"Балқаш" емдеу-сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 794 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы 100 (жүз) пайыз қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Сары-Арқа» даму қоры» корпоративтік қорының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
      2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады