Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып;

      2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне берсін;

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қайта аталған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ("Мемсараптама" РМК) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ("Мемсараптама" РМК).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне акциялардың (қатысу үлестерiнің) мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1.      "Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты" акционерлік қоғамы.

      2.      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.

      3.      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" акционерлік қоғамы".


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-122-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне";

      реттік нөмірі 264-3-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі";

      мына:

      "Альянс Банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

       "ForteBank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту;

      2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақта:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      16-тармақта:

      мынадай редакциядағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде немесе Қазақстан Республикасы өзі дербес шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда туралы келісімдер жасасуға байланысты келіссөздер жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;";

      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "68) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;";

      73-1), 152), 153), 154), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 164), 165), 167), 169), 169-1), 169-2), 169-3), 169-4), 169-5), 169-6), 169-7), 172), 173), 175), 181), 183), 184), 185), 186), 187), 189), 190), 191), 192), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 203), 204), 206), 208), 224), 225), 267), 295), 296), 298), 301), 303), 304), 305), 315), 327), 327-1), 327-2), 327-3), 327-4), 327-5), 327-6), 327-7), 327-8), 327-9), 328), 329), 330), 331), 332), 339-29), 339-30), 339-31), 339-32), 339-33), 339-34), 339-35), 339-36), 339-37), 339-38), 339-39) және 339-40) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақтың 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 25), 26), 27), 27-1), 28), 29), 30), 30-1), 31), 51), 51-1), 116), 246), 251), 266-1), 266-2), 266-3), 266-4), 266-5), 266-6), 266-7), 266-8), 266-9), 266-10), 266-11), 266-32), 266-33) және 266-38) тармақшалары алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" деген бөлім алып тасталсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады