Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 31 қазанда Ханой қаласында жасалған 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 763 қаулысымен бекітілген |
2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама
(2017 жылғы 3 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 33-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі
2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттері арасында білім саласындағы алмасуды одан әрі кеңейту мақсатында
Келісімге төмендегі толықтыруды енгізу туралы келісті:
1-бап
1-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Тараптар жыл сайын білім алушылармен баламалы негізде алмасады. Жыл сайын әр мемлекеттен білім алушылардың жалпы санын 3 адамнан аспайды.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алушылардың санын және оларды оқыту мерзімін қабылдаушы Тарап аумағында оқу орны орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындайды.
Қабылдаушы Тарап білім алушыларды оқығаны және оқу құралдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатады. Жатақханада тұру шығыстары, стипендия төлеу және медициналық көмек көрсету қабылдаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандық білім алушылардың екі жаққа көлік шығыстары мен келу визаларын ресімдеу білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленеді.
Вьетнамдық білім алушылардың екі жаққа көлік шығыстары мен келу визаларын ресімдеу Вьетнамның мемлекеттік бюджеті есебінен төленеді.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты жыл сайын 28 ақпанға дейін білім алушыларды қабылдау мүмкіндігі туралы хатпен хабардар етеді.
Жіберуші Тарап оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімін жыл сайын қабылдаушы Тарапқа 30 сәуірге дейін береді.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты жыл сайын 30 маусымға дейін үміткерлерді қабылдау туралы хабардар етеді, сондай-ақ қабылдаушы оқу орындарының атауын және оқу мерзімін хабарлайды.
Жіберуші Тарап оқу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей қабылдаушы Тарапқа стипендиаттардың келетін күнін хабарлайды.".
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 9-бабына сәйкес күшіне енеді.
2011 жылғы 31 қазанда Ханой қаласында әрқайсысы қазақ, вьетнам және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының |
Вьетнам Социалистік |