"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 787 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ 4-1) тармақшадағы "төлеуден босатылады деп белгіленсін." деген сөздер "төлеуден босатылады;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мен мемлекеттің қатысу үлестеріне таза табысының бір бөлігін төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.";

      мынадай мазмұндағы 2-5-тармақпен толықтырылсын:

      "2-5. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза кірісінің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3 және 3-2-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 787 қаулысына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
№ 633 қаулысына
3-2-қосымша

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі

      1. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.

      2. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.

      3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      5. "Қазконтент" акционерлік қоғамы.

      6. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      7. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      8. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      9. "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады