Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-1, 166-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру - мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес қызметінің белгілі бір саласындағы ахуалды талдау, техникалық ерекшелігін сипаттай отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау, негіздеу және бюджеттік өтінімге енгізу кезеңдерінен тұратын процесс;
4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау - қызмет нәтижелерін және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу қорытындылары бойынша жасалған тиімділікті талдау процесі;";
"7-6) үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсететін қызметтерінің стандарттары - қызметтер көрсету сапасын, шарттарын, мазмұнын, сапаны бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;";
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырылу мониторингі және оның нәтижелерін бағалау, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі қызметке басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
2) 4-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырылу мониторингін және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;";
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";
"5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылу мониторингін және оның нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";
3) 4-2-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жайылсын:
"1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылу мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары, іске асырылуы туралы ақпаратты орналастырады;";
4) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін коммерциялық емес ұйымдар қызметтерінің стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-кұжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5; 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-кұжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; 22-I-құжат, 140-құжат; № 23-I, 166-құжат, № 23-ІІ,. 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелері) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақта көзделген талаптар құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларға, сондай-ақ саяси партияларға, діни бірлестіктерге, кәсіптік одақтарға және осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |