Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 248 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Электрондық коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын "Электрондық коммерция орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ЭКО" АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. "ЭКО" АҚ қызметінің негізгі нысанасы:
      1) деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
      2) веб-порталдар болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ЭКО" АҚ жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) "ЭКО" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 248 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-164-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-181-жолмен толықтырылсын:
      "21-181. "Электрондық коммерция орталығы" акционерлік қоғамы".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 217-14-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-14-1-жолмен толықтырылсын:
      "217-14-1. "Электрондық коммерция орталығы" АҚ".
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Электрондық коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген 6-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. "Электрондық коммерция орталығы" акционерлік қоғамы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады