2014 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысының 12-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Сұлтанбайқызы Исаева Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Атқарушы кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшылығына қабылданған шешім туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |