Республикалық мүлікті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 789 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жекешелендіру комитетімен және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 789 қаулысына 
қосымша     

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүлік

Р/с

Мүліктің атауы

1

2

1.

679383,892 тонна көлеміндегі 1-3 сыныпты Triticum aestivum L бидайының астығы

2.

1265549982,42 теңге сомасына талап ету құқығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады