Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 845 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
2) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:
2-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін (Аэроғарыш комитеті);».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев