________________________________________________

      6._______________________________________________________________

      7._______________________________________________________________

      Экипаж мүшелерінің қатарынан шығаруды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), кемедегі лауазымы:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4._______________________________________________________________

      5._______________________________________________________________

      6._______________________________________________________________

      7._______________________________________________________________

      Экипаж мүшелерінің қатарына қосуды сұраймын – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      кемедегі лауазымы:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4._______________________________________________________________

      5._______________________________________________________________

      6._______________________________________________________________

      7._______________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады