Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
мына:
"
3. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 3 265 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 3 291 |
";
4-бөлімде:
мына:
"
4. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 10 644 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 1 918 | |
1) | Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі | 12 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 4 128 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 12 | |
1) | Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі | 12 |
";
2), 3), 4), 5) 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
5-бөлімде:
мына:
"
5. | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2278 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2 385 |
";
7-бөлімде:
мына:
"
7. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2664 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 1066 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 8 023 |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 2 877 |
";
мына:
"
2) | Қазақ республикалық лепрозорийі | 212 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1) | "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ | 185 |
";
1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"
4) | Атырау обаға қарсы күрес станциясы | 313 |
5) | Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы | 201 |
6) | Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы | 194 |
7) | Орал обаға қарсы күрес станциясы | 322 |
8) | Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы | 287 |
9) | Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы | 125 |
10) | Шымкент обаға қарсы күрес станциясы | 136 |
11) | Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы | 216 |
12) | Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы | 112 |
";
10-бөлімде:
мына:
"
10. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде: | 984 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде: | 997 |
";
мынадай мазмұндағы 14-бөліммен толықтырылсын:
"
14. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, | 916 |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 9 | |
1) | "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" ММ | 9 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |