"Қырғыз Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 839 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 30 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қырғыз Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қазандағы № 839 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бір күнтізбелік жыл шеңберінде баламалы көлемде электр энергиясымен өзара алмасу шарттарын сақтаған кезде Қырғыз Республикасы тарапынан "Электр станциялары" ашық акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасы тарапынан "Қазфосфат", "Жамбыл Жарық Сауда-2030", "Теміржолэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында жасалатын Қырғыз Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы мәмілесінің бағасы 1 (бір) киловатт сағат үшін 0,0000001 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады