Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 379 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына қосымша |
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с № | Мемлекеттік орган | Лицензияланатын қызмет түрі | Лицензияланатын кіші қызмет түрі | Лицензиар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті |
Білім беру қызметі | Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары | ||||
Діни білім беру бағдарламалары | ||||
2. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті | Білім беру қызметі | Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері |
Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары | ||||
Негізгі орта білімнің | ||||
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары | ||||
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары |