Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2016 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 797 қаулысымен | |
мақұлданған | |
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады)
Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетін біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қатынастарды ескере отырып,
өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара ұмтылысты ескере отырып,
экономиканы дамытудағы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығы секторының жетекші рөлін ұғына отырып,
Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін барлық деңгейде тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың маңыздылығын ұғына отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырылады:
- өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы;
- ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині;
- аграрлық ғылым, білім алмасу;
- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу;
- су үнемдеу технологиялары;
- акваөсіру;
- мамандарды оқыту.
Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық:
ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер мен білім туралы ақпарат алмасу;
ауыл шаруашылығы саласында өзара техникалық көмек алмасу және озық білімге (технологияларға) оқыту;
ауыл шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілер және стандарттар туралы ақпарат алмасу;
Тараптар өткізетін іс-шараларға (көрмелер, семинарлар, конференциялар және басқа да сол сияқты іс-шаралар) қатысу;
өзара мүддені білдіретін мәселелерді талқылау;
тағылымдамалардан, тренингтерден өту арқылы мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру;
екі елдің ауыл шаруашылығы секторына жеке сектор инвестицияларын көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар өзара келісу бойынша осы баптың ережелерінде аталмаған ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзге де нысандарын дамыта алады.
Тараптар осы Келісімге сәйкес ынтымақтастық ережелерін орындауы барысында туындайтын шығыстарды, егер өзгеше ескертілмеген болса, Тараптардың қолжетімді бюджет қаражаты шегінде өздері көтереді.
Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан тарапынан – Ауыл шаруашылығы министрлігі,
Израиль тарапынан – Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігі;
Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі (МАШАВ) – осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген тренингтерді өткізу бойынша.
Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы тез арада дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда бір-бірін хабардар етеді.
а) Тараптар осы Келісімді іске асыру барысында алынған зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды ұлттық заңнамаға және Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді.
b) Осы Келісімге сәйкес бірлескен қызмет нәтижесінде алынған зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтар нақты жағдайға байланысты дайындалатын жекелеген келісімдерге сәйкес реттелуге тиіс.
c) Тараптардың осы Келісім шеңберінде алынған, "Құпия" деп белгіленген қандай да бір құпия ақпаратты мұндай ақпарат алынған қандай да болсын Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша нысанда осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін, оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімге сәйкес жүргізілетін кез келген қызмет түрі Тараптардың әрқайсысының заңдарына, қағидаларына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер немесе консультациялар арқылы бейбіт жолмен шешіледі.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім 5 (бес) жыл бойы күшінде қалады және Тараптардың бірі алты (6) ай бұрын екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар еткенге дейін автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.
3. Егер Тараптар өзгеше белгілемеген болса, осы Келісімнің қолданысын тоқтату осы Келісім шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың қолданысына немесе ұзақтығына осы Келісімнің қолданылуы аяқталғанға дейін әсер етпейді.
Еврей күнтізбесі бойынша 5777 жылғы "__" ___________ сәйкес келетін 2016 жылғы "__" ___________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, иврит, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндері арасында айырмашылық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының | Израиль Мемлекетінің |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |