Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 7, 8-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2-жолдармен толықтырылсын:
"
21-1 | Кинематография туралы | МСМ | Ақпан | Қыркүйек | Қараша | А.Р.Райымқұлова |
21-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Ақпан | Қыркүйек | Қараша | А.Р.Райымқұлова |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |