"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 857 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын ұйымдастыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.

      2-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын ұйымдастырушы болып табылады.

      2-3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары болып табылады.";

      3-тармақтың 1) және 2-1) тармақшалары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын айқындау мынадай санаттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттары мынадай номинациялар бойынша айқындалады:

      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын";

      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын";

      3) "Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын";

      4) "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын".

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс номинациясында сыйлық лауреаттарының қосымша "Үздік инновациялық жоба", "Үздік индустриялық жоба", "Сапа көшбасшысы" атақтары тағайындалуы мүмкін.

      "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары мынадай номинациялар бойынша айқындалады:

      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";

      2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";

      3) "Үздік азық-түлік тауарлары".";

      5-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Комиссия мүшелері" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы" (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)";

      "Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы" (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы" (келісім бойынша)";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан құс өсірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жұмыс органы (Комиссиямен келісу бойынша):

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреат атағын беру, конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, беру және алдын ала бағалау тәртібін;

      2) "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімдерді ресімдеу, беру және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібін айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

      Конкурстар материалдарында қамтылған және жергілікті жерлердегі сараптама барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге мақсаттарда оның жазбаша келісімінсіз пайдаланылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады