Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 358 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын:
"
12. | Қазақстан Республикасындағы "China Railway Asia – Europe Construction Investment Co., Ltd" ЖШҚ ("China Railway Asia – Europe Construction Investment Co., Ltd" компаниясының филиалы) | Құрылыс |
13. | Қазақстан Республикасындағы "Beijing State – Owned Assets Management Co., Ltd" ЖШҚ ("Beijing State – Owned Assets Management Co., Ltd" компаниясының филиалы) | Жобалау |
14. | Қазақстан Республикасындағы "China Railway NO.2 Engineering Group" ЖШС ("China Railway NO.2 Engineering Group" компаниясының филиалы) | Құрылыс |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |