Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 331 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы
Кіріспе
1. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Сыртқы ортаны талдау
1.1 Бәсекеге қабілеттілік индексі мен негізгі субиндекстер серпіні
1.2 2016 жылы және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылған сәтіне үш жылдық кезеңдегі макроэкономикалық факторлардың серпіні
1.3 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі ба?ыттары
1.3.1 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
1.3.2 Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламалары
1.3.3 Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, "БЖК – 2020" бағдарламасы
1.3.4 Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары
2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Ішкі ортаны талдау
2.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы
2.2 ҚТК және SWOT атқарылуын талдау
3. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мен пайымы
4. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық даму бағыттары
4.1 1-стратегиялық қызмет бағыты. Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
4.2 2-стратегиялық қызмет бағыты. Шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
4.3 3-стратегиялық қызмет бағыты. Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігімен қамтамасыз ету
4.4 4-стратегиялық қызмет бағыты. Экспорттық әлеуетті ұлғайту
4.5 5-стратегиялық қызмет бағыты. Трансферт және инновацияларды енгізу
4.6 Дамудың бес бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер
4.6.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлестерін ұлғайту
4.6.2 ЕҰ қызметтерінің портфелін қайта қарау (өлшемшарттар)
4.6.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан Директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру
4.6.4 Жаңа құзыреттерді және жұмыстың ұйымдастырылу әдістерін құру
5. 2023 жылға дейін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы
Қосымша
Кіріспе
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) "Даму институттарын1, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Іске асырылуына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламаларда 2015 – 2016 жылдары болған бірқатар өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) өзектендіру жүргізілді:
1) экономикалық өсімнің баяулауы: қолданыстағы Даму стратегиясына сәйкес 2016 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің нақты өсімі 5,8 % деңгейінде болжанды, ал нақты 1,0 % болды;
2) жоғары шикізат бағалары циклінің аяқталуы 10-15 жылдық перспективада төменгі деңгейдің сақталуы күтіледі;
3) Мемлекет басшысының Жолдауларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу:
______________________
1Даму институттары дамушы елдердегі жеке сектордың дамуын қолдау үшін құрылған мамандандырылған даму банктері болып табылады. Бұл институттар, әдетте, үкіметке тиесілі және ұлттық немесе халықаралық даму қорларынан немесе олардың кредитке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік кепілдіктерді пайдалану арқылы қаржыландырылады және капиталдың халықаралық нарықтарында үлкен сомадағы ақшаны өте тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік береді. Даму банктері мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, экономиканың өсуін, инновациялық процестерді және инфрақұрылымның дамуын ынталандыратын мемлекеттік саясат құралдарының бірі болып табылады. Даму институттарының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсу мен экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін нарықтық тетіктермен оңтайлы іске асырыла алмайтын міндеттерді шешу үшін "нарықтың құлдырауын" болдырмау. Даму институттары экономиканың басым секторлары мен салаларындағы жеке инвестициялар катализаторы ретінде, экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажетті қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды. (Дереккөз: ОБСЕ)
3.1) "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы (бұдан әрі – Ұлт жоспары);
3.2) Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауы;
3.3) жаңа мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жол" бағдарламасы); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жер" бағдарламасы);
3.4) қолданыстағы және өзектендірілген бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК – 2020" бағдарламасы);
4) 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бағалы қағаздарын сатып алуға тыйым салынған;
5) экономикаға мемлекеттің қатысуын 2020 жылға ЭЫДҰ елдері деңгейіне – 15 % дейін азайту міндеті.
Экономиканы дамытудың қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларына өзгерістер енгізу мен жаңаларын қабылдаудан басқа, 2017 жылы Стратегияны өзектендірудің қажеттілігі жоғары шикізаттық баға циклінің аяқталуына және мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту жөніндегі міндеттер шеңберінде жалпы экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне байланысты болды.
Осы құжат "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және қызмет бағыттарының өзге де салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленді және оның 2014 – 2023 жылдарға арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Сыртқы ортаны талдау
1.1 Бәсекеге қабілеттілік индексі мен негізгі субиндекстер серпіні
Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) экономикалардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы есебіне сәйкес Қазақстан соңғы жылы 11 позициядан айырылып, 2016 жылы рейтингте 138 елдің ішінде 53-орынға ие болды. Онжылдық кезеңді қарау кезінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда айтарлықтай өспегені және макроэкономикалық циклдерге байланысты жоғары құбылмалық сақталып отырғаны анықталды:
1-сурет. Қазақстан экономикасының 2006 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің серпіні
Дереккөз: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы ДЭФ есебі
ДЭФ есебі Қазақстан позицияларының 2016 жылғы әлсіреуін мұнай экспортынан түсетін табысты жоғалтумен байланысты мемлекеттік қаржы жағдайының нашарлауымен түсіндіреді.
Есеп авторларының жіктемесі бойынша, Қазақстан экономикасы басқа 16 елмен қатар (Алжир Халық Демократиялық Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Бутан Корольдігі, Боливия Көпұлтты Мемлекеті, Ботсвана Республикасы, Бруней-Даруссалам Мемлекеті, Габон Республикасы, Гондурас Республикасы, Кувейт Мемлекеті, Моңғолия, Нигерия Федеративтік Республикасы, Филиппин Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина, Венесуэла Боливария Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы) 1-кезең ("Ресурсқа бағдарланған экономика") мен 2-кезең ("Тиімділікке негізделген экономика") арасындағы дамудың транзиттік кезеңіндегі экономика ретінде анықталады. Дамудың үшінші кезеңіне инновацияларға бағдарланған экономикалар жатады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінің арасында Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасы (37-орын) мен Ресей Федерациясынан (43-орын) кейін үшінші орынды алып отыр. Қазақстан Республикасы экономикасының көрсеткіштері соңғы жылы төрт бағытта едәуір нашарлағанын көруге болады:
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | Соңғы жылда индекстің өзгеруі2 | |
A. Базалық параметрлер | ||||||||||||
Даму институттары | 75 | 80 | 81 | 86 | 91 | 94 | 66 | 55 | 57 | 50 | 49 | +1 |
Инфрақұрылым | 66 | 71 | 76 | 75 | 81 | 82 | 67 | 62 | 62 | 58 | 63 | -5 |
Макроэкономикалық орта | 10 | 25 | 74 | 59 | 25 | 18 | 16 | 23 | 27 | 25 | 69 | -44 |
Денсаулық және бастауыш білім беру | 86 | 94 | 81 | 80 | 85 | 85 | 92 | 97 | 96 | 93 | 94 | -1 |
B. Тиімділік элементтері | ||||||||||||
Жоғары білім және кәсіби даярлау | 51 | 57 | 59 | 59 | 65 | 65 | 58 | 54 | 62 | 60 | 57 | +3 |
Тауарлар мен көрсетілген қызметтер нарығының тиімділігі | 44 | 63 | 80 | 84 | 86 | 87 | 71 | 56 | 54 | 49 | 62 | -13 |
Еңбек нарығының тиімділігі | - | 15 | 12 | 18 | 21 | 21 | 19 | 15 | 15 | 18 | 20 | -2 |
Қаржы нарығының дамуы | - | - | - | 111 | 117 | 121 | 115 | 103 | 98 | 91 | 104 | -13 |
Технологиялық дайындық | 66 | 77 | 75 | 69 | 82 | 87 | 55 | 57 | 61 | 61 | 56 | +5 |
Нарық көлемі | - | 56 | 55 | 55 | 55 | 55 | 55 | 54 | 52 | 46 | 45 | +1 |
C. Инновациялар және бәсекеге қабілеттілік | ||||||||||||
Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі | 72 | 85 | 86 | 88 | 102 | 109 | 99 | 94 | 91 | 79 | 97 | -18 |
Инновациялар | 70 | 75 | 62 | 78 | 102 | 116 | 103 | 84 | 85 | 72 | 59 | +13 |
2-сурет. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік факторларының 2006 – 2016 жылдар кезеңіндегі серпіні.
Дереккөз: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы ДЭФ есебі
Неғұрлым елеулі нашарлау "Макроэкономикалық орта" факторында байқалады:
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | Соңғы жылы индекстің өзгеру3 | |
Бюджеттік теңгерім ЖІӨ-ден %-бен | 9 | 15 | 59 | 29 | 32 | 16 | 12 | 13 | 9 | 10 | 108 | -98 |
Жалпы ішкі жинақ ЖІӨ-ден %-бен | 23 | 47 | 48 | 14 | 31 | 12 | 13 | 36 | 37 | 31 | 45 | -14 |
Инфляция, өзгеріс пайызбен | 89 | 104 | 121 | 119 | 110 | 117 | 110 | 93 | 107 | 115 | 113 | 2 |
Мемлекеттік борыш ЖІӨ-ден %-бен | 6 | 6 | 13 | 11 | 7 | 12 | 14 | 14 | 11 | 12 | 17 | -5 |
Елдің кредиттік рейтингі | - | - | - | - | 73 | 69 | 57 | 53 | 48 | 54 | 62 | -8 |
2 "+" рейтингте позицияның жақсарғанын, "-" - нашарлағанын білдіреді.
3 "+" рейтингте позицияның жақсарғанын, "-" - нашарлағанын білдіреді.
3-сурет. "Макроэкономикалық орта" факторы бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілік индикаторларының 2006 – 20164 жылдар кезеңіндегі серпіні.
Дереккөз: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы ДЭФ есебі
1) Бюджеттік теңгерім ЖІӨ-ден %-бен
4-сурет. Қазақстанның 2005 – 20165 жылдар кезеңіндегі бюджеттік теңгерімі, ЖІӨ-нің %-мен
Дереккөз: "Әлем экономикасының даму перспективасы" ДЭФ деректер базасы
Бұл индикатор бойынша жағдайдың нашарлауы негізінен шикізат ресурстарына бағаның елеулі төмендеуі салдарында 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы Ұлттық қорға түсімнің 53 % қысқаруы себебінен болды. Шикізат ресурстарына бағаның төмен болуы заңды тұлғалардан – мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша салық түсімдерінің 54 %-ға, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 52 %-ға, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатының ренталық салығы бойынша 69 %-ға және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін Өнімді бөлу туралы бекітілген келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің 27 %-ға қысқаруына әкеліп соқты. Сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін қосылған құн салығы 21 %-ға және халықаралық сауда мен сыртқы операциялар салығы 17 %-ға қысқарды. Ең аз дәрежедегі бюджет тапшылығы мемлекеттік шығыстарды, оның ішінде әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, көлікке, коммуникация және борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстарды арттыруға байланысты.
________________________
4Белгілі бір жыл үшін бәсекеге қабілеттілік индикаторлары бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштер бойынша нақты деректерге негізделген. Айталық, 2016 жылғы "ЖІӨ-ден % бюджеттік теңгерім" индикаторын есептеу үшін 2016 жылғы сәуірде "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" ХВҚ деректер базасында жарияланған 2015 жылғы бюджеттік теңгерім бойынша нақты деректер пайдаланылған.
52016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" ХВҚ деректер базасынан алынған.
Осы тренд жалғасқан жағдайда (мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі мен Ұлттық қор қаражатының қысқаруы) мемлекеттік шығыстарды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – ЕҰ) арқылы қорландыруды елеулі қысқарту қажет болады. Егер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметті мемлекеттік қорландыру көзін ішкі және сыртқы капитал нарығынан қорландырудың балама көздерімен алмастыра алмаса, онда өңдеу өнеркәсібін, экспорттаушыларды және тұрғын үйге қолжетімділікті қолдау көлемінің қысқартылуы мүмкін, бұл экономика өсімінің баяулауына әкеп соғады. 2011 – 2016 жылдары экономиканың шикізаттық емес секторларының негізгі капиталына инвестициялар көлемі ЖІӨ шаққанда орта есеппен 11 – 12 % құрады, оның жартысына жуығы мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржыландыру көздеріне жатады. Мемлекеттік қолдау төмендеген жағдайда, экономикаға инвестициялар айтарлықтай қысқарады, бұл өз кезегінде, елдің ЖІӨ қысқаруына әкеліп соғады.
2) Жалпы ішкі жинақ ЖІӨ-ден %-бен
5-сурет. 2005-20166 жылдар кезеңіндегі жалпы жинақ ЖІӨ-ден %-бен
Дереккөз: "Әлем экономикасының даму перспективасы" ДЭФ деректер базасы
Осы көрсеткіш 2014 – 2015 жылдар кезеңінде экономиканың мұнай секторынан түсетін табыстың қысқаруына байланысты азайды. Ішкі жинақтар әрі қарай қысқарған жағдайда, экономиканың өсімі сыртқы немесе мемлекеттік салымдар болмағанына байланысты қосымша шектелетін болады.
3) Инфляция, өзгерістер, %-бен
6-a-сурет. 2005-20167 жылдар кезеңіндегі инфляция деңгейінің өзгеруі, пайызбен
Дереккөз: "Әлем экономикасының даму перспективасы" ДЭФ деректер базасы
Ұлттық валютаның девальвациясына қарамастан, елде мемлекет тауарлар мен тұтынушы қоржынының көрсетілетін қызметтеріне бағаның өсуін белсенді ұстап тұруына байланысты орташа жылдық инфляция 2014 – 2015 жылдар кезеңінде айтарлықтай өзгерген жоқ.
Жоғары инфляция, жергілікті мемлекеттік және жеке қаржыландыру болмаған жағдайда Қазақстан экономикасының даму қарқынын бәсеңдете отырып, үлестік және борышқорлық шетелдік қаржыландыруды тартуға кедергі жасайды. 2016 жылғы инфляция деңгейі (ДЭФ сәйкес болжамды мән – 13,1 %) Қазақстан экономикасына шетелдік қаржыландыруды тартуды айтарлықтай шектеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) деректеріне сәйкес елдегі инфляцияның біраз айырмашылығы болды, оның шырқау шегі 2015 жылы болды және 2016 жылы нысаналы 6-8 % мәнінен айтарлықтай ауытқулар болған жоқ.
_______________________
62016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" ХВҚ деректер базасынан алынған
72016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" ХВҚ деректер базасынан алынған.
6-б-сурет. 2005-20168 жылдар кезеңіндегі инфляция деңгейінің өзгеруі, пайызбен
Дереккөз: ҚР ҰЭМ
4) Мемлекеттік борыш ЖІӨ-ден %-бен
7-сурет. 2005-20169 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік борышы ЖІӨ-ден %-бен
Дереккөз: "Әлем экономикасының даму перспективасы" ДЭФ деректер базасы
"Мемлекеттік борыш" субиндексі бойынша Қазақстан 138 елдің ішінде 17-орынды иеленді, ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орында, бұл салыстырмалы түрде қарыз алудың қалыпты деңгейін көрсетеді. 2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін Мемлекеттік борыш негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыз сомаларының ұлғаю есебінен өсті. Өсудің бір бөлігі 2015 жылғы теңге девальвациясымен және соған сәйкес, шетелдік валютада деноминалданған сыртқы қарыздарды қайта бағалаумен түсіндіріледі. Мемлекеттік борыштың әрі қарай өсуі қаржыландыру құнының біртіндеп өсуімен тоғысуы мүмкін.
5) Елдің кредиттік рейтингі
Елдің кредиттік рейтингінің индикаторы 8 позицияға төмендеді. Осы индикатор үшін деректер көзі "Institutional Investor" агенттігінің тәуелсіз кредит рейтингі болып табылады. Бұл агенттіктің кредит рейтингін есептеу әдістемесі жекеменшік құқығымен қорғалған және ашылмайды.
______________________
8ҚР Ұлттық Банкі өтінішіне сәйкес болжамды деректер.
92016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" ХВҚ деректер базасынан алынған.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін халықаралық рейтинг агенттіктерінің талдауы елдің кредит қабілеттілігінің төмендеу трендін көрсетеді. S&P рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) шетелдік валютада 2014 жылы "ВВВ+"-тен 2016 жылы "ВВВ-"-қа (немесе екі сатыға), Fitch Ratings рейтингті 2014 ж "ВВВ+"-тен 2016 жылы "BBB"-ға "тұрақты" болжамға (бір сатыға төмен) түсірді.
Тәуелсіз рейтинг мемлекеттің қаржыландыруды тартуына әсер етеді және айтарлықтай төмендеген жағдайда, жаңадан тартылатын қаржы құралдары бойынша пайыздық мөлшерлеменің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Қазіргі уақытта мемлекеттік табыстарға борыштың қызмет көрсету коэффициентінің қатынасы шекті 15 % деңгейі кезінде 10 %-дан төмен және егер борышқа қызмет көрсету бойынша мемлекеттік шығындар шектеулі мемлекеттік табыстар жағдайында өсетін болса, ол бюджет теңгерімі мен экономиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің төмендеуіне макроэкономикалық ортаның нашарлауынан басқа, қаржы нарығының дамушылығы мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторлар айтарлықтай әсер етті.
2016 жылы қаржы нарығының даму деңгейі бойынша ел рейтингі кредит беру, венчур капиталының қолжетімділігі, банк жүйесінің тұрақтылығы және қор биржасын реттеу тиімділігінің нашарлау есебінен 13 тармаққа төмендеді. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлерге бизнес жүргізу кедергілерін айқындау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша 13,9 % респондент бизнес жүргізу үшін жемқорлықтан кейінгі екінші орын алатын кедергі қаржыландыруға қолжетімділік деп анықтады.
2016 жылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Қазақстан рейтингі 18 тармаққа нашарлады. Төмендеу себебі кластерлерді дамыту, өндіріс процесін дамыту, құрылатын қосылған құн мөлшері және халықаралық дистрибуцияны бақылау жағдайы сияқты сапалық көрсеткіштердің нашарлауы болып табылады.
1.2 2016 жылы және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылған кезден үш жылдық кезеңдегі макроэкономикалық факторлардың серпіні
Қазақстанда макроэкономикалық жағдай (үш жылдық кезең перспективасында) соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге (төмендегі 8-сурет) ұшырады, атап айтқанда:
Нақты ЖІӨ өсу қарқыны: шикізаттық жоғары бағалар циклінің аяқталу нәтижесінде 10-15 жыл перспективасында төмен жағдай күтіле отырып, экономикалық өсу қарқыны айтарлықтай баяулады.
8-сурет. Қазақстанның нақты ЖІӨ өсу қарқынының серпіні, %
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Brent мұнайына нақты орташа "спот" баға, ҚР ҰЭМ Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2014 – 2018 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – ӘЭДЖ) (2014 жылғы 21 қазандағы № 46 хаттама) шеңберінде дайындаған бір баррель үшін – 90,0 доллар мөлшерінде есептелген 2016 жылдың болжамымен салыстырғанда, 2016 жылдың соңында бір баррель үшін 53,3 долларды құрады.
Валюта бағамы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 20 тамызда еркін құбылмалы валюта бағамына ауысу туралы шешім қабылдады, соның нәтижесінде ұлттық валюта девальвацияға ұшырады.
9-сурет. Ұлттық валюта –теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының серпіні.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты
Осылайша, АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жылдың нәтижелері бойынша 342,2 теңгені (2013 жылдың соңындағы айырбастау бағамынан – 153,6 теңге 2,2 есе жоғары) құрады.
Экономикада кредит ресурстарының қолжетімділігі және құны: барлық жоғарыда баяндалған факторлар нәтижесінде, сондай-ақ ұлттық валюта тартымдылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде базалық мөлшерлемені белгіледі. Нәтижесінде бір күндік РЕПО10 бойынша мөлшерлеме мөлшері 2014 жылғы 5,5 %-дан 2016 жылдың соңына 12 %-ға дейін артты.
_______________________________
10РЕПО мәмілесі – алдын ала белгіленген баға бойынша белгіленген мерзім өткеннен кейін міндетті айналма сатылыммен бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі
10-сурет. "РЕПО" операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мөлшерлемелерінің серпіні, пайызбен.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені арттыруы теңгемен өтімділіктің және экономиканы коммерциялық банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) кредиттеу көлемінің қысқаруына ықпал етті. Нәтижесінде экономиканың шикізаттық емес салаларын қаржыландыруды негізінен мемлекеттік даму институттары жүзеге асырды және 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша экономиканың шикізаттық емес секторында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұзақ мерзімді кредиттік портфелінің арақатынасы 81 % құрады.
1.3 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз қызметінде мемлекеттік саясаттың индустриялық-инновациялық даму, ұлттық өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы секторындағы міндеттерді іске асыру, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыру саласындағы негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады.
Мемлекет дамуының негізгі бағытын айқындау мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасында іске асырылуы Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдері қатарына кіруіне ықпал ететін бес стратегиялық бағытты белгіледі:
1) адами капиталды – инновациялардың басты қозғалтқышын дамыту;
2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамалардың дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды қажетсінетін экономикаға ауысу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезеңді тәсілді қабылдау жолмен экономика салаларын дамыту;
4) ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажет ететін экономиканың инфрақұрылымын жеделдетіп қалыптастыру;
5) әлемдік және өңірлік экономикаға интеграциялауды тереңдету.
Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасында ғылымды қажетсінетін экономиканың басты элементтері – инновациялар, инвестициялар мен кәсіпкерлік анықталған.
Экономикалық өсу негізі еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді өсуі, инновацияларды дамыту, өндіріс пен экспортты әртараптандыру, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және ішкі ресурстарды белсенді пайдалану есебінен елдің бизнес-секторларын дамыту болуы тиіс.
Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы – 2050" Қазақстан халқына Жолдауы және Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар әзірленді. Стратегия бекітілген кезден бері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 2015 жылғы 6 сәуірде "Нұрлы жол" бағдарламасы (2016 жылғы 11 мамырда өзектендірілді) және "Нұрлы жер" бағдарламасы әзірленді. ИИДМБ макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты 2016 жылғы 6 қыркүйекте өзектендірілді. "БЖК – 2020" бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты 2015 жылғы 31 наурызда жаңартылды. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардағы аталмыш өзгерістер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның осы бағдарламаларды 2017 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру бойынша міндеттерді өзектендіру барысында ескерілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауына сәйкес мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша оператор болуы тиіс "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қайта құру керек. Бұл ретте жеке сектор атқара алатын функцияларды бизнеске беру бөлімінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ функцияларын өзектендіру қажет. Сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес көздерден қарыз алу керек.
1.3.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды бекіту
2015 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт жоспарын жариялады.
Ұлт жоспарына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар" бастамасы (бұдан әрі – бастама) бойынша экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнес көшбасшыларын қолдауға бағдарлана отырып, 62-қадамды орындауға қатысады.
Бастама Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттілік көшбасшысы бола алатын, өсу перспективасы бар отандық бизнестің табысты кәсіпорындарын айқындауға бағытталған.
Қолдау шаралары үш негізгі бағыттан тұрады: қаржылық қолдау, консалтингтік қолдау және институционалдық қолдау (мемлекеттік органдармен өзара әрекет бойынша жұмысты үйлестіру).
Қаржылық қолдау шеңберінде бастама қатысушыларына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарының ішкі құжаттарына сәйкес олардың қаржы құралдарына қолжетімділік беріледі.
Консалтингтік қолдау шеңберінде консалтингтік кәсіпорындарды тарта отырып, қызмет тиімділігін басқару және арттыру саласында озық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетіледі.
Институционалдық қолдау жалпы салалық кедергілерді жою үшін бастамаға қатысушы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалогқа бастама жасауға бағытталған.
1.3.2 Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламалары
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы
"Нұрлы жол" бағдарламасының басым бағыттарының бірі өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) пен ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру болып табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде негізгі міндеттерді іске асыру үшін тартылуы мүмкін:
1) тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым құру міндеті шеңберінде "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС (бұдан әрі – KPPF) жобалық құжаттаманы дайындау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу және консультация беру арқылы міндетке қол жеткізуге жәрдемдесетін болады;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту міндеттері шеңберінде ШОБ субъектілерін қолдау бөлігінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Даму) мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бөлігінде "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ресурстары қатысатын болады;
3) экспортты қолдау міндеті шеңберінде ҚДБ және "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазақЭкспорт) ресурстары тартылды;
4) отандық машина жасауды қолдау міндеті шеңберінде отандық автомобильдерді, тікұшақтар мен теміржол вагондарын өндірушілерді лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын ҚДБ-ның еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚДБ-Лизинг) ресурстары тартылды.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Халықтың тұрғын үйге жоғары мұқтаждығына байланысты "Нұрлы жер" бағдарламасы әзірленді. Инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды, жекеменшік құрылысшыларды қаржылық ынталандыруға, тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін тиімді пайдалануға және кредиттік тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс қаржыландыруға ауыстыру мәселесіне басты назар аударылды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметінің бес стратегиялық бағытының бірі тұрғын үй қолжетімділігін арттыру болып табылады. "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚТҚЖБ), "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚИК) және "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – БД), "Кепілденген тұрғын үй құрылысының қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ТҚКҚ) және Даму ресурстары мынадай міндеттер бойынша тартылатын болады:
1) ипотекалық кредит беру қолжетімдігін арттыру – 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен ипотекалық кредит сомасының жылдық 7 % дейін жыл сайын субсидия бөлінеді, олар ҚИК қаржы агенті арқылы жіберілетін болады;
2) тұрғын үй құрылысына жекеменшік құрылысшыларды ынталандыру - 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен Даму қаржы агенті арқылы жіберілетін кредит беру мөлшерлемесінің жылдық 7 % субсидия жыл сайын бөлінетін болады;
3) БД жергілікті атқарушы органдардан бағалы қағаздарды сатып алу және шартталған салымдарды кредиттік тұрғын үйлерді салуға бағытталған қаражат айналымын қамтамасыз ету үшін ЕДБ-ге орналастыру арқылы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша кредиттік тұрғын үйлерін салу, 2017 жылдан бастап салымшыларға кредит беру мақсатында ҚТҚЖБ 5 жыл ішінде жыл сайын 120 млрд. теңге қосымша бөлетін болады;
4) халықты жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 2017 – 2018 жылдары ҚИК арқылы жалға берілетін тұрғын үй салу жалғасатын болады;
5) ТҚКҚ қатысуымен үлестік салымшыларды қорғау тетігін іске асыру.
1.3.3 Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, "БЖК – 2020" бағдарламасы
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
ИИДМБ негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін басым ынталандыру болып табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ИИДМБ-ның негізгі операторының бірі болып табылады және бағдарламаның негізгі міндеттерінің барлығын іске асыруға қатысады:
1) тиімді базалық индустрияны құру міндеттері шеңберінде ҚДБ, ҚДБ-Лизинг және Даму жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
2) индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру міндеттері шеңберінде ҚДБ ірі жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
3) тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайды қамтамасыз ету міндеттеріне қол жеткізу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ҚДБ, ҚДБ-Лизинг, Даму мен ҚазақЭкспорт өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға қолдау көрсетеді;
4) инновациялық белсенді бизнестің көптеп пайда болуы үшін алғышарттар жасау бойынша басты міндеттің негізгі орындаушысы "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы болып табылады (бұдан әрі – ТДҰА).
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
Даму "БЖК – 2020" бағдарламасының қаржы операторы болып табылады және кредит бойынша сыйлықақы мөлшерлемелерін субсидиялау және ЕДБ кредиттеріне кепілдік беру арқылы үш бағыт шеңберінде ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетеді:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2) экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;
3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету.
1.3.4 Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары
"Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Осы қаулы шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның үш ЕҰ үлесін және "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚИҚ) сегіз жобасын бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр, атап айтқанда:
1) ҚТҚЖБ, ҚазақЭкспорт пен ТДҰА11: қызметінің тиісті саласында кәсіби дағдылары бар стратегиялық және білікті инвесторға іске асыру жоспарланды;
2) ҚИҚ: 2018 жылға дейінгі мерзімде 812 жобаға қатысты қатысу үлесінің толық көлемін іске асыру қарастырылуда.
11ТДҰА 7 еншілес ұйымының үлесін жекешендіруді қоса алғанда: ""Алгоритм "Технопаркі" ЖШС, "Технопарк Сары-Арқа" ЖШС, "Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі" ЖШС, "Алтай" Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі" ЖШС, "Тау-металлургия жабдығының конструкторлық бюросы" ЖШС, Көлік машина жасау конструкторлық бюросы" ЖШС, "Мұнайгаз жабдығының конструкторлық бюросы" ЖШС.
12ҚИҚ жекешелендірілетін жобаларының тізімі: "Орал металл конструкциялары мен мырыш жалату зауыты" АҚ, "Досжан темір жолы" АҚ, "White Fish of Kazakhstan" АҚ, "МырзАбеК — АЛТЫН ТАС групп" АҚ, "Раннила Қазақстан" АҚ, "Ертіс Химиялық-Металлургия зауыты" АҚ, "Pams Pipe" АҚ, "А-КБК" ЖШС.
2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Ішкі ортаны талдау
2.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамына бұрын әртүрлі мемлекеттік органдардың және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқаруында болған 11 ЕҰ (осы Стратегияға қосымша) кіреді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ қолдаудың әртүрлі құралдарын ұсыну арқылы Қазақстан экономикасының дамуына жәрдемдесуді жүзеге асырады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ барлық қолданыстағы қолдау құралдарын (қаржылық, қаржылық емес) шартты түрде қызметін бес бағытына бөлуге болады – ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үйге қолжетімдікті арттыру, экспорт әлеуетін арттыру және технологиялар енгізу (төмендегі 11-суретті қараңыз).
11-сурет. Функцияның бес бағыты шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ экономиканы дамытуды қолдау құралдарының матрицасы.
Дереккөз: ЕҰ жылдық есептері (2015); ЕҰ қаржы есептері (2015)
Аталған бес бағыттың бірқатар сипаттамалар бойынша бір-бірінен айырмашылығы зор, олар:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның активтер портфеліндегі үлесі;
2) активтердің кірістілік деңгейі;
3) қызмет көрсетілетін клиенттер саны;
4) инвестициялау/қолдау көкжиегі;
5) қорландырудың үлгілік құрылымы;
6) кредит портфелінің сапасы;
7) активтерді басқарудың операциялық шығыстары.
Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бес бағыты экономиканы дамытудың байланысқан мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалары шеңберінде іске асырылады (төмендегі 12-суретті қараңыз).
12-сурет. Бірқатар сипаттамалар бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бес бағытын салыстыру
Дереккөз: ЕҰ деректері (2016)
Халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау, бес өзіндік қызмет бағытын біріктіру нәтижесінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ баламасы жоқ бірегей даму институты болып табылатынын көрсетеді (төмендегі 13-суретті қараңыз). Жүргізілген талдау, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да іске асырылатын функцияның бес бағытына мемлекеттік қолдау бір даму институтында шоғырланбайтынын, ол тиісті мамандандырылған бірнеше даму институттары арасында бөлінетінін көрсетеді.
Қызметтің бес бағыты сипаттарындағы айтарлықтай айырмашылықтар мен салыстырмалы талдау нәтижелерін ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметін аталған бес бағыт аясында жоспарлау, талдау және бағалау керек.
13-сурет. Қызметтің бес бағытын экономиканы дамыту институттары арқылы іске асырудың халықаралық практикасы.
Дереккөз: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның, KfW, BNDES, CDB (2015) жылдық есептері; жұмыс тобының талдамасы
2.2 ҚТК және SWOT атқарылуын талдау
Стратегия ықпалдастырылған даму институты ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қалыптасу міндеттерін орындау және қызметтің бес стратегиялық бағытын іске асыру үшін қызметтің 28 түйінді көрсеткіштерін айқындады.
2014 және 2015 жылдардың қорытындылар бойынша Стратегияны іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есепке сәйкес стратегиялық қызметтің түйінді көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚТК) көбі орындалды:
Р/с | Көрсеткіш | Жоспарлы мәндер | Нақты мәндер |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ықпалдастырылған даму институты ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қалыптасуына арналған міндеттер | |||
1. | ROE, % |
2014 – 0,2 |
2014 – 5,7 |
2. | ROA, % |
2014 – 0,1 |
2014 – 2 |
3. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кредиттік рейтингі | Егемендіктен төмен емес |
2014 – сәйкес: |
4. | Борыш/капитал | 7 жоғары емес |
2014 – 1,5 |
5. | Несиелік портфель сапасы (несиелік портфельге провизиялар деңгейі)13, % |
2014 – 10 |
2014 – 3 |
6. | Еңбек өнімділігі (бір қызметкердің жалпы кірісі), млн. теңге |
2014 – 65 |
2014 – 71,6 |
1-стратегиялық қызмет бағыты: Экономиканың басым секторларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу | |||
1.1 Кредиттеу және инвестициялау тетіктері арқылы экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету | |||
7. | Активтердің ЖІӨ-ге қарағандағы көлемі, % |
2014 – 6 |
2014 – 6 |
8. | Кредит портфелі14, млрд. теңге |
2014 – 1 321 |
2014 – 1 415 |
9. | Инвестициялық портфель15 (қазынашылық операциялардан басқа), млрд. теңге |
2014 – 50 |
2014 – 47,9 |
10. | Жобалардың даму тиімділігінің индексі (ҚДБ бойынша) |
2014 – 62 |
2014 – 62 |
11. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтерінен кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі (қазынашылық операцияларды қоспағанда), % |
2014 – 56 |
2014 – 60 |
1.2 Инфрақұрылымдық жоспарларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын құрылымдауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету | |||
12. | Инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттың жинақталған көлемі16, млрд. теңге |
2014 – белгіленбеген |
2014 – деректер жоқ |
13. | Консультациялық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетілген инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны |
2014 – 3 |
2014 – 1 |
1.3. Экономиканы қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау | |||
14. | Қазақстан Республикасына тартылған тікелей жеке инвестициялардың мемлекеттік қаражат бірлігіне үлесі (акционерлік капиталға) |
2014 – 1,7 |
2014 – 2,73 |
2-стратегиялық қызмет бағыты: Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау | |||
2.1 ШОБ кәсіпорындарын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету | |||
15. | Қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемі, млрд. теңге |
2014 – 328 |
2014 – 439 |
16. | Шартты орналастыру бағдарламасы бойынша берілген кредит бойынша ЕДБ тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қоса қаржыландыру мультипликаторы |
2014 – белгіленбеген |
2014 – деректер жоқ |
17. | ШОКС бюджеттен тыс көздерден қаржыландыруға тартылған қаражат үлесі, % |
2014 – 20 |
2014 – 57,1 |
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құзыреттерін дамыту | |||
18. | Бизнес ашқан оқыту бағдарламаларына қатысушылардың үлесі, % |
2014 – 10 |
2014 – 12 |
3-стратегиялық қызмет бағыты: Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту | |||
3.1 Экономиканың жаңа салалары мен инновациялық жобаларды қаржылық қолдауды қамтамасыз ету | |||
19. | Қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалар шығарған өнімдердің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге |
2014 – 8 |
2014 – 34,5 |
3.2. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту | |||
20. | Жобалардың жалпы санындағы коммерцияланған жобалардың үлесі, % |
2014 – 15 |
2014 – 25 |
3.3 Инновациялық-бағдарланған кәсіпорындардың құзыретін дамыту және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу | |||
21. | Технологиялар трансфертін іске асырған кәсіпорындардың саны |
2014 – 12 |
2014 – 17 |
4-стратегиялық қызмет бағыты: Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау | |||
4.1 Экспорттық сақтандыру мен саудалық қаржыландыруды дамыту | |||
22. | Шикізаттық емес экспортты өтеу үлесі, % |
2014 – 1,4 |
2014 – 1,4 |
4.2. Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау | |||
23. | Консультациялық қызмет көрсетілген экспорттық бағдарланған кәсіпорындардың үлесі, % |
2014 – 4 |
2014 – 5 |
5-стратегиялық қызмет бағыты: Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу | |||
5.1 Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту | |||
24. | Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққандағы үлесі, % |
2014 – 5,2 |
2014 – 5,3 |
25. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның тұрғын үй құрылысына және сатып алуға кредит нарығына қатысу үлесі |
2014 – 12,8 |
2014 – 18,9 |
5.2 "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру" құралын дамыту | |||
26. | Іске қосылатын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі, мың м2 |
2014 – 171 |
2014 – 24,618 |
5.3 Ипотекалық тұрғын үй нарығын қолдау | |||
27. | Әріптес банктерден ипотекалық қарыз талаптары құқықтарын алу көлемі, млрд. теңге |
2014 – 10 |
2014 – 12,5 |
5.4 Ипотекалық кредиттерге кепілдік беруді дамыту | |||
28. | "ҚИККҚ20" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыздың үлесі, % |
2014 – 9 |
2014 – 7,1 |
14-сурет. 2014 – 2015 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ҚТК орындалуы21.
_________________________
13ҚДБ, ҚТҚЖБ, ҚИК, Даму бойынша шоғырландырылған көрсеткіш
14ҚДБ, Даму, ҚТҚЖБ, ҚИК, КАҚ (ДБ) бойынша көрсеткіш шоғырландырылды
15Көрсеткіш ККМ, ҚИҚ, ҚИК, ТҰДА бойынша шоғырландырылған
16"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялар тобы инвестициялаған қаражат көлемі
17Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы шеңберінде – 153, меншікті бағдарлама шеңберінде – 48 мың шаршы метр.
182015 жылға дейін "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы бойынша – 6, меншікті бағдарлама бойынша – 24,6 мың шаршы метр.
19 "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы шеңберінде – 425,37, меншікті бағдарлама шеңберінде – 9,3 мың шаршы метр.
20 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқармасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 37/16 шешіміне сәйкес "Қазақстандық ипотекалық кредитке кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚИККҚ" АҚ) "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – ТҚКҚ) деп атауы өзгертілді.
21Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығының 24-тармағына сәйкес даму стратегиясын іске асырудың тиімділігін бірінші бағалау № 14 суретте көрсетілген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚТК 28 бойынша жылдарға бөле отырып, 2014 – 2016 жылдар кезеңіне жүргізілетін болады.
2014 жылы 28 стратегиялық ҚТК 3-і орындалған жоқ:
1) консультациялық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетілген инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны жоспарланған 3-тің орнына 1 құрады;
2) пайдалануға енгізілетін жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі жоспарланған 210,0 мың м2 орнына 24,6 мың м2 құрады;
3) ТҚКҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыздардың үлесі жоспарланған 9,0 %-дың орнына 7,1 % құрады.
2015 жылы 28 стратегиялық ҚТК 3-і орындалған жоқ:
1) шартты орналастыру бағдарламасы бойынша берілген кредит бойынша ЕДБ тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қоса қаржыландыру мультипликаторы көбіне ЕДБ өтімділік проблемасына байланысты 5:1 жоспарлы мәнінің орнына 47:1 құрады;
2) әріптес банктерден ипотекалық қарыз талаптарының құқығын алу көлемі жоспарлы 8,0 млрд. теңгенің орнына 4,7 млрд. теңгені құрады. Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу ҚИК үшін қаржыландырудың қымбаттауымен және ипотекалық кредит беру нарығының тұралауымен түсіндіріледі;
3) ТҚКҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыз үлесі жоспарлы мәнінің 9,0 %-ының орнына 5,9 % құрады. Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу ТҚКҚ жеткіліксіз капиталына байланысты 2013 жылы кепілдік беруді тоқтата тұрумен түсіндіріледі22.
Осылайша, 2014 – 2015 жылдарда бірнеше ҚТК қол жеткізбеу нарықтың сыртқы конъюнктурасымен: өтімділіктің жоқтығы, қаржыландырудың қолжетімді көздерінің қымбаттауымен және экономиканы мемлекеттік қолдаудың нашарлауымен түсіндіріледі.
SWOT-талдау
__________________________
22"2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "ҚИПКҚ" АҚ 10 млрд. теңгеге толықтыру көзделеді. Жоғарыда көрсетілген шаралар 2016 жылы "ТҚКҚ" АҚ тұрғын үй құрылысына кепілдік беруге кірісуге мүмкіндік берді.
3. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мен пайымы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және "Стратегия – 2050" қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның пайымы – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстанның экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды, оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің маңызды институты.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу жөніндегі өз миссиясын іске асыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ шешетін маңызды міндеттер мыналар болып табылады:
1) экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту;
2) кәсіпкерлікті (экономиканың жеке секторын) дамыту;
3) экономиканың урбандалуын қолдау;
4) шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
5) инновацияларды дамыту.
Алғашқы екі міндет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның екі стратегиялық бағыты бойынша негізгі қызметін іске асыру арқылы шешіледі:
1) ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау;
2) ШОБ сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау.
Экономиканы урбандауды қолдау жөніндегі үшінші міндет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің үшінші стратегиялық бағыты "Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыру" шеңберінде шешіледі.
Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау және инновацияларды дамыту жөніндегі соңғы екі міндет екі стратегиялық бағыт бойынша іске асырылады:
1) экспорттық әлеуетті ұлғайту;
2) трансферт және инновацияларды енгізу.
Осы Стратегияның 5-бөліміндегі стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша 2023 жылға нысаналы мәнін айқындай отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің ҚТК көзделген.
Жылдық аралық нысаналы мәндері мен іс-шаралары бар егжей-тегжейлі қосымша міндеттер жұмыс құжаты болып табылатын, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ әзірлеген Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде қарастырылатын болады.
4. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық даму бағыттары
4.1 1-стратегиялық қызмет бағыты. Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау
Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметі ҚДБ ЕҰ, ҚазақЭкспорт, "Қазына капитал Менеджмент" АҚ (бұдан әрі – ҚКМ), ИФК және KPPF қызметінің бағыттарының бірі болып табылады, олар борыштық және үлестік қаржыландыру құралдары, лизинг пен экспорттық сақтандыру, жобаларды консультациялық сүйемелдеу шеңберінде қолдау көрсетеді. Қызметінің бұл бағытындағы негізгі проблемалық мәселелер мыналар болып табылады:
1) қарыз алушылар бойынша кредиттік портфелінің құрылымы: 2015 жылы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кредиттік портфелі 1,9 трлн. теңгені құрады. Кредит портфелінің негізгі үлесі (~75 %) ҚДБ тиесілі. ҚДБ қолдау құралдарымен іске асырылған жобаларды талдауға сәйкес (құны бойынша) жобалар құнының 85 % жуығы квазимемлекеттік сектордың субъектілерін қоса алғанда, мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындарға тиесілі (төмендегі 15-суретті қараңыз). Анықтама үшін, 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кредиттік портфелі 1,9 трлн. теңгені құрады, ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ портфеліндегі ҚДБ үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін 15 %-ға қысқарту туралы міндет қойды. Осылайша ҚДБ тарапынан инвестициялаудың ағымдағы тәжірибесі мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі міндетті қолдамайды.
15-сурет. Маңызды жобалар бойынша үлес көрсетілген салалар мен қарыз алушылар бойынша ҚДБ кредиттік портфелінің құрылымы.
Дереккөз: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаржылық есептілігі (2016 жылғы алты айы); ҚДБ деректері
2) қарызға алу құны: 2016 жылғы мамырда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ, ҚДБ, 32,3 млн. АҚШ доллары мөлшерінде Sumitomo Mitsui Banking Corporation сыртқы қарызын тартты. Тарту сәтінде аталған қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 3,66 % құрады (жылдық 6mLibor+2,75 %). 2016 жылғы желтоқсанда ҚДБ 170 млн. АҚШ доллары мөлшерінде Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінен сыртқы қарызды тартты. Тарту сәтінде аталған қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 3,99 % құрады (жылдық 6mLibor+2,7 %).
Мемлекеттік қаржы институттары іс жүзінде тартқан қарыз қаражатын (өтеу мерзімдері ұқсас) кредиттік рейтингтің (BB+ бастап BBB- дейін) 2015 – 2016 жылғы кезеңдегі салыстырылатын диапазонымен салыстырмалы талдаудың негізінде (төмендегі 16-суретті қараңыз) ҚДБ пайыздық мөлшерлемелері салыстырмалы даму банктерінің пайыздық мөлшерлемелерімен бір деңгейде екендігі анықталды.
16-сурет. Қаржы институттарының 2015 – 2016 жылдардағы кезең үшін ВВ+ бастап ВВВ– дейінгі кредиттік рейтингімен сыртқы қарыз қаражатын тарту шарттары.
Дереккөз: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаржылық есептілігі (2015); Bloomberg
3) мәмілелерді іздеуге және құрылымдауға "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның реактивті тәсілі: ағымдағы операциялық үлгіде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кәсіпкерлермен тікелей өзара іс-қимылдың шектелген көлеміне ие, себебі тікелей қолдау ЕҰ деңгейінде іске асырылады. Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жылына 3-5 мәмілемен шектелетін ірі бизнес сегментіндегі жобаларды кешенді қолдау шеңберінде экономиканың басым секторларындағы қандай да бағыттарды қолдауға белсенді бастамашылық ететін болады;
4) кросс-функционалдылық (кешенді қолдау): жобаларды талдау және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ негізгі басшыларымен сұхбат барысында анықталғандай, үш жылда кешенді қолдау шеңберінде 2 жоба ғана іске асырылған. Мұндай жағымды мысалдар "Аллюр кәсіпорындар тобы" АҚ және "ОАОЭК" АҚ-мен жобалар болып табылады. Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде үйлестіру мен тарту болған кезде кешенді қолдау тәжірибесін кеңейтудің елеулі әлеуетінің болуы байқалады.
Бұл ретте ИИДМБ сәйкес қолдау үшін жобаларды іріктеу еңбек өнімділігін ұлғайту, өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайтуды ескере отырып іске асырылатын болады;
5) кредиттік портфельдің сапасы – жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі (өтеу кестесінің іркілісі 90 күннен артық): 2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңдерде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кредиттік портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін 3 еседен артық төмендетті (~22 % -дан 7 %-ға дейін). Алайда жұмыс істемейтін қарыздардың ағымдағы деңгейі салыстырылатын даму институттарының орташа деңгейінен әлі де 3 есе асады (төмендегі 17-суретті қараңыз). "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейін төмендету жөніндегі одан арғы шараларды қарастыратын болады, бұл кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға және кейінгі инвестициялауға қаражатты босатуға мүмкіндік береді.
17-сурет. Қаржылық даму институттарының портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін салыстырмалы талдау.
Дереккөз: даму институттарының жылдық есептемелері (2012 – 2015), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржылық есебі (2016)
Бұл ретте 2015 жылдың қорытындысы бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жұмыс істемейтін кредиттерінің жалпы көрсеткішіндегі ҚИҚ үлесі (181,4 млрд. теңге) 93,6 % немесе 169,8 млрд. теңгені құрады. Осылайша, аталған көрсеткіш ҚИҚ ескермегенде 0,6 % құрады;
6) проблемалық активтер/жобалар: 2013 – 2015 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ проблемалық активтермен/жобалармен жұмыс істеу үшін проблемалық активтердің/жобалардың едәуір үлесін ҚДБ-нен ҚИҚ-на шығарды. ҚИҚ берілген жобалардың бастапқы құны шамамен 326 млрд. Теңгені23 құрады, ал әділ құн 2015 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 32 млрд. теңгені құрады (бастапқы құннан 90 %-ға төмен).
Осыған байланысты, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ екі түйінді мәселе бойынша шешімдер әзірлейтін болады:
1) жұмыс істемейтін қарыздардан шығынның ықтималдылығын азайту үшін мәмілелердегі тәуекелдерді басқару тәсілдерін (оның ішінде, қарыз алушының кредиттік тәуекелдерін бағалау үлгісі, инвестициялық жобаларды талдау сапасы, қарыз алушыға валюталық тәуекелдерді беру тәжірибесі, кепілдерді бағалау және басқару тәжірибесі және т.б.) қалайша жақсартқан жөн?
2) қарыз алушының дефолтынан кейін жұмыс істемейтін қарыздардан шығындарды азайту үшін проблемалық активтермен/жобалармен жұмыс үлгісін қалайша өзгерткен жөн?
____________________________
232015 жылдың соңына ҚИҚ есептік деректері бойынша, ҚИҚ ҚДБ пайдасына төлеуі тиіс берілген активтер цессия шарттарына сәйкес 320 млрд. теңгені құрайды.
4.2 2-стратегиялық қызмет бағыты. Шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
Шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметін Даму ЕҰ, ТДҰА, ҚазақЭкспорт, ҚДБ, ҚКМ, KPPF іске асырады, олар қаржылық (гранттар, венчурлық қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, ЕДБ кредиттерін ішінара кепілдендіру, ЕДБ-де қаражатты шартты орналастыру, жеңілдікті кредиттеу, экспорттық және экспорт алды қаржыландыру, үлескерлік қаржыландыру), қаржылық емес (жобаларды консультативтік сүйемелдеу) құралдар шеңберінде қолдау көрсетеді.
Соңғы бес жылда Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың оң серпіні байқалады. ШОБ-тың ЖІӨ құрылымындағы үлесінің көрсеткіші 2011 жылы 17,3 %-дан 2015 жылы 24,9 %-ға дейін өсті. Белсенді қолданыстағы субъектілердің саны бес жылда 1,5 есе ұлғайды және 2016 жылы 1,2 млн. субъекті болды. ШОБ секторында жұмыспен қамтылған халықтың көрсеткіші ұлғайды және 2016 жылғы қазанда 3,1 млн. адамды құрады (төмендегі 18-суретті қараңыз). Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Doing Business рейтингісі көрсеткендей, "кәсіпорындарды құру" (+9), "құрылысқа рұқсаттар алу" (+56), "электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" (+27) және т.б. сияқты позициялар бойынша жақсарту есебінен Қазақстан 16 орынға көтеріліп, 190 елдің арасынан 35 орынды алды. Сондай-ақ "кредит алу" (-5) және салық салу (-3) көрсеткіштері бойынша төмендеу байқалады.
| |
|
18-сурет. ШОБ негізгі көрсеткіштерінің серпіні.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Алайда, ШОБ секторын дамытуда Қазақстанның әлеуеті зор. ШОБ секторын дамытудың деңгейі Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Африка және Қытай сияқты дамушы елдерге қарағанда едәуір төмен болып қалуда. Дамушы елдердің ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің орташа көрсеткіші 42 %-ға тең, ал жұмыспен қамтылғандар үлесі ел халқының жалпы санынан 64 %-ды құрайды. Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің көрсеткіштері дамушы елдердің орташа көрсеткішінен 1,5 есе төмен, ал жұмыспен қамтылғандардың үлесі республиканың экономикалық белсенді халқынан 35 %-ға тең, бұл орташа көрсеткіштен 2 есе төмен.
Қазақстандағы ШОБ дамуын қаржыландыруды шектейтін негізгі факторлар ШОБ секторындағы кәсіпкерлерді шектеулі қамту (саны бойынша), орта бизнестің қосалқы сегментіне даму институттарының тарапынан қолдаудың бағдары, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, даму институттарының тарапынан қаржылық қолдау құралдарындағы ынталандырушы құрамдас бөліктердің жоқтығы, сондай-ақ ЕДБ кредиттеудің жоғары мөлшерлемелері болып табылады.
Дегенмен, ШОБ субъектілерінің санын және аталған субъектілер шығаратын өнімнің көлемін ұлғайту ШОБ субъектілерінен салықтық аударымдар мөлшерінің едәуір ұлғаюына алып келді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша ШОБ секторының субъектілерінен түсетін жыл сайынғы салықтық аударымдардың сомасы 2012 жылдан 2015 жылға дейін 3,5 есе өсіп, 2015 жылы 1,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте, ШОБ секторының салықтық аударымдар мөлшерлерінің өсімінен ШОБ секторының мемлекеттік қаржылық қолдау өсімінің қалуы байқалады. "БЖК – 2020" бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және бағдарламаның үш бағыты бойынша кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдендіруге 111,0 млрд. теңге бөлінді. 2014 – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің бірлескен іс-қимыл жоспарының шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті қолдау желісі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қосымша 200 млрд. теңге бөлінді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 және 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулылары).
Осылайша, ШОБ мемлекеттік қолдау сомасы 2015 жылы 145 млрд. теңгені құрады, бұл ШОБ секторы субъектілерінің салықтық аударымдарынан тек 11 % тең. 19-суретте салықтық аударымдардың көлемі мен мемлекеттік қолдау көлемінің арақатынасын көруге болады. Осылайша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға мемлекет тарапынан ШОБ секторын дамытуға қолдау көлемін ұлғайту туралы мәселеге бастамашылық ету ұсынылады.
19-сурет. ШОБ секторының салықтық аударымдарын және мемлекеттік қолдау көлемін салыстыру, млрд. теңге.
Дереккөз: жұмыс тобының талдауы, Даму жылдық есептері
"БЖК – 2020" бағдарламасының және Даму негізгі қызметінің шеңберінде 2015 жылы қаржылық қолдау 6 186 субъектіге көрсетілді, бұл "БЖК – 2020" бағдарламасының басым салаларындағы ШОБ субъектілерінің жалпы санынан тек 1,0 % құрайды (жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да). Бұл кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық қолдаумен шектеулі қамтылғандығы туралы куәландырады. Соңғы төрт жылда кәсіпкерлерді қаржылық қолдаумен қамту субъектілердің жалпы санымен салыстырғанда өсімді көрсетпейді. Бұл серпінді төмендегі 20-суреттен көруге болады.
20-сурет. ШОБ субъектілерін қолдаудың қаржылық құралдарымен қамту, пайыз.
Дереккөз: Даму жылдық есептері, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Қаражатты ЕДБ шартты орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредитті кепілдендіру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі қаржылық құралдары болып табылады.
2015 жылы ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетілген кредиттік портфелінің жалпы көлемі 524 млрд. теңгені құрады. "Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" құралы бойынша кредиттік портфель сомасы 260 млрд. теңгеге тең болды және аталған қолдаудың жартысын құрады. Бұл бағыт бойынша 163 млн. теңгеге тең қолдаудың орташа мөлшерімен 1 595 субъектіге қаржылық көмек көрсетілді.
|
21-сурет. Қаржылық қолдау құралдары және олардың негізгі көрсеткіштері, млрд. теңге.
Дереккөз: Даму жылдық есептері
Қолдаудың орташа көлемі шағын бизнестің орташа жылдық түсімінен 3 есе асады, осыған байланысты қаржылық қолдаудың негізгі бөлігі орта кәсіпкерліктің қосалқы сегментіне бағытталған, ал жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және шағын кәсіпорындар қажетті қаржыландыруды алмайды деген тұжырым жасауға болады. Төмендегі 22-суретте микро, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны, өндірілетін өнімнің көлемі және әрбір қосалқы сегменттегі жұмыспен қамтылғандардың саны көрсетілген. Осы деректердің негізінде, өндірілетін өнім көлемінің 81,1 % және жұмыс орындарының 89,1 % микро- және шағын бизнестің субъектілеріне тиесілі екені көрінеді.
Осылайша, ашылатын жұмыс орындарының және өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту тұрғысынан барынша жақсы әсерге қол жеткізу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында қаржылық қолдау құралдарының көбін орта және орта-ірі бизнестердің шектелген қатарына емес, микро және шағын бизнестің қосалқы-сегменттеріне бағдарлайтын болады.
22-сурет. 2015 жылғы сегменттер бойынша көлемде ШОБ белсенді субъектілерінің саны, өндірілетін өнімнің көлемі және жұмыс орындарының саны.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ ШОБ қаржылық қолдау шараларын көрсету кезінде қолдау көрсетілетін кәсіпорындардың тарапынан белгілі бір кезең ішінде өзінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі қарсы міндеттемелердің тетіктері көзделетін болады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда қайта қаржыландырудың жоғарғы мөлшерлемесі кезінде арнайы бағдарламалар бойынша (оның ішінде Дамудың Азия даму банкі, ЕҚҚДБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен бағдарламалары бойынша) ЕДБ тарапынан ШОБ кредиттеу мөлшерлемесі 6-дан 18 %-ға дейінгі мөлшерді құрайды. ШОБ құрылатын және дамитын салаларда маржиналдылық деңгейі кейде кредиттеу мөлшерлемесінен аздап асып кетеді, яғни қарыз қаражатының есебінен бизнестің өсу және даму мүмкіндіктері қатты шектелген.
Бұл ретте, ИИДМБ және "БЖК – 2020" бағдарламасына сәйкес қолдау үшін жобаларды іріктеу еңбек өнімділігін ұлғайту, өндірісті жаңғырту және кеңейту, өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайтуды есепке ала отырып іске асырылатын болады.
4.3 3-стратегиялық қызмет бағыты. Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның тұрғын үй қолжетімділігін ұлғайту жөніндегі қызметін ТҮҚЖБ ЕҰ, ҚИК, ТҮҚКБҚ және БД іске асырады, олар құрылысшыларды қаржыландыру, ипотекалық кредиттерді субсидиялау, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысы, жалға берілетін тұрғын үйді басқару және тұрғын үйді сатып алуды кредиттеу түрінде.
Қазақстан экономикасының өсімі халықтың болашақтағы урбандалуына тәуелді болғандықтан, тұрғын үйдің қолжетімділігін ұлғайту экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Халықтың жұмыспен қамтылуымен бірге тұрғын үйдің қолжетімділігі елдің нақты экономикалық өсімін сәтті іске асыру үшін басты факторлар болып табылады.
Тұрғын үйдің қолжетімділігі сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлардың жиынтығынан тұрады. Халықтың кірістері мен жинақ ақшасының көлемі, халықтың өсімі, урбандалу деңгейі, қазіргі тұрғын үй қорының ескіруінің жылдамдығы мен көлемдері, сондай-ақ бөлшектеп кредит берудің және жалдау құны мен қолжетімділігі сұранысқа әсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Сұранысқа сондай-ақ тұрғын үйдің сапалық сипаттамалары әсер етуі мүмкін – ілеспе (әлеуметтік және көліктік) инфрақұрылым, географиялық орналасқан жері, ауданның беделділігі, құрылыс сапасы (жоспарлануы, қабаттылығы).
Ұсынысқа (құрылыс көлемі) тұрғын үйдің шаршы метрінің өзіндік құны, салушы үшін қаржыландырудың қолжетімділігі (үлестік, борышқорлық), құрылыстағы жаңа технологиялар, адами капитал (білікті мамандардың болуы, біліксіз кадрлардың қажетті мөлшерінің қолжетімділігіндегі іркілістер, оқыту және сабақтастық), макроэкономикалық трендтер, баламалы жобалардың тартымдылығы (коммерциялық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық), индустрияның құрылымы мен сипаттамасы (ойыншылар саны, рөлдерді бөлу, шетелдік қатысушылардың болуы) әсер етеді.
Тұрғын үйді сатып алушылар үшін қаржыландырудың құны
Жалпы сатып алушылар үшін ипотекалық қарыздардың, сондай-ақ өзге кредиттік қарыздардың құны 2015 жылы едәуір ұлғайды. Аталған ұлғаю құнсыздану күтімдеріне байланысты болды, ол үшін ЕДБ еркін өтімділікті негізінен шетелдік валютада ұстады және жаңа кредиттердің теңгеде берілуін шектеді немесе валютаны қайта бағалаудан күтілетін шығынның орнын толтыру үшін оларды жоғары мөлшерлемелер бойынша берді. Бұл үрдіс кейбір ірі ЕДБ-да 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта айтарлықтай өзгермеген, ал басқаларында ипотекалық қарыздар құны төмендей бастады.
23-сурет. 2010 – 2016 жалдар кезеңінде елдің ірі ЕДБ ипотекалық кредит беру бойынша тиімді мөлшерлемелер.
Деректер көзі: "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлік нарығын талдау
Тұрғын үйді сатып алушылар табыстарының көлемі
Халықтың табысы мен жинақ ақшасы жылжымайтын мүлікті банктен қарыз алмай-ақ сатып алуға мүмкіндік беретін жағдайларда ипотекалық қарыздардың көлемдері мен құны тұрғын үйдің қолжетімділігіне әсер етпеуі мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы жалданатын қызметкерлердің номиналды орташа айлық жалақысының өсімі 11 %-ды құрады (24-сурет).
Тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін халықтың табыстарына тепе-тең өсті, бірақ 2016 жылы төмендеді (25-сурет), бұл құрылыс көлемінің өсуіне қарамастан, жалпы тұрғын үйдің қолжетімділігі жақсарған жоқ деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді (26-сурет). Ұсыныс көлемінің сұраныс көлеміне сәйкес келмеушілігі немесе жалпы құрылыстың жеткіліксіз көлемі себеп болуы мүмкін. Жалақы өсу қарқынының сақталуы кезінде 2016 жылы тұрғын үйдің бір шаршы метріне бағаның түсуі соңғы жылы тұрғын үйге қолжетімділіктің жақсарғанын көрсетеді.
24-сурет. 2010 – 2015 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы, мың теңге.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
25-сурет. 2010 – 2015 жылдар кезеңінде жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі үшін орташа баға, мың теңге.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Құрылыс көлемдері
2008 – 2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының көлемі жалпы экономикалық өсімнің баяулығына байланысты аз өсті. 2013 жылдан бастап, елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруымен бірге құрылыс көлемі неғұрлым елеулі қарқынмен өсті. Орташа жылдық өсім 2013 жылдан 2016 жылға дейін 15 % құрады.
26-сурет. 2010 – 2016 жылдар кезеңінде пайдалануға енгізілген тұрғын ғимараттарының аумағы, мың шаршы метр.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Тұрғын үй салушылар үшін қаржыландырудың қолжетімділігі
Тұрғын үй капиталына 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі салынған инвестицияларды талдау көрсеткендей, жобаларды қаржыландыру құрылымы, жеке қаражат есебінен қаржыландыру үлесі 4,8 %-дан 22,7 %-ға дейін ұлғайтылып, аздаған өзгерістерге ұшырады. Қаржыландырудың мемлекеттік көздерінің үлесі 27,4 %-дан 13,4 %-ға дейін төмендеді. Қарыз қаражатының үлесі 2010 жылдағы 27,2 % тарихи мәнінен азайып, 2016 жылы 15,9 %-ды құрады, бұл қарыз қаражатына қолжетімділіктің шектеулігімен немесе мұндай қарыз қаражатының қымбаттылығымен түсіндірілуі мүмкін. Халықтың жеке қаражат көлемінің үлесі 2010 жылғы 40,6 %-дан 2016 жылы 48,0 %-ға өскен.
27-сурет. 2010 – 2015 жылдардағы қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй капиталына инвестициялардың көлемі, млрд. теңге.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
4.4 4-стратегиялық қызмет бағыты. Экспорттық әлеуетті ұлғайту
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған басым міндеттерінің бірі экспортты қолдау құралдарын жетілдірудің, қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуы үшін жағдай жасаудың қажеттілігі болып табылады. Сингапур, Таиланд, Малайзия сияқты елдердің тәжірибесі экспортқа бағдарланған стратегиялардың басымдылығын көрсетеді, тауарларды сыртқы нарықтарға шығару бұл елдердің қарқынды экономикалық өсуіне ықпал етті. Қазақстанның 2015 жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) енуі кәсіпкерлер алдына жаңа міндеттер қойды – енді қазақстандық тауарлар бүкіл әлемнің тауарларымен бәсекелесуі керек.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында отандық кәсіпкерлікті және өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған шаралар кешені жүйелі түрде іске асырылады.
Мәселен, Қазақстанды индустриялық дамыту жөніндегі мемлекеттің ең ауқымды бастамасы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың ИИДМБ болып табылады, оның шеңберінде ҚазақЭкспорт экспортты қолдау жөніндегі оператор болып табылады, оның қызметі өңдеуші сектордың қазақстандық өнімінің шетелдік нарықтарға шығуын қолдау бойынша балама тетіктерін құруға бағытталған.
"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту кейбір шаралар туралы" Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бірыңғай акционерінің шеңберінде отандық даму институттарын біріктіру қазақстандық өнімді экспорттаушыларды қолдаудағы кешенді тәсілді іске асыруға ықпалын тигізеді.
Жүргізілген жұмыс машина жасау, химиялық өнеркәсіп, құрылыс материалдары және тағам өнеркәсібі сияқты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы қолдау көлеміне оң әсер етті.
2023 жылға дейінгі стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер
ҚазақЭкспорт өзінің миссиясы мен пайымын іске асыру мақсатында ҚазақЭкспорттың 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында бекітілген мынадай үш негізгі стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жүргізеді:
1) қазақстандық экспортты қаржылық-сақтандыру арқылы қолдауды дамыту;
2) қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау;
3) қайта сақтандыру.
Р/с | Стратегиялық бағыттар | Мақсат | Стратегиялық міндеттер |
1 | Қазақстандық экспортты қаржылық-сақтандыру арқылы қолдауды дамыту | Қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу | Қазақстандық кәсіпорындардың тауарлық және географиялық экспансиясын ұлғайту мақсатында қаржылық-сақтандыру арқылы қолдау |
2010 – 2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ және 2015 – 2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде саудалық қаржыландыру операцияларын қолдау | |||
2 | Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау | Ұлттық экспортты қаржылық-сақтандыру арқылы қолдаудың артықшылықтары туралы отандық кәсіпорындарды ақпараттандыру | Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтерін кеңейту |
3 | Қайта сақтандыру | Қайта сақтандыру операцияларының тұрақты өсуін қамтамасыз ету | Қазақстанда қайта сақтандыру бизнесінің инфрақұрылымының дамуына және ұлттық сақтандыру нарығының сыйымдылығын ұлғайтуға жәрдемдесу |
Капиталдың шетелге кетуін азайтуға жәрдемдесу, қазақстандық сақтандыру ұйымдары үшін көлемді ұлғайту |
ҚазақЭкспорт 2014 – 2016 жылдарға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерін іс жүзінде орындау жалпы сомасы 46 млрд. теңгеден асатын қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемін қамтиды.
2014 – 2016 жылдары қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі (млн. теңге):
2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл |
7 013 | 19 857 | 19 485 |
4.5 5-стратегиялық қызмет бағыты. Трансферт және инновацияларды енгізу
2015 жылы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа төмендей отырып, 14 925,2 млрд. теңгені құрады.
Көлемдердің төмендеуі машина жасауда 29,6 %-ға, электр жабдықтарының өндірісінде – 27,1 %-ға, машиналар мен жабдықтардан өзге дайын металл бұйымдарда 3,3 %-ға, теміржол техникасында – 88 %-ға, агрохимияда – 48,1 %-ға, ТМК арналған машиналар мен жабдықтарда 46,8 %-ға белгіленді.
Бұл ретте статистика деректеріне сәйкес өнеркәсіптегі негізгі құралдардың тозуының деңгейі жаңару коэффицентінен 2 есе артуды жалғастыруда.
29-сурет. 2009 – 2015 жылдар үшін өнеркәсіптегі негізгі құралдардың тозу және жаңару деңгейінің серпіні, %.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Осылайша, өнеркәсіп өндірісі көлемдерінің төмендеуі, оның ішінде негізгі қорлардың моральдық және физикалық тұрғыдан тозуына, технологиялық артта қалушылыққа, өнім бірлігінің жоғары шығындарына байланысты.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында Үкіметке 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.
Отандық кәсіпорындарды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру үшін қазақстандық озық әзірлемелер мен технологияларды енгізу ең қолайлы. Сонымен қатар олардың Қазақстанда коммерциялану мүмкіндігі нарықтың қажеттілігіне жауап беретін енгізілуге дайын әзірлемелер санының шектеулігі, тәуекел инвестициялардың едәуір көлеміне мұқтаждық, IP мәдениетінің дамымағандығы сияқты факторлармен тежеледі.
Тиісінше, шетелдің үздік тәжірибелерін есепке ала отырып, ағымдағы сатыда кәсіпорындар мен салаларды технологиялық тұрғыдан дамытудағы негізгі назарды шетелдік озық технологиялар трансфертіне аудару орынды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық тұрғыдан дамыту мыналарды:
1) технологиялар трансферті жүйесін;
2) технологиялардың коммерцияландыру жүйесін;
3) технологиялық құзыреттерді дамыту бойынша шаралар кешенінің көмегімен жүзеге асыру болжанады.
Технологиялар трансферті жүйесін дамыту шеңберінде бір жағынан отандық бизнестің қолда бар технологиялық міндеттері анықталады, ал екінші жағынан – кәсіпорындардың технологиялық сұраныстарын шешуге арналған озық технологиялар мен оларды тасушыларды іздеу жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ол үшін әлемдік нарықта қазақстандық технологиялар трансфертінің арналарын қалыптастыру үшін де мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1) технологиялардың жергілікті және шетелдік нарығына талдау жасау;
2) әлемдік трендтерге талдау жасау, технологиялық алшақтықты айқындау және оларды жоюға жәрдемдесу;
3) технологиялар трансфертін халықаралық желіге біріктіру;
4) негізгі қызметі технологиялар трансферті саласында брокерлік қызметтер көрсету болып табылатын жетекші шетелдік мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындармен серіктестік байланыс орнату;
5) технологияларды тасушылардың қатысуымен технологияларды таныстыру / ілгерілеу үшін салалық алаңдарды ұйымдастыру;
6) технологиялар трансферті бойынша мәмілелерді сүйемелдеу, технологиялар трансферті бойынша жобаларды ілгерілеуде консультация беру және жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету.
Ағымдағы кезеңде технологияларды коммерциялау жүйесін дамыту үшін отандық технологиялық бизнесті инкубация/қалыптасу сатысынан венчурлық инвестициялау үшін тартымды болу деңгейіне дейін қолдау үшін жағдай жасау қажет.
Әлемдік тәжірибе бұл үшін анағұрлым оңтайлы құрал технологиялық бизнес – инкубация болып табылатынын көрсетеді.
Осыған байланысты, технологияларды коммерциялау жүйесін дамыту бағыты шеңберінде, инфрақұрылымды дамыту бөлігінде Қазақстанда жекеменшік технологиялық бизнес-инкубаторларды (субсидиялар, аккредитация, инкубаторлық жобаларға қатысу) құруды ынталандырудың қаржылық тетіктері әзірленеді және енгізіледі, олардың мақсаты – коммерциялаудың стратегиясын іздеу, іріктеу, әзірлеу, қаржылық және сервистік қолдау және коммерциялық тартымды инновациялық жобаларды ілгерілету.
Жобаларды қолдау және коммерцияландыру бөлігінде қаржылық құрал енгізілетін болады, оның міндетті шарты аккредиттелген технологиялық инкубаторлар жобаларын ілгерілетуге қаржылық және қаржылық емес тұрғыда қатысу болады.
Мұндай тетік мемлекетті инновациялық жобалармен және стартаптармен, яғни бизнес-қызметтермен тікелей жұмыс жасаудан алшақтату қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда венчурлық инвестициялау нарығының дамымағанын ескере отырып, венчурлық инвестор рөлін және инновациялық жобаларды іске асырудың қаржылық тәуекелін мемлекет өз жауапкершілігіне алуы тиіс. Ол үшін қазіргі қолданыстағы шарттар, инновациялық жобаларға қатысу тәсілдері мен тетіктері (жобалық және венчурлық қаржыландыру) қайта қарастырылатын болады. Осылайша, тәуекел инвестициялар нарықта ауқымдандыру сатысындағы қолданыстағы неғұрлым перспективалы инновациялық жобаларға салынады.
Бұдан басқа, технологиялардың трансферті және коммерцияландыру мақсаттары үшін инновациялық гранттарды беру рәсімі жетілдіріле түседі, олардың операторы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес "ТДҰА" АҚ болып айқындалған. Бұл сондай-ақ өтінімдерді қарастыру уақытын қысқартуды, инновациялық жобаларды сараптау рәсімін оңтайландыруды, инновациялық гранттарды беру рәсімдерін жеңілдетуді және автоматтандыруды және оларды мониторингтеуді қамтиды.
Технологиялар трансферті және коммерцияландыру бойынша қызмет бағыттарын табысты іске асыру процесіне қатысушылардың барлығының құзыреттіліктеріне байланысты, себебі технологиялық дамытуды тежеуші факторлардың бірі инновациялық экожүйе субъектілерінің құзыреттіліктерінің нашарлығы, өндірушілердің өз өндірісін жаңғыртуға және жетілдіруге деген қызығушылықтарының төмендігі немесе хабардар болудың жеткіліксіздігі және озық технологиялар мен оларды қолдану әдістері туралы ақпаратқа қолжетімділіктің шектелуі болып табылады.
Барлық субъектілерді тартуды жандандыру үшін озық технологиялар туралы білім тарату және мынадай: студенттер, стартаптар, дәстүрлі ШОБ, инженерлік-техникалық құрам, салалық қауымдастықтар, институттар мақсатты аудиторияларын қамти отырып, саладағы тиімді шешімдер бойынша жұмыстар күшейтіледі.
Өткізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша брокерлік оқиғалар (мамандандырылған салалық көрмелер) ұйымдастырылады, онда озық технологиялар көрсетіледі, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша тренингтер, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құралдары бойынша семинарлар ұйымдастырылады.
Сонымен бірге салаларда білім беру, оның ішінде технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған техникалардың және технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
4.6 Дамытудың бес бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер
4.6.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлестерін ұлғайту
Соңғы жылдары мемлекет (квазимемлекеттік секторлардың субъектілерін қоса алғанда) ел экономикасының негізгі капиталына барлық инвестициялардың шамамен 50 % жүзеге асырды (төмендегі 30-суретті қараңыз). Мемлекет тарапынан инвестициялар таяу жылдарда экономиканы дамытудағы маңызды фактор болып қала бермек, ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ел экономикасының дамуына қаражатты бағыттау бойынша оператордың басты рөлін атқаруын жалғастырады деп күтілуде.
30-сурет. 2011 – 2015 жылдардағы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларындағы негізгі капиталға инвестиция көлемінің серпіні.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті; "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның; "Самұрық -Қазына" ҰӘАҚ" АҚ және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ қаржылық есептері
Осыған байланысты 2017 – 2018 жылдар кезеңіне мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 900 млрд. теңгеден астам мөлшерде қаржыландыруға мұқтаждықты анықтады, оның 35 %-дан астамын республикалық бюджеттің және жергілікті атқарушы органдар бюджеттерінің қаражаттарынан тарту жоспарлануда.
Мемлекеттік қаржыландыру көздеріне қолжетімділіктің шектелуіне байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға мемлекеттік қаражаттардың бір бөлігін ауыстыру мақсатында баламалы қаржыландыру көздерін қарастыру қажет. Сырттан қаражаттардың көп көлемін тарту мемлекет тарапынан қарыз алу үлесін төмендетуге мүмкіндік береді, ол 2016 жылдың соңында қарыз алу базасының шамамен 40 % құрады.
Бұл ретте, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қарыз алу көлемі мен шарттары мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға бар қарыздық жүктеме деңгейіне сүйене отырып, сырттан қарыз алу көлемдерін ұлғайту бойынша әлеуетті қарастырған жөн. Сырттан қарыз алуды тарту бойынша әлеуетті бағалаудың айтарлықтай кең тараған индикаторы Қарыз/Капитал коэффиценті болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейіндегі бұл арақатынас 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша 3,4 құрады. Салыстырмалы талдау (төмендегі 31-суретті қараңыз) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да Қарыз/Капитал коэффицентінің өзге даму институттарымен салыстырғанда ең төменгі мәндердің біріне ие екенін көрсетеді. Сонымен қатар, салыстырмалы таңдау шеңберінде таңдалған барлық дамыту институттары Қарыз/Капитал ара қатынасы деңгейіне тәуелсіз ерікті деңгейде кредиттік рейтингке ие екенін атап өткен жөн. Нәтижесінде қарыздық жүктемеге жүргізілген салыстырмалы талдауға сүйене отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ капиталының ағымдағы құрылымының қарыздық жүктемені одан әрі ұлғайтуға әлеуеті бар екенін байқауға болады.
31-сурет. Даму институттарының қорландыру құрылымына, қарыздық жүктемеге және кредиттік рейтингтерге салыстырмалы талдау.
Дереккөз: жылдық есептер, Дүниежүзілік Банк; жылдық есептер; Bloomberg
Қарыздық жүктемені әрі қарай ұлғайту бойынша әлеуеттің бар екенін ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға төменде көрсетілген нұсқаларды қарау керек:
Шетелдік валютада тарту
Даму институттарының облигациялық эмиссияларын 2011 – 2016 жылдардағы талдау халықаралық нарықтарда капиталды қарызға тарту іс жүзінде АҚШ долларындағы немесе еуродағы деноминацияны білдіретінін көрсетеді (төмендегі 32-суретті қараңыз).
32-сурет. 2011 – 2016 жылдар кезеңінде даму институттарының облигацияларды шығару көлемі, млрд. АҚШ доллары
Дереккөз: Bloomberg
Бұл ретте, даму институттарының халықаралық практикасы кредиттік портфельде валюталар бойынша міндеттемелер құрылымының көрінісін белгілі бір дәрежеде болжайды, яғни валюталық тәуекел түпкілікті қарыз алушыларға таратылады (төмендегі 33-суретті қараңыз). Осылайша, валюталық тарту түпкілікті қарыз алушының ақша ағынымен ұқсас валютада валюта тәуекелдерін және солармен байланысты қарыз алушының кредиттік тәуекелдерін төмендету мақсатында қамтамасыз етілуі тиіс.
* Есептеу формуласы: (айырбас бағамы 2016 ж. – айырбас бағамы 2006 ж.) /айырбас бағамы 2006 ж.
33-сурет. Валюта бағамы айтарлықтай өзгерген елдердің даму институттарының кредиттік портфель мен міндеттемелерін салыстырмалы талдау.
Дереккөз: даму институттарының қаржылық есептілігі және жылдық есептері
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ капиталдың халықаралық нарықтарында сырттан қарыз тарту кезінде қаржыландырылуы жоспарланған жобалар портфеліндегі экспортқа бағытталған жобалардың үлесін ескереді.
Өзара тиімді шарттарда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) тарту көлемін ұлғайту
Капиталдың халықаралық нарықтарынан валюталық тәуекелдерге байланысты қарыз алуды тарту бойынша шектеулерді ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға жергілікті валютада қарыз алуды тарту әлеуетін неғұрлым егжей-тегжейлі қараған жөн. Жергілікті валютада барынша ірі мемлекеттік емес қарыз беру көздерінің бірі БЖЗҚ болып табылады.
БЖЗҚ жүйесіне түсімдердің жыл сайынғы неттосы (төлемдері есептелген салымдар) шашамен 400 – 550 млрд. теңгені құрайды (төмендегі 34-суретті қараңыз). Түсімдер инвестициялық құралдар бойынша таратылады, олардың 40 % қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ корпоративтік эмитенттердің арасында неғұрлым жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие, бұл тәуекелге деген сыйақыны төмендетеді және бәсекелестік пайыздық мөлшерлеме берілген жағдайда құнды қағаздардың тартымдылығын арттырады.
34-сурет. 2001 – 2016 жылдардағы БЖЗҚ портфелінің өсу серпіні және құрылымы.
Дереккөз: ҚР Ұлттық Банкі; БЖЗҚ
2016 жыл ішінде БЖЗҚ ақшалай ресурстарды жылдық 15 % бойынша орналастыруға (теңге өтімділігінің шектеулігін ескере отырып) тырысқанына қарамастан, БЖЗҚ үшін сыйақының ең аз қолайлы деңгейі соңғы 4 жылдағы БЖЗҚ портфелі бойынша кіріс нормасы номиналдық инфляция деңгейінен төмен болғанын ескере отырып, "номиналдық инфляция плюс спред24 деңгейі" болып табылады. "Номиналдық инфляция + спред" форматында құбылмалы купондық мөлшерлеме тетігін енгізу БЖЗҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ынтымақтастығының өзара тиімді шарттары нұсқаларының бірі ретінде қаралуы тиіс. Бұл нұсқа өзара тиімді болып табылады, себебі БЖЗҚ үшін кірістің ең аз қажетті деңгейінен асады, ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ағымдағы нарыққа қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің номиналды инфляцияның таргеттеу бағамын 2016 – 2018 жылдарға 6 – 8 % және 2019 – 2020 жылдарға 3 – 4 % деңгейінде ұстап тұруын ескере отырып, төмен пайыздық мөлшерлемелерге ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарта алады (төмендегі 35-суретті қараңыз).
________________
24Спред БЖЗҚ үшін белгіленген операциялық шығындарды, тәуекел үшін сыйақыларды ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Халықаралық практикада бұл көрсеткіш басқарудағы активтердің 1,5 % аспайды.
35-сурет. БЖЗҚ инфляциясының тарихи және болжамды серпіні және кіріс нормалары
Дереккөз: ХВҚ; ҚР Ұлттық Банкі
Шетелдік нарықтарға (валюталық) тәуекелдерді ұлғайтусыз тарту әлеуетін қарастыру
Сырттан қарыз алуды тартудың үшінші көздері Қазақстаннан тыс капитал нарықтары бола алады, олар түпкілікті қарыз алушыға жергілікті валютада қаражаттарды беру кезінде валюталық тәуекелдің артуын көздемейді (яғни елдердің валюталық бағамы макроэкономикалық ортадағы өзгерістерге деген арақатынасы бойынша дәйекті). 36-суретте ресей рублі белгіленген сипатқа ие валюталардың бірі ретінде қарастырыла алатыны көрсетілген.
36-сурет. 2014 жылдың басынан бастап валюталық жұп - теңге мен ресей рублінің серпіні.
Дереккөз: ҚР Ұлттық Банкі; РФ Орталық Банкі
Екі елдің де валюталық құбылмалылығының маңызды факторы экономика құрылымының ұқсастықтары (Ресей мен Қазақстан экономикасының құрылымдары ұқсас едәуір деңгейде шикізаттық ресурстардың бағасына байланысты) және Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі (елдер арасындағы капитал және сауда операцияларының қозғалысына шектеудің жоқтығы) болып табылады. Ресейдің қарыз алу нарығына шығу тарту әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қарыз алу портфелінің құрылымында мемлекеттік қаражаттар үлесін төмендету бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде мемлекеттік емес қаражат көздерінің үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 80 %/20 % деңгейге жетуі тиіс (2016 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қарыз алуының жалпы құрылымында мемлекеттік қарыз алу үлесі 40 %-ды құрады).
4.6.2 ЕҰ қызметтерінің портфелін қайта қарау (өлшемшарттар)
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бес бағытында (ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй қолжетімділігін ұлғайту) тиімді жұмыс істеуі үшін ЕҰ қызметі портфелін оңтайландыру және олардың 2023 жылға дейін болашақта одан әрі дамуын айқындау бағытында жұмыс істейтін болады. Бұл ретте, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметтерінің нысаналы портфелін қалыптастыру кезінде мынадай өлшемшарттарға бағдарланатын болады:
Қызметтердің қайталануының болмауы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ішіндегі қызметтердің, сондай-ақ басқа ұйымдардың қызметтерімен қайталануы тиісті ұйымдар арасындағы қызмет нәтижелері үшін жауапкершіліктің бөлуіне қатысты түсініксіздікке әкеледі. Функциялар қайталанатын жағдайларда – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ функцияны ЕҰ-ның бір құзыреті ретінде орталықтандыратын не басқа мемлекеттік органдарда функцияларды орталықтандыру шеңберінде оны орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективада қысқартатын болады.
Даму институты рөлінің сәйкестігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың қаржы операторы болып табылады, бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның функциялары оның рөліне және миссиясына сәйкес келуі тиіс.
"YellowPages" қағидаттарына сәйкес келуі
Мемлекеттің экономикадағы қатысу үлесін қысқарту Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін басым міндеттердің бірі болып табылады. Аталған міндетке сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ жеке секторда жеткілікті көлемде және деңгейде іске асырылатын функцияларды жүзеге асырмауы тиіс.
4.6.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан Директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру
Әлемдік тәжірибеде корпоративтік орталығы жұмысының негізгі төрт моделі бар:
Холдингтік құрам: корпоративтік орталықтың тарапынан тартудың ең аз деңгейімен бизнестің әртүрлі үлгілері бар портфельдік басқару, көбінесе қаржы көрсеткіштерінің мониторингіне жұмылдырылған;
Стратегиялық сәулетші: қызметінің ұқсас бағыттары бар бизнеске арналған басқару құрылымы. Корпоративтік орталық бірыңғай стандарттарды белгілейді және ЕҰ арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, бірақ ЕҰ басшылығына операциялық бақылауды ұсынады;
Стратегиялық бақылаушы: ұқсас операциялық модельдері бар бизнестер үшін басқару құрылымы. Бизнес процестерді кейін бақылай отырып, ЕҰ арасындағы бизнес процестерді стандарттау мақсатында корпоративтік орталықты тарту.
Оператор: ұқсас бизнес модельдерімен басқару құрылымы. Корпоративтік орталық бизнестерді басқаруға белсенді тартылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қолданыстағы құрылымының бірегейлігін ескере отырып, қызметтің бес стратегиялық бағытында корпоративтік орталық жұмысының бірыңғай моделін айқындау оңтайлы шешім болып табылмайды, себебі корпоративтік орталық бес бағыттың әрқайсысында тартудың түрлі деңгейлерін жүзеге асырады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қолданыстағы құрылымы корпоративтік орталықтың басқару функцияларының тек шектеулі жиынтығында құндылықтарды жасауды көздейді, оған мыналар кіреді:
Қазынашылық/қорландыру: осы функцияның орталықтандырылуы қазір жүзеге асырылуда және екі мақсатты көздейді – бар өтімділікті пайдалану тиімділігін арттыру және қарыз қаражаттарын тарту құнын оңтайландыру.
Ағымдағы өтімділікті пайдалану тиімділігін арттыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қажет болғанда, уақытша бос ресурстарды ЕҰ арасында қайта бөлуі тиіс.
Қарыз қаражаттарын тарту құнын оңтайландыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бар кредиттік рейтингке, оның ішінде кредиттік рейтингі жоқ, бірақ қарыздық жүктемесінің ұлғаюына әлеуеті бар ЕҰ үшін неғұрлым арзан қорландыруды тарта алады деп болжануда.
Портфель деңгейінде тәуекелдерді басқару: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ осы функцияны жүзеге асырады және портфель деңгейінде шоғырланған тәуекелдерді басқару кезінде құндылықты, атап айтқанда, валюталық, кредиттік және пайыздық тәуекелдерге қатысты құрады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде шоғырланған тәуекелдерді басқару кредиттік тәуекелдердің әртүрлі ЕҰ-да бір және сол контрагенттерді (немесе салаларды) қаржыландыру/инвестициялау кезінде барлық портфель деңгейінде кредиттік тәуекелдің шоғырлануын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шоғырланған көзқарас "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ-ның активтері мен пассивтерінің арасында валюталық және пайыздық теңгерімсіздікті неғұрлым нақты айқындауға және тиісті тәуекелдерді уақтылы басқаруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қазір осы функцияны ішінара іске асыруда және жалғыз акционердің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимыл жасау функцияларына қосымша ретінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша бір терезе рөлін атқару есебінен одан да көп құндылық жасай алады. Орталықтандыру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның барлық ЕҰ бойынша келіп түсетін сұрау салуларды үйлестірілген түрде өңдеуге мүмкіндік береді.
Басқарудың қалған функциялары едәуір дәрежеде корпоративтік басқарудың күшейтілген жүйесі арқылы ЕҰ-да іске асырылады, бұл ретте:
- ЕҰ Директорлар кеңестері мынадай стратегиялық мәселелер бойынша жауапты болады:
1) корпоративтік орталық (ЕҰ акционері/қатысушысы ретінде) қойған стратегиялық мақсаттардың негізінде стратегиялық даму бағыттарын айқындау және нысаналы ҚТК қою;
2) басқарманың тағайындалуы және оның жұмысын бағалау;
3) бюджетті, инвестициялық жоспарларды және ірі мәмілелерді бекіту.
- ЕҰ басқармалары күнделікті мәселелерге тарту арқылы мыналарға жауапты:
1) негізгі операциялық қызмет (осы құжаттың екінші тарауында белгіленген проблемаларды қоса алғанда);
2) жеке мәмілелер деңгейінде тәуекелдерді басқару;
3) бухгалтерлік есеп;
4) сатып алулар;
5) персоналды әкімшілендіру және өзгелер.
Директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру арқылы
корпоративтік басқару жүйесін күшейту әдістері
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің экономикалық және операциялық тиімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі стратегиялық органдар ретінде ЕҰ Директорлар кеңестерінің жұмысына белсенді жұмылдыру арқылы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Олар арқылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалғыз акционер ретінде ЕҰ басқаруды жүзеге асырады.
ЕҰ жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар маңызды факторлар болып табылады:
Директорлар кеңестерінің құрамы
Әлемдік практикадағы мысалдар Директорлар кеңестерінде директорлардың оңтайлы санын қамтамасыз ету қажет екенін көрсетті – барлық қажетті құзыреттіліктерді қамтамасыз ету үшін олар жеткілікті болуы тиіс, бірақ жұмыстың жоғары икемділігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін тым көп болмауы тиіс. Орташа есеппен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның Директорлар кеңестері 6 мүшеден (төмендегі 37-суретті қараңыз) тұрады.
37-сурет. 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ Директорлар кеңестерінің құрылымы
Даму институттарының халықаралық практикасында тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан кемінде 30%-ын құрайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында осындай талап бекітілген (<50 %). Дегенмен үздік халықаралық практикаларды ескере отырып әзірленген Корпоративтік басқару ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №41/14 шешімі) диагностикасының әдістемесіне сәйкес тәуелсіз директорлардың басым саны (>50 %) тәуелсіз және объективті шешім қабылдау мүмкіндігін береді деп саналады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ Директорлар кеңестерінде үздік практикаға сәйкес тәуелсіз директорлардың үлесін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылады.
Бұл ретте, директорлардың тәуелсіздігі қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Директорлар кеңесінің тиімді жұмысының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның Директорлар кеңестерінде жалғыз акционермен байланысты, мемлекеттік құрылымдарда жақындағы немесе байырғы тәжірибесі бар тәуелсіз директорлардың көптеген санының болуы байқалуда. Бұл Директорлар кеңестері мүшелерінің әділ пайымдауын шектеу мүмкін. Тарихи тұрғыда мемлекет экономикаға қатысудың жоғары үлесіне ие болатынын ескере отырып, Директорлар кеңестеріне деген көптеген әлеуетті жергілікті кандидаттар мемлекеттік органдармен байланыста болады, сондықтан (шетелдік) тәуелсіз директорларды жұмылдыру тәжірибесін кеңейту қажет.
Директорлар кеңестері мүшелерінің құзыреттіліктер жиынының толықтығы
Директорлар кеңестерінің тиімді жұмысы үшін оларда тиісті ЕҰ үшін барлық қажетті маңызды құзыреттіліктердің болуын қамтамасыз ету қажет. Директорлар кеңестерінің мүшелерінде мынадай сындарлы маңызды салаларда/мәселелерде тәжірибесі мен дағдылары болуға тиіс:
1) Директорлар кеңесінің акционермен және ЕҰ басшыларымен өзара іс-қимыл жасауын қоса алғанда, корпоративтік басқару;
2) салалық білімдер;
3) саяси және экономикалық пайым;
4) ұйымның операциялық қызметі;
5) дамудың стратегиялық нұсқалары және олармен байланысты тәуекелдер;
6) ұйымның мықты және әлсіз жақтары.
2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша кейбір ЕҰ Директорлар кеңестерінде қажетті құзыреттіліктердің толық жиыны жоқ.
38-сурет. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қандай да бір ЕҰ-ға әрекеттегі Директорлар кеңесінің қазіргі мүшелерінің құзыреттілігінің талдауы үлгісінде құрылған құзыреттілік матрицасының мысалы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ барлық ЕҰ үшін қажетті құзыреттіліктерін талдау, жетіспейтін құзыреттіліктерді айқындау және ЕҰ Директорлар кеңестерінің жаңартылған құрамдарында олардың болуын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі Директорлар кеңестерінің құрамын қарау бойынша жұмыс жүргізеді (мысал үшін 38-суретті қараңыз).
Директорлар кеңестері отырыстарының форматы мен тұрақтылығы
ЕҰ Директорлар кеңестері отырыстарының оңтайлы санын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ анықтайды. Еуропалық ұйымдарда Директорлар кеңестерінің тұрақты отырыстарының орташа саны жылына 9-10 ретті, ал Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 86 бұйрығымен бекітілген мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 465 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) сәйкес жылына 6-12 отырысты құрайды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес ЕҰ Директорлар кеңестерінің отырыстары жылына кемінде 6 рет өткізілуге тиіс.
Осыған байланысты, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігін күшейту және отырыстың күн тәртібін басқару тұрғысынан үздік әлемдік практикаларды енгізу бойынша, сондай-ақ Директорлар кеңесінің қарауына берілетін материалдардың оңтайлы көлемі бойынша жұмысты жалғастырады.
Директорлар кеңестері қызметінің объективті бағасы
ЕҰ Директорлар кеңестерінің қызметіне бағалау жүргізу рәсімі де басқа елдердің даму институттарының практикасына сәйкес жақсартуды талап етеді. Директорлардың жеке қызметін бағалаудың қазіргі нысаны тым формалды және директор қызметінің дағдылары мен сапасының объективті бағасына ықпал етпейді. Бағалау нысандарын құзыреттіліктер, талқылауларға тарту дәрежесі, сондай-ақ директорлардың жеке қызметі туралы мәселелермен толықтыру ұсынылады. Бағалау нысандарын толтыру және жинау кезеңі сондай-ақ пысықтауды талап етеді – директорлар нысандарды жасырын толтыруы тиіс. Неғұрлым айқын бағалау үшін бағалау парақтарын жинау және талдау үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыны тарту ұсынылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшы әр директордың қызметі бойынша жеке есептерді дайындауы және оларды құпиялы түрде таратуы тиіс. Осы есеп берулерді директорлар тікелей Директорлар кеңестерінің төрағаларымен жеке тәртіпте талқылауы тиіс. Сонымен қатар сыртқы тәуелсіз сарапшы Директорлар кеңесінің қызметін бағалау бойынша жалпы есепті дайындайды, есеп ЕҰ Директорлар кеңесінің жабық отырысында талқыланады. Директорлар кеңестерінің бағалауын жүргізу кезеңдеріндегі өзгерістер әлемдік практикаға сәйкес олардың қызметінің тиімділігін едәуір жақсартуы мүмкін.
Директорлар кеңестері қызметінің жоғарыда көрсетілген қағидаттарын сақтау үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ-да аға тәуелсіз директордың практикасын енгізу қажеттігін қарастырады, оның қызметіне тәуелсіз директорларға басшылық жасауды қамтамасыз ету, басқарма төрағасы мен ЕҰ Директорлар кеңесі төрағасының қолдауын және консультация беруді қамтамасыз ету кіреді.
Корпоративтік басқару жүйесінің жоғарыда жазылған өзгерістері Директорлар кеңесі мен ЕҰ басқармасының рөлі мен жауапкершілігін күшейте түседі, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ мүліктік мүдделерін қаржылық институттарды, оның ішінде жетекші шетелдік кредиттік ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және басқарушы компанияның қылмыстық араласулардан, компьютерлік қылмыстардан және цифрлық деректерді жоғалту тәуекелінен, көрсетілген қызметтердің жеткіліксіздігі салдарынан зиянын тигізгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелдерін (қателіктер және байқаусызда жіберілген олқылықтар) сақтандыру практикасынан өткен қорғаудың кешендік сақтандыру ұйымдарының қазіргі заманғы халықаралық стандарттарына жауап беретін сақтандыру жүйесін (сақтандырушы қорғаныстың саясатын) әзірлеу және енгізу қажет. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ мүліктік мүдделерінің бір бөлігін олардың контрагенттерінің жүктеген сақтандыруы бойынша ұсынымдар мен талаптар әзірлеу.
Қаржылық даму институттарының қылмыстық араласулардан, компьютерлік қауіптерден және қызметтің сапасыз болуы салдарынан (қателіктер және олқылықтар) келген зиян үшін жауапкершіліктен кешенді сақтандыруды сәтті енгізгендерге мыналар мысал бола алады: EBRD, The World Bank, Asian Development Bank, Crown Agents (Ұлыбритания).
4.6.4 Жаңа құзыреттерді және жұмыстың ұйымдастырылу әдістерін құру
Талдау орталығы
Қазіргі уақытта "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ экономиканы қолдау және дамытудың бекітілген бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа мемлекеттік органдарының шешімдері мен тапсырмалары шеңберінде мемлекет белгілеген басымдылықтарды басшылыққа алады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ жинақталған тәжірибесі, жинақталған институционалдық жадысы басымдылықтарды айқындауда пайдаланылуы мүмкін.
Жинақталған тәжірибесінің арқасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ клиенттер қажеттіліктерін терең, атап айтқанда, қызметтің ірі бизнесте кәсіпкерлікті қолдау, ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті арттыру, сондай-ақ трансферт және инновацияларды енгізу сияқты маңызды бес стратегиялық бағытындағы институционалдық жадының негізінде ұғынуда. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның клиенттермен – қызметтерді алушылармен тікелей байланысы бар проблемалар мен қиындықтарға, ағымдағы және келешектегі қажеттіліктерге, сондай-ақ қажетті құралдар және даму институттары тарапынан қолдау көлемдеріне қатысты өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ осы ақпаратқа қолжетімділікті тиімді қолдану және оны талдау орталығында орталықтандырылған түрде өңдеуі мүмкін. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қорландырудың мемлекеттік емес дереккөздерін тарту шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу жолдарын дербес айқындай алады (жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру, шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту, тұрғын үй қолжетімділігін ұлғайту).
Дамудың өзекті мәселелері бойынша шешімдерді қабылдаудың серпінді процесі оң тәжірибені зерделеуге және жалпылауға негізделген жүйелік білімдерді талап етеді. Талдау орталығы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ-ның қызметіне сараптамалық қолдаумен қатар, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуі мүмкін.
Талдау орталығының негізгі міндеттері мыналар болуы мүмкін:
1) дамудың мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалары, сондай-ақ макроэкономикалық және салалық деректердің кеңейтілген талдауы негізінде экономиканың дамуын қолдаудағы басымдылықтарды айқындау;
2) ЕҰ жобаларының "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басымдылықтарына сәйкестігінің верификациясы және олардың макроэкономика деңгейіндегі негізделуі;
3) клиенттер деректерінің бірыңғай базасының негізінде клиенттерді кешенді қолдау арқылы синергияны айқындау (CRM);
4) салыстырылатын даму институттарымен салыстырмалы талдауды қоса алғанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметінің нәтижелілігін талдау.
Талдау орталығының жұмысы нәтижелерінің мысалдары тиісінше мынадай болу мүмкін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметіне экономиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша ұсыныстар;
2) қолдаудың перспективалық бағыттары бойынша әлеуетті инвесторлармен коммуникация;
3) әртүрлі ЕҰ құралдарының кросс-сатуымен клиенттердің кешенді қолдауын құрылымдау нұсқалары;
4) ЕҰ нақты жобаларының "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басымдылықтарына сәйкес келуін растау және Қазақстан Республикасы экономикасының түпмәтінде олардың орындылығын бағалау;
5) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ-ның ҚТК бойынша және олардың оңтайлы нысаналы мәндері бойынша ұсынымдар.
"Бір терезе" қағидаты бойынша клиенттерді кешендік қолдау
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ клиентке бағдарланған тәсілді дамыту шеңберіндегі қадамдардың бірі ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымы және кешендік шешімдерді ұсыну арқылы клиенттермен жұмыс деңгейін ұлғайту мақсатында "бір терезе" (one-stop-shop) қағидатын енгізуді жоспарлайды.
"Бір терезе" қағидаты талдау орталығы базасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде кешенді қолдаудың қалыптастырылуын көздейді. Бұл ретте тікелей іске асыру және кешенді қолдау құралдарын ұсыну қосымша адами ресурстарды тартусыз процесті әкімшілендіру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тарапынан шектеулі тартумен ЕҰ деңгейінде жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлікті кешенді қолдауды іске асыру
Кешенді қолдауға төменде келтірілген мысал үлгі болу мүмкін:
1) жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаны құрылымдау – KPPF;
2) қарыздық және жобалық қаржыландыру, лизинг – ҚДБ;
3) үлестік қаржыландыру – ҚКМ;
4) экспорттық келісімшарттарды сақтандыру – ҚазақЭкспорт.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға жұмыстың осы қағидатын іске асыру мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде ЕҰ-ға келіп түсетін барлық клиенттік өтінімдерді қадағалауға және клиенттердің сұраныстарына ықпал етуге мүмкіндік беретін тиімді CRM-жүйе талап етіледі. Осы жүйені 2017 жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда.
Жобалық кеңсе форматында көлденең, икемді ұйымдастыру
Икемді ұйымдастыру құрылымы – бұл көптеген алдыңғы қатарлы ұйымдарда қолданылатын бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы әдісі. "Икемді құрылым" термині (ағылш. Agile) "әзірлеудің икемді әдіснамасы" бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ақпараттық технологиялар терминінен туындаған. Бұл командалық өзара іс-қимыл жасау, жылдамдық, тапсырыс берушілермен байланыс жасауда формализмнің жоқтығы және іс-қимылдардың бастапқы жоспарын өзгерту икемділігі қағидаттарында құрылатын тәсілдер жиыны. Белгіленген мерзімдерде алынған жұмысқа қабілетті өнім нәтижеліктің басты өлшемшарты болып табылады. Бұл құрылымды құрудың негізгі қағидаттары:
Көлденең, икемді ұйымдастыру құрылымы: көлденең, икемді ұйымдастыру құрылымы тік құрылымға қарағанда иерархия деңгейлерінің аз санын білдіреді. Осы тәсіл ұйым қызметінің қарқындылығын арттырады, шығындарды төмендетеді, тиімділікті арттырады және шешімдерді қабылдау уақытын үнемдейді. Қандай да бір міндетті орындау үшін барлық қажетті дағдыларына, құралдарына және өкілеттіктеріне ие кросс-функционалдық команда негізгі жұмыс бірлігіне айналады. Ұйымның функционалдық басшылары бір мезгілде бірнеше командалардың нәтижелеріне жауап беруі мүмкін.
Міндетті шешуге бағытталған қысқа мерзімді тапсырмалар: жұмыс процесі 2-3 аптадан аспайтын қысқа циклдерге бөлінеді. Әр айналым аяқталған соң аралық қорытындылар шығарылады, командалар сол қарқында одан әрі жұмысқа ынталанады. Жұмыс процесі тұрақты кері байланысқа негізделеді. Жұмыстың осы әдісі команда шешімді дайындаған, бірақ оны дайындаудың ұзақ кезеңі нәтижесінде ол өзінің өзектілігін жоғалтатындай жағдайдың туындауы мүмкін.
Бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастыру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тобын қажетті біліктіліктері мен талап етілетін уәждемесі бар қажетті адами ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастыру және енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді. Кадрлық саясаттың міндеті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның дамуына және тиімділігінің артуына құнды үлес қосуға қабілетті кәсіпқойларды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниясының тобына тарту және ұстап қалу, сондай-ақ адами ресурстарға инвестицияларды барынша беру болып табылады.
Осыдан келе, бірыңғай кадрлық саясат мынадай бағыттар бойынша дамитын болады:
1) еңбек ресурстарын тиімді жоспарлау айқындылығын қамтамасыз ететін персоналдарды іріктеудің ашық конкурстық саясатын қолдану, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниясы тобының ішіндегі кәсіпқой кадрлардың одан әрі дамуы және ілгерілеуі үшін үздік қызметкерлер қатарынан ықпалдасқан кадрлық резервті құру, талдау жүргізуді, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниясы тобының ұйымдық құрылымын қолайлы ету және оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады;
2) енгізілген грейдтер жүйесі негізінде және нарықтағы және салыстырушы саладағы еңбекақыларға тұрақты шолуды ескере отырып, еңбегі үшін әділ және бәсекеге қабілетті сыйақыны қамтамасыз ету, уәждемелі зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге ден қою және т.б.;
3) қызметті ҚТК персоналды аттестаттау және уәждемелік шараларды қолдану әдісімен әділ және жүйелендірілген бағалау арқылы қызметкерлердің еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру;
4) адам капиталын тиімді басқаруды персоналды тұрақты оқыту және дамыту жүйесі, еңбек процестерінде қазіргі заманғы технологияларды және ақпаратты басқару жүйелерін, оның ішінде білімді басқару процесін автоматтандыруды енгізу мен қолдануды қамтамасыз етеді;
5) қызметкерлердің тиімді коммуникация мен өзара іс-қимылдары қызметкерлерді тұрақты ақпараттандырудың ішкі корпоративтік ақпарат көздерін және коммуникация арналарын, оның ішінде ішкі портал (интранет) жұмысы арқылы ұйымдастыру, қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын тұрақты зерттеу, жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру, қызметкерлер өкілдерінің және жұмыс орындарындағы әлеуметтік әріптестік органдарының институттарын дамыту жолымен қамтамасыз етіледі.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ қызметінде айқындылықты арттыру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ атынан даму институттары қызметінің жоғары экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ нысаналы аудиторияларды өз қызметі туралы белсенді ақпараттандыруға тырысатын болады. Бұл азаматтар мен іскерлік қоғамдастықты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ іске асыратын бағдарламаларға тартуға, сондай-ақ оның іскерлік беделін мақсатты түрде нығайтуға мүмкіндік береді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ осы міндетті іске асыру шеңберінде жұртшылықпен байланыс және бірыңғай коммуникациялық стратегия негізіндегі жарнама бойынша арнайы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне квазимемлекеттік сектордың субъектісі ретінде назар аударудың жоғары деңгейін ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ сыртқы аудиториялардың (сатып алу, жұмысқа қабылдау, қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарын ұсыну) едәуір назарын тартатын жеке ішкі рәсімдерді іске асыру бөлігінде қабылданатын шешімдер айқындылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Осы міндетті орындау үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және коммуникациялардың дәстүрлі құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлануда.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ салыстырылатын даму институттарымен ұқсастық бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржылық жағдай, дивидендтік саясат және кредиттік тарих, сондай-ақ ЕҰ дамуының перспективалары туралы өзекті ақпаратты ашуға тырысатын болады, бұл "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ мәртебесін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қызметтің айқындылығын арттыру тұрғындардың сенімділік деңгейін арттыру үшін қажет.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне нысаналы аудиториялардың сенімділігін арттырудың маңызды факторы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ көрсететін қызметтердің сапасымен клиенттердің қанағаттандырылу деңгейін дәйекті күшейту. Бұл үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ клиентке бейімделу деңгейін бағалауды жүргізетін және осы көрсеткішті мақсатты түрде жақсартатын болады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне сенімділік деңгейін арттыру оның қызметінің тиімділігінде оң нәтиже береді, өйткені айқындылықтың жеткіліксіз деңгейі сыртқы қорландыруды тартуға және оның құнына ықпал етеді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ ішкі және сыртқы мүдделі тұлғалар үшін айқындылықтың жаңа деңгейіне бірнеше бағыт кіретін болады:
1) инвестициялық және стратегиялық шешімдерді қабылдауға тәсілдердің проактивті коммуникациясы;
2) клиенттерді құралдар және ЕҰ жұмысының қағидаттары туралы жан-жақты ақпараттандыру;
3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің елдің ЖІӨ-ге, жұмыс орындарын құруға ықпал етуі туралы ақпаратты ашуды қоса алғанда, қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпараттандыру;
4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және ішкі мүдделі тараптар арасында диалогты кеңейту бойынша іс-қимылдардың мысалдары:
- бағдарламаларды іске асыру барысын талқылау, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Қазақстан Республикасының Парламенті және жұртшылық арасында пікірлермен алмасу үшін жұртшылықпен тұрақты кездесулерді (дөңгелек үстелдер, брифингтер, ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру) ұйымдастыру;
- клиенттерге жұмыстың жаңа құралдары мен қағидаттары туралы ақпаратты жеткізу;
- кері байланыс жасау.
5. 2023 жылға дейін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 2014 жылы Стратегиясы бекітілген кезден бастап өз қызметінің тиімділігін талдау үшін тұрақты негізде 28 ҚТК бойынша алға қойылған мақсаттардың қол жеткізілуіне мониторинг пен талдау жүргізді, олар мынадай алты бағыт бойынша топтастырылды:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы;
2) экономиканың басым секторларына қаржылық қолдау арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуына ықпал ету;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;
4) экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту;
5) қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау;
6) мемлекеттің әлеуметтік-бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу.
28 ҚТК тұратын жиын мынадай себептерден оңтайлы болған жоқ:
1) ҚТК саны: ҚТК термині қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін түйінді болып табылатын метрикалардың тек шектеулі санын білдіретін, "қызметтің түйінді көрсеткіші" ретінде түсіндіріледі. Стратегиялық ҚТК санының көптегені ұйымға негізгі қызметке және тек маңызды параметрлерге ғана толыққанды шоғырлануға мүмкіндік бермейді. Бұл көп жағдайда жалпы стратегияны іске асыру үшін жекелеген ҚТК салмағы соншалықты маңызды болмайтындығынан қалыптасады.
Сонымен бірге, олардың жалпы санында көптеген ҚТК қол жеткізілмегенде, белгілі дәрежеде жауапкершіліктің сейілуі орын алады, өйткені жеке ҚТК-ның орындалуына жауапты (жауапты адамдар, департаменттер, еншілес ұйымдар) тек "орындалмаудың" аз бөлігі үшін ғана жауапты болады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның 28 ҚТК жағдайында – олардың бірін орындамау жалпы мақсаттан бар жоғы 3,6% жетпеуіне әкеледі.
Ірі және кешенді ұйымдар үшін атқарылуы ұйымның тиімділігі үшін өте маңызды болатын ең басты басымдылықтарды белгілеу үшін көп жағдайда 5-10 ҚТК асырылмай белгіленеді. Өзге көрсеткіштер тиімділіктің жалпы бағасы үшін емес, ішкі операциялық және басқарушылық бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Осылайша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ҚТК жиынына тандаулы, стратегиялық маңызды метрикалар шектеулі көлемде кіруі тиіс, олардың біреуінің орындалмауы, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне сыни әсер ететін болады.
2) ҚТК каскадтау: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында қандай да бір жеке алынған ЕҰ қызметіне ғана қатысты көрсеткіштер болды. Мысалы:
1) жобалардың даму әсерінің индексі – ҚДБ;
2) инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетілген МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны – KPPF;
3) мемлекеттік қаржының (акционерлік капиталға) бірлігіне Қазақстан Республикасында тартылған тікелей жеке инвестициялардың үлесі – KCM;
4) бизнес ашқан оқыту бағдарламаларына қатысушылар үлесі, % – Даму;
5) технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындар саны – ТҰДА
6) шикізаттық емес экспорттың орнын толтыру үлесі, % – ҚазақЭкспорт;
7) консультациялық қызметтер көрсетілген экспорттық-бағдарланған кәсіпорындар үлесі, % – ҚазақЭкспорт;
8) экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесіне қатысушылар үлесі, % – ҚТҚЖБ;
9) іске қосылатын жалға берілетін тұрғын үй көлемі, мың м2 – ҚИК
10) әріптес-ЕДБ ипотекалық қарыздарды талап ету құқықтарын иелену көлемі, млрд. теңге – ҚИК;
11) "КТҚҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыздар үлесі, % – ТҚКҚ.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның осы ҚТК орындалуына ықпалы тек мониторингке және жауапты ЕҰ қызметін әкімшілендіруге ғана келіп саятындықтан, бұл метрикалар жеке ЕҰ деңгейінде көрсетілуге тиіс. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде барлық немесе көптеген ЕҰ қызметіне байланысты ҚТК белгіленуге тиіс, бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ әр ЕҰ ерекшелігін ескеріп, осындай ҚТК каскадтауды ЕҰ деңгейіне жүзеге асырып, олардың портфельдік деңгейде жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін корпоративтік басқару жүйесі арқылы ЕҰ-де орындалуын қамтамасыз ете алады.
3) ҚТК-ның тиімділікке және сапаға бағытталуы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында тиісінше қолдаудың немесе қызметтің нәтижелерін өлшеуге емес, қандай да бір қолдау құралының санын, үлесін, көлемін өлшеуге ғана бағытталған көрсеткіштер болды. Тиімділік және тиімділік сапасының көрсеткіштерімен байланыстырылмаса, көлемді бағалау "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің тиімділігін ұғынуға жол бермейді және салымды толық көлемде көрсетпейді. Мысалы:
1) инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттың жинақталған көлемі, млрд. теңге;
2) инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетілген МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны;
3) қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемі, млрд. теңге;
4) бюджеттен тыс көздерден ШОКС қаржыландыруға жұмылдырылған қаражат үлесі, %;
5) бизнес ашқан оқыту бағдарламаларына қатысушылар үлесі, %;
6) қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалар шығарған өнімнің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге;
7) технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындар саны;
8) шикізаттық емес экспорттың орнын толтыру үлесі, %;
9) консультативтік қызметтер көрсетілген экспорттық-бағдарланған кәсіпорындар үлесі, %;
10) экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесіне қатысушылар үлесі, %;
11) тұрғын үй құрылысына және сатып алуға кредит беру нарығында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қатысу үлесі;
12) іске қосылатын жалға берілетін тұрғын үй көлемі, мың м2;
13) әріптес-ЕДБ ипотекалық қарыздарды талап ету құқықтарын иелену көлемі, млрд. теңге;
14) "КТҚҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыздар үлесі, %.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ деңгейінде көрсетілетін қолдаудың көлеміне де тиісті қолдаудың тиімділігі мен сапасына да тең бейімделген ҚТК белгілеу керек.
4) ҚТК орындалуына ықпал ету дәрежесі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында олардың орындалуы үшін тек "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ ғана жауапты болмайтын көрсеткіштер болды. Жекелеген мемлекеттік және үкіметтік емес бағдарламалардың көрсеткіштері осындай ҚТК мысал бола алады, олар бойынша жауапкершілік анық емес және нақты шекарасы көрсетілмей бөлінген, мысалы, бағдарламада бірнеше жауапты ұйым немесе нысаналы көрсеткіштерге жету процесіне тікелей немесе жанама жұмылдырылған бірнеше ұйым көрсетілген:
1) мемлекеттік қаржының (акционерлік капиталға) бірлігіне Қазақстан Республикасында тартылған тікелей жеке инвестициялардың үлесі;
2) қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалар шығарған өнімнің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге;
3) технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындар саны.
Тағы бір мысал, орындалуына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тікелей және айрықша ықпал ете алмайтын және орындалуы немесе орындау параметрлерінің бірі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға толық немесе ішінара байланысты емес ҚТК бола алады:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кредиттік рейтингісі;
2) ЖІӨ-ге активтердің көлемі, %;
3) шартты орналастыру бағдарламасы бойынша берілген кредиттер бойынша ЕДБ тарапынан ШОКС қоса қаржыландыру мультипликаторы;
4) экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарға қатысты тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесіне қатысушылар үлесі, %;
5) тұрғын үй құрылысына және сатып алуға кредит беру нарығына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қатысу үлесі;
6) "КТҚҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ портфеліндегі ипотекалық қарыздар үлесі, %.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде орындалуы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ толығымен немесе барынша жоғары дәрежеде байланысты ҚТК белгіленуі тиіс.
5) ҚТК өлшемділігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында деректердің сыртқы дереккөздерінде (яғни "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ ішкі көрсеткіштеріне ғана сүйенуге болады және оларды өзге дереккөздер бойынша қайта тексеру мүмкін емес) ақпараттың толығымен немесе ішінара жоқ болуынан және/немесе есептеу әдіснамасының күрделігіне байланысты әкімшілендіруді, мониторинг пен аудитті жүзеге асыру қиынға соғатын көрсеткіштер болды. Мысалы:
1) жобалардың даму әсерінің индексі (ҚДБ бойынша);
2) инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттың жинақталған көлемі, млрд. теңге;
3) инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетілген МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны;
4) мемлекеттік қаражаттың (акционерлік капиталға) бірлігіне Қазақстан Республикасында шоғырландырылған тікелей жеке инвестициялардың үлесі;
5) шартты орналастыру бағдарламасы бойынша берілген кредиттер бойынша ЕДБ тарапынан ШОКС қоса қаржыландыру мультипликаторы;
6) бизнес ашқан оқыту бағдарламаларына қатысушылар үлесі, %;
7) қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалар шығарған өнімнің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге;
8) жобалардың жалпы көлемінде коммерцияланған жобалар үлесі, %;
9) технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындар саны;
10) консультациялық қызметтер көрсетілген экспорттық-бағдарланған кәсіпорындар үлесі, %.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ деңгейінде ішкі әкімшілендіруді және мониторингті, сондай-ақ деректердің сыртқы дереккөздері бойынша аудитті жүзеге асыру ыңғайлы болатын ҚТК белгіленуі тиіс.
6) ҚТК нысаналы мәндері
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында жеткілікті амбициялық емес нысаналы мәндер (оның ішінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өткен кезеңдерде қол жеткізген) белгіленген көрсеткіштер болды. Мысалы:
1) ROE, %;
2) ROA, %;
3) несиелік портфель сапасы (несиелік портфельге провизиялар деңгейі), %.
Сонымен, 2013 жылы ROE және ROA бойынша нақты көрсеткіштер кейінгі жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерден артық болды. Сондай-ақ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ жылына екі рет ҚТК нысаналы мәндерін қайта қарау тәжірибесі үздік тәжірибе болып табылмайды, себебі нысаналы мәндерге қол жеткізуге ынталандыруға емес, оларға қол жеткізудің және қайта қараудың мүмкін еместігін үнемі түсіндіруге бағдарлануы мүмкін.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ деңгейінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің тарихи көрсеткіштерімен қатар, салыстырылатын институттардағы үздік әлемдік тәжірибеге қатысты ЕҰ бенчмаркинг нәтижелері бойынша да ҚТК нысаналы мәндерін белгілеу қажет.
Стратегияны өзектендіру шеңберінде 2017 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде ҚТК және нысаналы мәндердің мынадай тізбесі қабылданды:
Р/с№ | Қызметтің түйінді көрсеткіші | Өлшем бірлігі | Негіздеме | Есептеу әдіснамасы | 2023 жылға арналған нысаналы мәні | Деректер көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның шоғырландырылған ҚТК | ||||||
1. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфель үлесі | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерінің қазынашылық портфельге орналаспай, экономиканы дамыту үшін жұмыс жасалғаны маңызды | ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялар тобы бойынша кредиттік портфель (нетт) + инвестициялық портфель) / Есепті кезең соңындағы активтердің жиыны (шоғырландырылған) | 77 |
Даму жоспары/Есепті жылға даму жоспарын орындау бойынша есеп, |
2. | Есепті жылға қарыз алудың жалпы құрылымында мемлекеттік емес көздерден қарыз алу үлесі | % | Даму институты теңгерімінің көбіне мемлекеттік емес көздерден қарыз алып өсуі маңызды (ішкі және сыртқы капитал нарықтарынан) | Есепті жылы мемлекеттік емес қарыз алудың номиналды құны / Есепті жылы жалпы қарыз алудың номиналды құны | 80 |
Басқарушылық |
3. | ROA((шоғырландырылған) ең аз оң мәннен төмен емес) | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, құнды белгілеуі маңызды. Бұл ретте параметр, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ны тәуекелдерді (NPL үлесі, валюталық тәуекелдер) және операциялық шығындарды басқаруға ынталандырады | Таза табыс (бір жылғы табыс (шоғырландырылған))/ Өткен кезеңнің соңы (шоғырландырылған) мен ағымдағы кезеңнің соңындағы активтердің көлемдері арасындағы орташа мәні | 1,0 | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі |
4. | Кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерінің квазимемлекеттік секторға мүлдем инвестицияланбағаны не тиісті кәсіпорында не жобада кем дегенде 50% жеке инвестициялар үлесі болғанда инвестицияланғаны маңызды | Жекеменшік секторға берілген кредиттердің сомасы / "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялар тобы бойынша кредиттік портфель (нетт) | 80 | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аудиттелген шоғырландырылған кредиттік қызметті жүзеге асыратын ЕҰ деректері |
1-міндет. Экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту; | ||||||
1-стратегиялық қызмет бағыты. Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау | ||||||
2-стратегиялық қызмет бағыты. Шағын және орта бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау | ||||||
5. | Жаңа жобалардың және еңбек өнімділігін арттыру мен өткізу нарықтарын кеңейтуді ескере отырып қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейту бойынша жобалардың саны | бірл. | "Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ және өзінің бағдарламаларын іске асыруға үшін | Кредит беру, үлестік қаржыландыру, ЕДБ мөлшерлемелерін субсидиялау, ЕДБ-ге қаражатты шартты орналастыру, гранттар беру, сауықтыру, жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсету түріндегі қолдауларға ие болған және қаржыландыруды құрылымдау жобалар саны (2014 – 2023 жылдар бойынша) | 55 600 | ҚДБ, Даму, ҚазақЭкспорт, ҚКМ, ТДҰА, ҚИК, KPPF деректері |
6. | Қолдауға ие болған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдердің көлемі | млрд. теңге | "Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ және өзінің бағдарламаларын іске асыру үшін | Кредит беру, үлестік қаржыландыру, ЕДБ мөлшерлемелерін субсидиялау, ЕДБ-ге қаражатты шартты орналастыру, гранттар беру, сауықтыру, жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсету түріндегі қолдауларға ие болған кәсіпорындардың өндірісі көлемінің сомасы (2014 – 2023 жылдары бойынша) | 42 700 | ҚДБ, Даму, ҚазақЭкспорт, ҚКМ, ТДҰА, ҚИК деректері |
7. | Шетелдік инвестицияларды тарту | ара қатынас | Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша тапсырмаларды іске асыру |
Тікелей инвестициялар қоры (бұдан әрі – ТИҚ) деректеріндегі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ инвестицияларының үлесіндегі**шетелдік қатысуы бар ТИҚ инвестицияларының жалпы көлемі* | 2:1 | ҚКМ деректері |
3-міндет. Экономиканың урбандалуын қолдау | ||||||
3-стратегиялық қызмет бағыты. Тұрғын үйге қолжетімділікті ұлғайту | ||||||
8. | Қолдау құралдары ұсынылған тұрғын үй көлемі | мың ш.м | Тұрғын үйдің экономикалық қолжетімді ш.м. жеткілікті санын қамтамасыз етуге арналған "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру | Құрылысшылардың субсидиялық кредиттері есебінен тұрғын үйді, кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйді енгізу көлемі (2015 – 2018 жылдар бойынша) |
2019 жылға дейін 2 851 |
ҰЭМ, ЖАО, ҚИК, БД Даму деректері |
9. | Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқына тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі қатысушылар үлесі | % | Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқының көп бөлігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін | Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы қолданыстағы келісімшарттардың және қолданыстағы тұрғын үй қарыздарының саны / экономикалық белсенді халық саны | 17 | ҚТҚЖБ деректері |
10. | Коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің салымдарын кепілдендіру | % | Жеке құрылысшылардың коммерциялық тұрғын үй салуын қолдау және үлескерлер құқығын қорғау үшін тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетігі ретінде "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру. | Коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің кепілдендірілген салымдарының көлемі / Қазақстан Республикасының коммерциялық тұрғын үй үлескерлері салымдарының жалпы көлемі | 50 | КТҚК деректері |
4-міндет. Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау | ||||||
4-стратегиялық қызмет бағыты. Экспорттық әлеуетті ұлғайту | ||||||
11. | Экспорттық және экспорттау алдындағы қаржыландыру шеңберінде қолдауға ие болған кәсіпорындардың экспорттық табыстарының көлемі | млрд. теңге | "Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ іске асыру үшін | Экспорттық және экспорттау алдындағы қаржыландыру шеңберінде қолдауға ие болған кәсіпорындардың экспорттық табыстары көлемінің сомасы (2014 – 2023 жылдар бойынша) | 1 054 | ҚДБ, ҚДБ-лизинг, ҚазақЭкспорт деректері |
5-міндет. Инновацияларды дамыту | ||||||
5-стратегиялық қызмет бағыты. Трансферт және инновацияларды енгізу | ||||||
12. | Өндіріске енгізілген технологиялардың және салалардың технологиялық міндеттерін шешуге және технологияларды коммерцияландыруға бағытталған жобалардың саны | бірл. | ИИДМБ іске асыру үшін |
Гранттың үш түрі бойынша қолдауға ие болған жобалар саны: кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған; салаларды технологиялық дамытуға арналған; технологияларды коммерциялауға арналған | 81 | ТДҰА деректері |
Ескертпе: Стратегия мәтінінде пайдаланылған аббревиатуралардың толық жазылуы
БД – "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
ҚДБ – "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы
ҚДБ-Лизинг – "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы
ДЭФ – Дүниежүзілік экономикалық форум
Даму – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ЕҰ – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдары
БЖЗҚ – "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
ҚТҚЖБ – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы
ҚИҚ – "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы
ҚИК – "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы
ҚКМ – "Қазына капитал менеджмент" акционерлік қоғамы
ҚазақЭкспорт – "KazakhExport" экспорттық сақтандыру кәсіпорны" акционерлік қоғамы
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ШОБ– шағын және орта бизнес
ТДҰА – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы
ӘЭДБ – әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
КТҚҚ – "Кепілденген тұрғын үй құрылысының қоры" акционерлік қоғамы
KPPF – "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына қосымша |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының тізімі
1. "Қазақстанның даму банкі" АҚ
2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
3. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
4. "Қазына капитал менеджмент" АҚ
5. "Бәйтерек девелопмент" АҚ
6. "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" АҚ
7. "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ
8. "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ
9. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру кәсіпорны" АҚ
10. "Кепілденген тұрғын үй құрылысының қоры" АҚ
11. "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС