Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 358 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
  № 358 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1 "Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 810 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады