Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сирия Араб Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Сирия Араб Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 777 қаулысына
қосымша
Сирия Араб Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге
арналған материалдық құндылықтар тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Жоғарғы сұрыпты бидай ұны |
килограмм |
120 000 |
2 |
2-ші сұрыпты бидай ұны |
килограмм |
120 000 |
3 |
Ет консервілері |
физикалық банка |
260 000 |
4 |
Күріш жармасы |
килограмм |
110 000 |
5 |
Макарон өнімдері |
килограмм |
50 000 |
6 |
Шай |
килограмм |
5 000 |