Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1299 қаулысы.
      2. "Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 191 қаулысы қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 72-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 63-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады